Әлем • Бүгін, 11:32

Израиль соққысынан Йеменде 46 адам қаза тапты

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Йемен астанасы Санада Израиль соққысынан қаза тапқан 46 адамның арасында 26 БАҚ өкілі бар, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Израиль соққысынан Йеменде 46 адам қаза тапты

Фото: nournews.ir

Хуситтердің бақылауындағы денсаулық сақтау органдарының хабарлауынша, жарақат алғандардың саны 165 адамға жеткен, оның ішінде әйелдер мен балалар да бар. Екі басылымның кеңсесі толық қираған, ал «Аль-Масира» телеарнасы құтқарушылардың қираған үйлерді тазалап жатқан видеосын жариялады.

Израиль әскерлері шабуылдарын әскери лагерьлер мен хуситтердің қоғаммен байланыс штабына бағыттап, бұл әрекеттерін топ тарапынан ұшқышсыз ұшатын аппараттар мен зымырандар арқылы жасалған шабуылдарға жауап ретінде түсіндірді.

Хуситтердің әскери құрылымдарының өкілі Яхья Сариа Израильдің әрекеттері жауапсыз қалмайтынын атап өтті. Солтүстік Йеменнің басым бөлігін бақылауда ұстайтын хуситтер Израильге қарсы шабуылдарын жалғастыра беретінін айтқан және Газадағы соғыс пен блокаданы тоқтатуға күш салуға уәде еткен.