Үкімет арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарда инфрақұрылымды 100% қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдап жатыр. Дегенмен арнайы экономикалық аймақтардың өзінде инфрақұрылыммен орташа қамтамасыз ету деңгейі небәрі 53%-ды, ал индустриялық аймақтарда бұл көрсеткіш 48%-ды құрайды.
Жергілікті бюджеттердің республикалық бюджетке тәуелділігі 34%-ға дейін төмендейді
Осыған байланысты Үкімет арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарда инфрақұрылымды жедел дамыту бойынша бірқатар қажетті шешім қабылдап жатыр.
«АЭА мен ИА-ны инфрақұрылыммен 100% қамтамасыз ету үшін қажетті шешімдер қабылданды. Алдағы үш жыл ішінде Ислам даму банкі қаражатын тарту есебінен жаңа өндірістік нысандарға қажетті инфрақұрылым салуға 1 трлн теңге көлемінде инвестициялар тартылады», деп атап өтті Олжас Бектенов.

Айта кетейік, дәл қазір Президент төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.