Ет
Қоғам • 08 Желтоқсан, 2025
Жетісу облысында қауіпті қалдықтар оқушыларға қолжетімді жерде сақталған
Аталған облысқа қарасты Алакөл ауданы прокуратурасы мектептер мен мемлекеттік балабақшаларда қауіпті қалдықтарды пайдалану, сақтау және кәдеге жарату кезінде заңнама талаптарының сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Желтоқсан, 2025
Ұлттық ұланда асыл тұқымды қызметтік иттердің қатары артып келеді
Биыл 6654 әскери бөлімнің кинология орталығында асыл тұқымды 40-тан астам күшік болашақта ел тыныштығын қамтамасыз етуге үйретіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 08 Желтоқсан, 2025
Президент Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 08 Желтоқсан, 2025
Ақтөбе облысында автобус апатынан бес шетелдік қаза тапты
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 7 желтоқсанда шамамен таңғы сағат 8:40-та Самара – Шымкент тас жолында болған. 49 жолаушысы бар автобус жүргізушісі рульді басқара алмай, көлік аударылған. Салдарынан бес жолаушы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда балаларға әлеуметтік желіге тіркелуге шектеу енгізілуі мүмкін
Қазіргі баланың бос уақыты аулада асыр салып ойнаумен емес, әлеуметтік желідегі видеоларды сағаттап сырғытумен өтеді. Бүгінде елімізде әлеуметтік желілердің баланың психикалық дамуына, ұлттық құндылықтарды түсінуіне және мінез-құлқына әсер етуі алаңдаушылық тудырып отыр. Сол себепті 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерге қолжетімділігін реттейтін заң жобасы әзірленді, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 08 Желтоқсан, 2025
Астанаға емделу үшін келетін шетелдіктердің саны артқан
Халықаралық Joint Commission International (JCI) аккредитациясы бар 9 отандық клиниканың жетеуі Астанада орналасқан. 2024 жылы мұнда 4 500 медициналық турист келіпті, бұл 2023 жылмен салыстырғанда екі есе көп, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 08 Желтоқсан, 2025
«Қазгидромет» РМК 8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Бүгін еліміздің 15 облысында боран, көктайғақ және тұман күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 06 Желтоқсан, 2025
Машина жасау саласын дамытудың басымдықтары айқындалды
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Қазақстан машина жасаушылар одағының Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 06 Желтоқсан, 2025
7 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы жарияланды
«Қазгидромет» 2025 жылдың 7 желтоқсанына арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады. Жексенбі күні республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жауын-шашын және қауіпті құбылыстар күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 06 Желтоқсан, 2025
Көкшетауда «таза көмір» технологиясымен заманауи жылу электр орталығы салынып жатыр
6 желтоқсанда Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Ақмола облысы мен қала басшылығымен бірге Көкшетауда салынып жатқан жаңа жылу электр орталығының құрылыс барысымен танысты. Жобаны «Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес ұйымы – «Көкшетау ЖЭО» ЖШС жүзеге асыруда, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 06 Желтоқсан, 2025
Алаяқтықтың жаңа түрі: Бас прокуратура маңызды мәлімдеме жасады
Қазақстанның Бас прокуратурасы алаяқтардың жұмыс тактикасын өзгертіп жатқаны туралы маңызды мәлімдеме жасады. Жауапты орган алаяқтардың жаңа интернет-схемасы туралы халықты ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 05 Желтоқсан, 2025
Жамбыл облысында келесі жылы суару маусымында су тапшылығы болуы мүмкін
Оқиға • 05 Желтоқсан, 2025
Петропавлда интернет желісін тартумен айналысқан жұмысшы қаза тапты
Петропавлда көтергіш құрылғыда жұмыс істеп жатқан екі маман биіктен құлап, 35 жастағы жұмысшы оқиға орнында көз жұмды. Екінші азамат түрлі жарақат алып, ауруханаға жіберілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Үкіметтің өзекті міндеттерін атады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияны тұрақтандыруды және төмендетуді, экономиканың орнықты өсімін қамтамасыз етуді, сондай-ақ азаматтардың нақты табыс табуына жағдай жасауды Үкіметтің өзекті міндеті ретінде атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2025
Алматыда инватакси енді тәулік бойы жұмыс істейді
Алматыда тіркелген 3100 мүмкіндігі шектеулі адамның 2215-і «Инватакси» қызметін белсенді тұтынады. Бұған дейін тек күндіз қызмет көрсетіп келген «Инватакси» қызметі енді түнде де қолжетімді болады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 05 Желтоқсан, 2025
Тұман, көктайғақ, жел: еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады және қатты жел соғады деп болжап отыр, осыған байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 04 Желтоқсан, 2025
Талдықорған театрына академиялық мәртебе берілді
Жетісу облысының мәдени өмірінде маңызды жаңалық — Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрына академиялық мәртебе берілді. Бұл мәртебе Премьер-Министрдің 2 желтоқсандағы қаулысы негізінде ресми түрде бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 04 Желтоқсан, 2025
«Ұлы дала» әдеби байқауының жеңімпаздары анықталды
Елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы театрда «AMANAT» партиясы ұйымдастырған дәстүрлі «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы қорытындыланды. Биыл байқау Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 04 Желтоқсан, 2025
Жетісайдағы өрттен аман қалған 2 адамның жағдайы қалай?
8 қараша күні Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы екі қабатты жеке тұрғын үйден өрт шығып, сол күні 12 адам қайтыс болған еді. Өрттен аман қалған 3 адамның біреуі 1 желтоқсан күні ауруханада қайтыс болды. Ал қалған екі науқастың жағдайы қалай? Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы ем алушылардың жағдайы тұрақты екенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 04 Желтоқсан, 2025
Алматыдағы метро уақытша жұмысын тоқтатты
Алматыда жер сілкінісінен кейін қалалық метро уақытша жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2025
Талдысай ауылына интернет байланысы қосылды
Ұлытау облысы, Ұлытау ауылдық округіне қарасты Талдысай елді мекенінде Jusan Mobile компаниясының қолдауымен One Web спутниктік жүйесі орнатылып, Wi-Fi интернет желісі іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 04 Желтоқсан, 2025
Еуропалық Одақ Ресей газынан толықтай бас тартатын болды
Еуропалық кеңес пен Еуропарламенттің шешімі бойынша ресейлік құбыр газының жеткізілімі 2027 жылғы 30 қыркүйектен кешіктірілмей тоқтатылуы тиіс. Кейбір жағдайларда мерзім 2027 жылдың 1 қарашасына дейін ұзартылуы мүмкін, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2025
Елімізде 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салынуы мүмкін
Елімізде 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерді қолдануға тыйым салу туралы заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды. Заң жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 03 Желтоқсан, 2025
Тұман түсіп, көктайғақ болады: еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктер 4 желтоқсан күні елордада және Қазақстанның 14 өңірінде дабылды ескерту жарияланды. Еліміздің басым бөлігінде тұман түседі, көктайғақ болады, қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
Бір реттік «Қарызды өсімпұлсыз төле» акциясы басталды
Елімізде Аграрлық несие корпорациясынан қарыз алып, төлей алмай жүрген заңды және жеке тұлғалар үшін бір реттік акция басталды. Оған сот шешімі бойынша өндіріп алынуы тиіс берешегі бар борышкерлер қатысады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
Депутат газет бағасы мен «Қазпошта» мәселесін көтерді
Мәжіліс отырысында депутат Ерлан Саиров газет-журналдарды ауылдарға жеткізу тарифтерінің бағасын тұрақтандыру және «Қазпошта» мен «Қазтелеком» қызметкерлерінің жалақысын көтеру жөнінде мәселе көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
Қант диабетіне шалдыққан және инсулинге тәуелді науқастарға біржолғы төлем тең беріле ме?
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында көтерілген мәселелердің бірі – 2 топтағы қант диабетіне шалдыққандарға және инсулинге тәуелді науқастарға біржолғы төлем беру туралы. Аталған мәселені депутат Нұргүл Тау көтеріп, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға сауал жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
Зейнетақы активтерінің көлемі 25 трлн теңгеден асты
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнетақы активтерін басқару туралы есепті жариялады. Ұлттық банк (ҰБ) пен инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) басқаратын қаражаттың жалпы көлемі 25,8 трлн теңгеге жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 03 Желтоқсан, 2025
Бегалы ауылында қайтарылған активтер есебінен медициналық пункт салынды
Мемлекет басшысының әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бегалы ауылында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында медициналық пункт салынды. Нысанның жалпы құны – 132 млн теңге, оның 65 млн теңгесін Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан бөлді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 02 Желтоқсан, 2025
Шертпе күйдің шебері Нұрымбай Сүлейменұлы өмірден озды
Мәдениет және ақпарат министрлігі белгілі күйші, шертпе күй дәстүрінің көрнекті өкілі, композитор Нұрымбай Сүлейменұлының дүниеден өтуіне байланысты отбасына және туған-туыстарына қайғыра көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.