ат
Қоғам • 27 Ақпан, 2026
Алматыда LRT қашан іске қосылатыны белгілі болды
Қала билігі жүрдек трамвай желісінің (LRT) құрылысын 2027 жылы бастап, екі жыл ішінде аяқтауды көздеп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Театр • 27 Ақпан, 2026
Астанада «Замана жаңғырығы» этно-балетінің тұсаукесері өтеді
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы сахнасында 1 наурыз күні танымал хореограф, «GULDER» ансамблінің бас балетмейстері Анвара Садықованың шығармашылық қызметіне 25 жыл толуына арналған «FLOW/АҒЫН» атты мерекелік концерт өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 27 Ақпан, 2026
Жас сарапшылар Конституциялық комиссия мүшелерімен бірге жаңа Конституция жобасын талқылады
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ) Конституциялық комиссия мүшелері мен жас сарапшылардың қатысуымен «Конституциялық реформаның негізгі қағидалары: ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында диалог алаңы өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 27 Ақпан, 2026
Конькимен жүгіруші Кристина Шумекова жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды
Конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан құрамасының өкілі Кристина Шумекова жеңімпаз атанды. Ол 38.48 уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, жеке рекордын жаңартты, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 27 Ақпан, 2026
Қаңтар айында 51 жыл бойы сақталған температуралық рекорд жаңарды
«Қазгидромет» 2026 жылғы қаңтар айында елімізде жаңа температуралық максимумдар тіркеліп, соның ішінде 51 жыл бойы сақталған рекорд жаңарғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 27 Ақпан, 2026
Қарағандылық ғалымдар мен студенттер Конституциялық реформаны талқылады
Бүгін Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде «Референдум – әділетті және прогрессивті Қазақстанның негізі» атты конференция ұйымдастырылды. Ғылыми орта мен студент жастардың басын қосқан жиын 15 наурызда өтетін республикалық референдумның мәнін ашуға және жаңа Конституцияның маңыздылығын түсіндіруге бағытталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 27 Ақпан, 2026
Партияаралық дебат өтеді: Тікелей эфирді қайдан көруге болады?
Ертең сағат 11:00-де Астанада «Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер» атты партияаралық дебат өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 27 Ақпан, 2026
Оралдың креативті әрі белсенді жастары жаңа Конституция жобасын қолдады
Орал қаласындағы «Жайық Арена» спорт кешенінде «Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты жалпыұлттық коалиция мүшелері Батыс Қазақстан облысына сапары аясында креативті және белсенді жастармен кездесті. Делегацияны Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, Жалпыұлттық коалиция төрағасының орынбасары Аида Балаева бастап барды. Кездесуге Мәжіліс депутаттары, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелері, қоғамдық сектор мен сарапшылар қауымдастығы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 27 Ақпан, 2026
Мемлекет басшысы Сербия Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті халық қолдауына арқа сүйеп, елін алға бастап келе жатқан нағыз көшбасшы, беделді саясаткер деп санайтынын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ата заң • 27 Ақпан, 2026
ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын түсіндіретін оқу құралын жарыққа шығарды
Оқу құралы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға орайластырылған. Авторлар жаңа Конституция әр азаматтың құқықтары мен бостандығына, өмір сапасына тікелей қатысты екенін атап өтті. Жаңа құжат ережелерін мамандар ғана емес, қоғам түсінуі керек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 27 Ақпан, 2026
Атыраудағы ерлі-зайыптының өлімі: Күдіктіні ұстау сәтінен фото-видео жарияланды
Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері шетелдік әріптестермен бірлесе жұмыс істеп, Индонезия Республикасының Ломбок аралындағы Сенару ауылында аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталған атыраулықты ұстады, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 27 Ақпан, 2026
«Қайрат» пен «Тобыл» Астанада кездеседі
28 қаңтар күні алматылық «Қайрат» пен қостанайлық «Тобыл» командалары суперкубок жеңімпазын анықтайды. Матч елордадағы Астана Арена алаңында 17:00-де басталады, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 26 Ақпан, 2026
Эзоп тіліне жаңа көзқарас: Мысал жанры қайда кетті?
Ақиқат – бәріне бірдей жағатын нәрсе емес. Сондықтан оны тұспалдап өнер арқылы жеткізіп отырған. Әдебиет әлімдері мұны «Эзоптың тілі» деп айдарлаған. Қазақтың қара тілімен айтсақ, астарлап айту. Көне Грекияда өмір кешкен әлгі Эзоп адамдардың мінез кеселдерін хайуанаттардың харекеттері арқылы әжуалаған. Неге тіке айтпаған? Айта алмайды. Шүнки, ол – құл, оның үстіне тілі – мүкіс. Сондықтан айтатын сөзін алыстан орағытып, мысалмен жеткізеді. Кейде осындай «кедергілер» өнерді өткірлей түседі, жаңа форма іздеуге мәжбүрлейді. Тура айтылған шындық тез тозады, ал астармен айтылған ой уақытпен бірге жүріп, әр дәуірде қайта пайымдалады. Эзоп мысалдарының өміршең болатыны сондықтан. Ондағы аң мен құс сол замандағы адамдардың ғана емес, сіз бен біздің қазіргі бет-бейнемізді де дәл танытады. Алайда сатираның осынау жауынгер жанры бүгінгі әдебиетте лайықты көрініс таппай жүр.
Тағайындау • 26 Ақпан, 2026
Атырауда цифрландыру және архивтер басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Атырау облысы әкімінің өкімімен бұл лауазымды Марлен Қасенов атқаратын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 26 Ақпан, 2026
Атырауда бір жылда 92,5 мың балаға тегін стоматологиялық көмек берілді
Былтыр Атырау облыстық балалалар стоматологиясында 92500 балаға тегін қызмет көрсетілді. Оның ішінде хирургиялық, терапевтік, ортодонтиялық, тіс-техникалық және рентгенологиялық диагностика қызметі бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 26 Ақпан, 2026
Қазақ сарбазы халықаралық байқауда жеңіске жетті
ТМД-ға мүше елдер жоғары әскери оқу орындарының тыңдаушылары мен курсанттарының VII Халықаралық әскери-ғылыми жұмыстар байқауында жас сарбаз Әділет Серікбайдың зерттеу жұмысы үздік деп танылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Ақпан, 2026
Жамбылда оқушылардың әлімжеттігі үшін ата-анаға айыппұл салынды
Жамбыл облысында үш оқушының ата-анасы балаларының мектептегі буллинг әрекеттері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Ақпан, 2026
Алматыда курьерлік қызметке қойылатын талап күшейеді
Қалада курьерлер саны артқан сайын тұрғындардан түсетін шағымдар да көбейіп келеді. Енді полиция қызметкерлері барлық курьерлерге биометриялық сәйкестендіруден өтуді енгізуді, сондай-ақ шетел азаматтарын жұмысқа тартуды шектеуді талап етіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 26 Ақпан, 2026
АҚШ-тағы заң мектебінде еліміздің жаңа Конституциялық реформасы талқыланды
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Интернационалдандыру және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Хангелді Нұрдәулет Американың USK университетінің Gould School of Iaw мектебінде шетелдік студенттерге Қазақстандағы жаңа Конституциялық реформа туралы баяндап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 26 Ақпан, 2026
«Тұран» футбол клубы сатылымға шығарылды
Түркістан облысының Қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы «Тұран» футбол клубын жекешелендіру бойынша сауда-саттық жариялады. Клубтың бастапқы бағасы 1 054 000 теңге, ал кепілдік жарна мөлшері 158 100 теңге деп белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2026
«Көктем-2026»: Шымкентте су тасқынының алдын алу шаралары күшейтілді
Шымкентте республикалық «Көктем-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп, көктемгі су тасқынының алдын алу, салдарын жою, сондай-ақ құтқару мен шұғыл әрекет ету жұмыстары пысықталып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 26 Ақпан, 2026
«Kia Qazaqstan» зауытының ұжымы Конституция жобасына қолдау білдірді
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов «Kia Qazaqstan» зауытының еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында жаңартылған Конституция жобасы мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Балалар • 26 Ақпан, 2026
Ораза және бала денсаулығы: Ата-ана нені ескеруі керек?
Рамазан айы келісімен мұсылман қауымы ораза ұстауға асығады. Өз ата-анасына еліктеп өсетін бала да бұл ретте ораза ұстағысы келіп жатады. Мұндайда ата-ана қайтпек керек? Балаларға ораза ұстау міндет пе? Енді ғана өсіп келе жатқан шақта баланы тамақтан шектеу оның денсаулығына кері әсер ете ме? Бұл сұрақтардың жауабын мамандардан сұрап көрдік, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2026
Атырауда 15 жастағы қыз жоғалып кетті
Атырауда 15 жастағы Інжумаржан Қуанышқызы іздестіріліп жатыр. Жасөспірімнің анасы қызының жоғалып кетуін мектеп әкімшілігімен болған жанжалмен байланыстырып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 26 Ақпан, 2026
Куба шекарасындағы атыстан 4 адам қаза тапты
Куба Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Флорида штатында тіркелген кеме мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтіп, шекарашыларға оқ атқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Ақпан, 2026
Су қоймаларының құрылысы қалай жүріп жатыр?
Су тапшылығы қазірдің өзінде әлем жұртшылығын тұйыққа тірей бастады. Ол аздай ғалымдар жыл өткен сайын ахуал ушыға түсетінін айтып отыр. Жағдайдан хабардар Су ресурстары және ирригация министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіткен еді, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 26 Ақпан, 2026
Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?
Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Ақпан, 2026
Жеке деректер мен гаджеттерді алаяқтардан қалай қорғауға болады?
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі алаяқтардың қаржылық ақпаратқа қол жеткізу арнасы ретінде азаматтардың мобильді құрылғыларын жиі пайдалана бастағанын ескертті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Ақпан, 2026
Алматыда даңқты киногерлерге арналған көрме ашылды
Алматыдағы Ұлттық орталық музейде Қазақ КСР-нің Халық әртісі, актер, опера әншісі Кәукен Кенжетаевтың 110 жылдығына және Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, киноактер Меңтай Өтепбергеновтің 80 жылдығына арналған «Ұлы мұра – ұрпаққа өсиет» атты тағылымды көрме ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Ақпан, 2026
Алматыда 13 жастағы қызды зорлады деген күдікті қамауға алынды
Алматыда кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген ер адам қамауға алынды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.