Ер
Футбол • 11 Ақпан, 2026
«Атырау» футбол клубы алдағы ойындарын Түркістанда өткізеді
Атырауда екі стадион бар. Оның бірі – «Мұнайшы» стадионында күрделі жөндеу жүргізіледі. Ал «Судремонтник» стадионы Премьер-лига ойындарын өткізу талабына сәйкес емес, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Ақпан, 2026
Президент жақында республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қояды
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 11 Ақпан, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
Ақордада Қазақстан Президентіне екі мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қысқы спорт • 11 Ақпан, 2026
Серік Егізбаев: Жаңа Конституция қоғам сұранысына жауап береді
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев қоғамнан келіп түскен сан мыңдаған ұсыныс-пікірлер негізінде әзірленген жаңа Конституция жобасына қатысты көзқарасын білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Ақпан, 2026
Полиция қызметкері үш айлық нәрестесі бар отбасыны өз үйінде паналатты
Өткен тәулікте қатты аяз бен ақтүтек боранға байланысты Ақтөбе облысында автожолдар уақытша жабылды. Күн райы қатты бұзылғанда автокөлікпен жолға шықпау жөніндегі ескертулерді елемейтіндер осы жолы да көп болды. Мұғалжар, Темір, Байғанин аудандарында төтенше жағдайлар қызметкерлері мен полицейлер жолда қалғандарды түні бойы арнайы ұйымдастырылған жылыту пункттеріне жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Ақпан, 2026
Қараңғыда көрсетілетін картиналар: Қарағандыда ерекше көрме ашылады
Қарағанды қаласындағы «Алтын ғасыр» галереясында ерекше форматтағы көрме көпшілікке жол тартады. Авторлық жаңа техникамен салынған картиналар жартылай қараңғы кеңістікте ұсынылып, көрерменге өзгеше әсер сыйламақ, деп жазады Egemen.kz.
Қысқы спорт • 11 Ақпан, 2026
Михаил Шайдоров қысқа бағдарламада қалай өнер көрсетті?
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында өнер көрсетуді бастады, деп жазады Egemen.kz.
Күрес • 10 Ақпан, 2026
Ризабек Айтмұхан еркін күрестен Бішкектегі халықаралық турнирде бақ сынайды
Еркін күрестен Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Ризабек Айтмұхан Бішкекте (Қырғызстан) өтетін Super 4 Wrestling атты ірі халықаралық турнирге қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 10 Ақпан, 2026
1 наурыздан бастап көктемгі әскерге шақыру басталады
Алматыда азаматтарды қызметтік әскерге шақырудың келесі науқаны биылғы жылдың наурыз айынан басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 10 Ақпан, 2026
Қарулы күштерде 150 әскери қызметші-парамедик даярланады
Биыл Қарулы күштердің Десанттық-шабуылдау әскерлерінде 150 әскери қызметші-парамедик дайындау жоспарланып отыр. Бұл бағыттағы оқу-жаттығулар ұрыс жағдайына барынша жақын ортада алғашқы және жедел медициналық көмек көрсету дағдыларын жетілдіруге арналған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Ақпан, 2026
Қазақстанда неке сақиналары 38,2%-ға қымбаттады
Өткен жылдың қаңтар және желтоқсан айларында Қазақстанда зергерлік және оған ұқсас бұйымдар өндірісінің көлемі 2,8 млрд теңгеге жетіп, рекорд орнатты. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе көп. Айта кетерлігі, бұған дейінгі жылы да салада дәл осындай ауқымда өсім байқалған еді. Осылайша, зергерлік сектордағы өндірістің ақшалай көлемі екінші жыл қатарынан жедел қарқынмен артып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 10 Ақпан, 2026
Ел шорт-трекшілері 500 метр қашықтықтағы сынды қандай нәтижемен аяқтады?
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында шорт-тректен жарыстар басталды. Бүгінгі жарыс күнінде ел шорт-трекшілері 500 метр қашықтықта бақ сынады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Ақпан, 2026
Тоқаев кәсіпкерлерді жоспардан тыс тексеруді доғаруды тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні кеңінен қолдану кәсіпкерлікті қарқынды дамытуға зор мүмкіндік беретінін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 10 Ақпан, 2026
Тоқаев: Шаруаларды мемлекеттік қолдау жүйесі барынша ашық болуы керек
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев агроөнеркәсіп кешенін қолдау шаралары қордаланған мәселелерді шешу үшін емес, тек осы саладағы жалпы өнімді арттыру үшін қабылданып жатыр деуге болатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Ақпан, 2026
Мемлекет басшысы экономиканы қолжетімді кредитпен қамтамасыз етудің жолын айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында жаңа инвестициялық кезеңнің тиімді жүзеге асуы көбіне қаржы секторының белсенді атсалысуына байланысты екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 10 Ақпан, 2026
Үкімет ірі жер иеленушілерге қандай талап қойды?
Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар айтылды. Премьер-министр Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын орындау шеңберінде салада терең өңдеуге басымдық берілгенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 10 Ақпан, 2026
Қазақстан 2035 жылға дейін 26 ГВт жаңа қуат көзін енгізеді
Биыл 2,6 ГВт дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздері іске қосылады. Бұл келесі жылдың бірінші тоқсанында энергия тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 10 Ақпан, 2026
6 ай бойы жүйелі түрде жәбірленушіні аңдыған астаналық азамат бас бостандығынан айырылды
Елордалық азамат жәбірленушінің онымен қарым-қатынас орнатқысы келмейтінін біле тұра, 6 ай бойы жүйелі түрде ізін аңдыған. Айыпталушының заңсыз әрекеті Астана сотында қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 10 Ақпан, 2026
Шымкентте жалдамалы пәтерден үш адамның мәйіті табылды
Шымкентте жалдамалы пәтерден екі әйел мен бала өлі күйінде табылды. Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше олар көмірқышқыл газына уланып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 10 Ақпан, 2026
Қысқы Олимпиада: Бүгін отандастарымыз 6 спорт түрінен жүлдеге таласады
10 ақпан күні XXV қысқы Олимпиада ойындарының жарыс жолына бірқатар спортшымыз шығады. Отандастарымыз бақ сынайтын сайыстарды Qazsport, Qazaqstan, Jibek Joly және «Хабар» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 09 Ақпан, 2026
Кәсіподақтар федерациясының төрағасы: Жаңа Конституция жобасы еңбек адамдарының тілегімен үндеседі
Кәсіподақтар федерациясы жаңа Конституция жобасын қолдайтынын мәлімдеді. Комиссияның 10-шы отырысында Федерация төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Ата заң жобасы қоғамның сұранысын, әрбір азаматтың өміріне ұзақ мерзімді ықпалын ескере отырып әзірленгенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 09 Ақпан, 2026
Халықаралық заңгерлер қауымдастығы: Жаңа Конституция жобасы халықаралық стандарттарға сай
Бүгін Ұлттық академиялық кітапханада «Халықаралық заңгерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі жаңа Конституция жобасын талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 09 Ақпан, 2026
Конституциялық комиссия жаңа Ата заңда волонтерлік қызмет мәртебесін бекітуді қолдады
Еліміздің жаңа Конституциясы жобасына азаматтар мен сарапшылар қауымдастығының ұсыныстары негізінде бірқатар маңызды толықтыру енгізілді. Оларды Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов, таныстырды. Ұсыныстардың ішінде волонтерлік қызметті конституциялық деңгейде бекіту бастамасы қолдау тапты, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 09 Ақпан, 2026
Маңғыстаулық педагогтер халықаралық жобада жеңімпаз атанды
Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің арнайы пән оқытушылары Досан Қарашаев пен Айнұр Ондаханова «ETF Green Skills Awards 2025» беделді халықаралық жобасының жеңімпаздары атанды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Ақпан, 2026
Семейде терроризмді насихаттаған азамат 7 жылға сотталды
Семей қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында онлайн платформалар арқылы терроризмді насихаттады деп айыпталған жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Ақпан, 2026
Энергия тапшылығынан қалай құтыламыз? Министрлік Ұлттық жоспардың жобасын таныстырды
Елімізде энергия тапшылығын жүйелі түрде шешу және электр стансаларының тозуын еңсеру мақсатында 2030 жылға дейінгі көмір генерациясын дамыту жөніндегі Ұлттық жоспар әзірленіп жатыр. Энергетика министрлігі бұл құжаттың жобасын сарапшылық қауымдастыққа дөңгелек үстел отырысында таныстырды. Ұлттық жоспар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес дайындалған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Ақпан, 2026
Анасы терезеден лақтырып жіберген балалардың жағдайы қалай?
Тараз қаласында 36 жастағы әйел екі бірдей баласын 5 қабатты тұрғын үйдің терезесінен лақтырып жіберген. Оқиғаға қатысты Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева пікір білдіріп, балалардың қазіргі жағдайы туралы мәлімет жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 09 Ақпан, 2026
Таразда анасы екі баласын терезеден лақтырып жіберді
Тараз қаласында қайғылы оқиға тіркелді. Көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен екі бірдей жас баланы анасы лақтырып жіберген. Оқиға Төле би даңғылы бойындағы жатақханада болған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 09 Ақпан, 2026
Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін қабылдады
Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 09 Ақпан, 2026
Волонтерлік қауымдастық жаңа Конституция жобасын қолдайтынын мәлімдеді
Бүгін Астана қаласында Ұлттық волонтерлік желі «Жаңа Конституция жобасын талқылау және қолдау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен волонтерлік ұйымдардың өкілдері, өңірлік волонтерлік фронт-офистер мен бастамашыл топтар, сондай-ақ серіктестер офлайн және онлайн форматта қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.