и
Спорт • 15 Қыркүйек, 2025
«Ақ бидай – 2025» ауыл спорты ойындары салтанатты түрде ашылды
Алматы облысында ауыл спортының ең ірі додаларының бірі – «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 15 Қыркүйек, 2025
Ерлан Қошанов Қатарда өткен кезектен тыс Араб-Ислам саммитінде сөз сөйледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Қатар астанасы Дохада өткен төтенше Араб-Ислам саммитіне қатысты. Алқалы жиында Палата төрағасы сөз сөйлеп, халықаралық қақтығыстарды реттеу бойынша мемлекетіміздің ұстанымдарын ортаға салды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2025
Елді мекендерде жол ережесін бақылауға арналған камералар көбейеді
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов өңір әкімдіктеріне Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, елді мекендерде жол ережесін бұзу фактілерін тіркейтін камералар санын арттыруды тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 15 Қыркүйек, 2025
«Банктер туралы» жаңа заң 2026 жылға дейін қабылданады
Үкімет отырысында Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары қаралды. Құжат 87 іс-шарадан тұрады. Оның негізгі бағыттары туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 15 Қыркүйек, 2025
Алтын да, қола да Қазақ циркіне бұйырды
Алматыдағы Қазақ мемлекеттік циркі Санкт-Петербург пен Мәскеуде өткен беделі биік халықаралық цирк фестивальдерінде қос бірдей абыройлы жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Қыркүйек, 2025
Таразда жасөспірім сыныптасын өлтірді деген күдікпен ұсталды
Қайғылы оқиға бүгін таңертең № 47 орта мектепте болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 2011 жылы туған жасөспірім мектеп дәретханасында сыныптасымен төбелесіп, жарақат алған. Басқа оқушылар оны үйіне алып кеткен, бірақ ол жедел жәрдем келгенше қайтыс болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 15 Қыркүйек, 2025
Әйелдер ерлерге қарағанда қатерлі ісікке жиі шалдығады
Елімізде қатерлі ісікке шалдыққан 236 мыңнан астам пациент динамикалық бақылауда тұрады. Ең өкініштісі, жыл сайын 41 мыңнан астам науқасқа онкологиялық ауру диагнозы қойылып, аурудың осы түріне шалдыққан науқас саны 5-6%-ға көбейеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 15 Қыркүйек, 2025
Президент Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысын қабылдады
Мемлекет басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII cъезіне қатысу үшін Астанаға арнайы келген Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исамен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 15 Қыркүйек, 2025
Ризабек Айтмұқан әлем чемпионатының алғашқы айналымында жеңіліп қалды
Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан әлем чемпионатында еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан ресейлік балуанға есе жіберді, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 15 Қыркүйек, 2025
Павлодарда химиялық тәжірибе салдарынан жеті бала зардап шекті
Павлодарда №37 мектептің жетінші сынып оқушылары жасаған тәжірибе апатқа ұласты. Құтқару қызметінің дерегінше, мектепке өрт сөндірушілер, құтқарушылар және ТЖМ-нің катастрофа медицинасы орталығының бригадасы жеткен, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 15 Қыркүйек, 2025
«Қайрат» - «Реал Мадрид» матчына билеттер сатылымға шығатын күн белгілі болды
«Қайрат» футбол командасы тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде бақ сынайды. «Қайрат» ФК УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде өз алаңындағы матчтарға билет сату тәртібі мен мерзімдерін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 15 Қыркүйек, 2025
Қазақстандық жеңіл атлет әлем чемпионатының финалына шықты
Бүгін Токиодағы әлем чемпионаты аясында 3000 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруден іріктеу кезеңі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 15 Қыркүйек, 2025
Яндекс Плюс жазылымдағы жаңартулар туралы хабарлайды
Күзде Яндекс Плюс жазылымында елеулі контенттік жаңалықтар пайда болады. Кинопоиск сервисінде «Патруль. Последний приказ» комедиясының жалғасын, сондай-ақ Чемпиондар Лигасын және тағы басқаларын көруге болады.
Президент • 15 Қыркүйек, 2025
Президент Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтарға арналған цифрлық ортаны қорғау мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2025
Лисаков қаласында «Tugan Qala ERG» форумы өтті
Бүгін Лисаков қаласында «Tugan Qala ERG» форумы өтті. Осымен бесінші мәрте ұйымдастырылып отырған дәстүрлі іс-шара барысында алпауыт компанияның қаланы көркейтуге бағытталған әлеуметтік жобалары қорытындыланып, игі іске атсалысқан белсенді тұрғындар марапатталды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 15 Қыркүйек, 2025
Израиль соққысынан Йеменде 46 адам қаза тапты
Йемен астанасы Санада Израиль соққысынан қаза тапқан 46 адамның арасында 26 БАҚ өкілі бар, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға • 15 Қыркүйек, 2025
Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған экс-шенеунік Түркиядан экстрадицияланды
Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқан Қазақстан азаматы 7 жылдық іздеуден кейін Түркиядан елге жеткізілді. Ол ойын бизнесін заңсыз ұйымдастырып, билігін асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2025
Қарағандыда теміржолдан дизель ұрлаған қылмыстық топ әшкереленді
Қарағанды облысында құқық қорғау органдары дизель отынын теміржолдың жылжымалы құрамынан жүйелі түрде ұрлап келген қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 15 Қыркүйек, 2025
Алматы облысындағы қоқыс полигонынан өрт шықты
Алатау қаласындағы Әли ауылы маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 15 Қыркүйек, 2025
Бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы көш бастады
Ливерпульде World boxing алғаш рет ұйымдастырған әлем чемпионаты мәресіне жетті. 4-14 қыркүйек аралығында өткен жаһан додасын қазақстандық былғары қолғап шеберлері жалпыкомандалық есепте 1-орынмен түйіндеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 15 Қыркүйек, 2025
Президент бокстан Әлем чемпионатында топ жарған боксшыларды құттықтады
Мемлекет басшысы бокстан Әлем чемпионатында топ жарған боксшыларды құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 14 Қыркүйек, 2025
Президент қазақстандық боксшыларды құттықтады
Президент қазақстандық боксшыларды құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
Қоғам • 14 Қыркүйек, 2025
Қазақстанда коммуналдық қызметтерге тарифтер жыл соңына дейін өспейді
Қазақстанда инфляцияны жыл соңына дейін 10–11 пайыз деңгейінде ұстап тұруға бағытталған шаралар қабылдануда. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.
Мереке • 14 Қыркүйек, 2025
Отбасы құндылықтары – қоғамның берік негізі: Аида Балаева
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтап, отбасы құндылықтарының қоғамдағы маңызына тоқталды, деп жазады Egemen.kz.
Салық • 14 Қыркүйек, 2025
Халық пен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өндірушілері үшін тарифтер жыл соңына дейін өзгермейді
Қазақстанда жыл соңына дейін халық пен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өндірушілеріне арналған коммуналдық тарифтер өспейді. Бұл туралы инфляцияны тежеу мәселелері жөніндегі отырыста белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 14 Қыркүйек, 2025
Әлем чемпионатының финалына 8 қазақстандық боксшы жолдама алды
14 қыркүйекте Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында бокстан әлем чемпионатының соңғы күні өтеді. Финалдық кезеңге Қазақстан құрамасынан сегіз спортшы шықты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қыркүйек, 2025
Көлік тізгінінде қалғып кетпеңіз: полиция жүргізушілерді сақтыққа шақырды
Қарағанды облысы полиция департаментінің қызметкерлері республикалық маңызы бар автожолдарда рейд өткізіп, жүргізушілермен профилактикалық әңгіме жүргізді. Шара барысында ұзақ жолда шаршаған әрі ұйқылы жүргізушілер ерекше бақылауға алынды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 14 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Отбасы күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Қыркүйек, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасына құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Рим Папасы XIV Леоға құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Мәдениет • 13 Қыркүйек, 2025
Театр мен тағылым тоғысқан мерейлі сәт
Талдықорғанда Бикен Римова атындағы драма театрының 50 жылдығына арналған ғылыми-танымдық конференция өтті. Мерейлі шара аясында өнер ордасының жарты ғасырлық тарихын баяндайтын құнды кітаптың тұсаукесері жасалды, деп жазады Egemen.kz.