Соңғы жаңалықтар
Жансарай • 05 Маусым, 2026
Мұхтарбай Өтелбайұлы: Ғылымның бағытын елдік мүдде айқындайды
Академик Мұхтарбай Өтелбайұлын жұртшылық жақсы біледі. Ғалымның жетекшілігімен 70-тен астам кандидаттық және онға жуық докторлық диссертация қорғалды. Қазіргі таңда көрнекті ғалым Алматыдағы Математика және модельдеу ғылыми-зерттеу институтында қызмет істейді. Біз бүгін физика-математика ғылымдарының докторы, академик, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Мұхтарбай Өтелбайұлымен математикадағы ғылыми зерттеулердің қоғамға пайдасы мен қолданысы туралы әңгімелескен едік.
Құрылтай • 05 Маусым, 2026
5 жылға сайланатын 145 депутат: Президент Құрылтай туралы конституциялық заңға қол қойды
Мемлекет басшысы Құрылтайдың ұйымдастырылуы мен қызметін, сондай-ақ оның депутаттарының құқықтық мәртебесін айқындайтын «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шымкент • 05 Маусым, 2026
«Шымкентцементтің» өніміне шетел де қызығады
«Шымкентцемент» серіктестігі 1958 жылы құрылған. Нысан мегаполистегі алғашқы кәсіпорындардың бірі саналады. Сондай-ақ шаһардағы ірі өндіріс орындарының қатарына кіреді. Зауыт ішкі нарықты цемент өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Жылына 1,3 млн тонна түрлі маркадағы цемент шығарады.
Шымкент • 05 Маусым, 2026
Құрылыс саласын ауқымды өзгеріс күтіп тұр
Шымкенттегі «Көрме орталығында» «Aqqala Build Shymkent 2026» халықаралық B2B құрылыс форумы мен көрмесі өтті. Оған шетелдік және отандық құрылыс компанияларының өкілдері, құрылыс материалдарын өндіруші кәсіпорындар қатысты. Сондай-ақ мемлекеттік органдар өкілдері, инвесторлар, сәулетшілер мен құрылыс материалдарын жеткізуші мекемелердің қызметкерлері шақырылды.
Зерде • 05 Маусым, 2026
Қазақ бөлімін ашуға бастамашы болған ғалым
Белгілі тілші, терминолог-ғалым, профессор Жәкен Молдажаровтың туғанына 95 жыл толуына орай Қазақ ұлттық қыздар университетінде «Мемлекеттік тіл және әлем тілдерін оқыту: тәжірибелер мен жаңа технологиялар» атты тақырыпта дөңгелек үстел мәжілісі өтті.
Зерде • 05 Маусым, 2026
Ақаң абыройы асқақтаған тарихи жиын
1926 жылы ақпанның аяғында Бакуде түркі рухы тоғысқан тарихи оқиға болды. «Біз қай жолмен жүреміз?» деген өркениеттік сұрақтың жауабын іздеп, ерте көктемнің алғашқы күнінде бас қосқан, бүгінде «Түркі құрылтайы», «1926 жылғы басқосу», «Алғашқы құрылтай», «Түркологиялық съезд» деген айрықша атауларға ие болған, сол кезде «Бүкілодақтық І түркологиялық съезд» деген атаумен тарихқа енген, түркі әлемінің тіл, жазу, білім, мәдениет және ғылым саласындағы даму бағытын айқындаған, рухани-мәдени бағдарын белгілеген стратегиялық басқосу еді бұл. Биыл, міне, сол айтулы оқиғаға – 100 жыл!
Оқиға • 05 Маусым, 2026
Астанада жүк көлігі әйелді қағып кетті
Астанада Ұлы Дала көшесінде, ЭКСПО аумағына жақын жерде жүк тасымалдайтын «Газель» көлігі әйел адамды қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 05 Маусым, 2026
Қабілет-бейімі ерте есейіп, он алты жасында орта мектепті, жиырма бірінде Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін ойдағыдай бітіріп шыққан сұңғақ бойлы, аққұба сүйріктей жас жігіт – Серікқали Байменше 70-жылдардың соңына таман Ақтөбе облыстық газетіне арнаулы жолдамамен қызметке келген.
Руханият • 05 Маусым, 2026
Ұлттық кітапханада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Дандай Ысқақұлының 80 жас мерейтойына арналған «Ұстаз. Ғалым. Сыншы» атты әдеби-шығармашылық кеш өтті.
Президент • 05 Маусым, 2026
Президент, Құрылтай және Халық Кеңесі: Тоқаев жаңа заңдарға қол қойды
Мемлекет басшысы 2026 жылдың 15 наурызында қабылданған Конституцияның ережелерін жүзеге асыру мақсатында конституциялық заңдарға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Маусым, 2026
Жетісу төріндегі ерекше фестиваль
Жетісу төрінде өткен IV Халықаралық «Biken Fest» театр фестивалі қорытындыланды. Қазақ театр өнерінің жарық жұлдызы Бикен Римованың есімімен аталатын мәдени шара биыл да жоғары дәрежеде өтті. Әлемнің әр түкпірінен келген театр ұжымдарының басын қосып, өнер мен руханияттың үлкен мерекесіне айналды.
Мәдениет • 05 Маусым, 2026
Қазақ театр өнері кейінгі жылдары жаңа көркемдік ізденістер кезеңіне аяқ басты. Егер өткен ғасырда драмалық сөз сахнаның негізгі өзегіне айналса, бүгінгі өнер адам жанының күрделі иірімдерін сөзсіз-ақ жеткізудің жаңа мүмкіндігін іздеп келеді. Осы тұрғыдан алғанда заманауи би театры – пластикалық өнердің бір түрі ғана емес, уақыттың рухани портретін жасайтын көркемдік феномені де.
Мәдениет • 05 Маусым, 2026
Биыл ән өнеріндегі тұлғалардың бірі – әнші, халық композиторы Байғабыл Жылқыбаевтың туғанына 130 жыл. Ертіс-Баян өңірінің серісі, халық композиторлары Ақан сері, Біржан сал, Естай, Майраның әндерін кейінгі ұрпаққа жеткізгендердің бірі.
Қоғам • 05 Маусым, 2026
Сұранысқа ие инфрақұрылым құрылысының қарқыны
Биыл Ұлытау облысында әлеуметтік маңызы бар нысандар құрылысы бойынша жалпы саны 11 жоба жүзеге асырылады. Бұл жобалар өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды бастамалар саналады. Қаржыландыру мәселесі толық шешімін тапқан жағдайда, жалпы құны 57 млрд теңгені құрайтын тағы 13 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.
Қоғам • 05 Маусым, 2026
Инвестордың қоғамшыл бастамасы
Қайырымдылық – жүректен басталатын ізгілік. Ал туған жердің өркендеуіне үлес қосу – әр азаматтың перзенттік парызы. Кейінгі жылдары ел ішінде әлеуметтік жауапкершілікті терең сезініп, туған өлкесінің дамуына нақты үлес қосып жүрген кәсіпкерлер көбейді. Айталық, сарқандық кәсіпкер Оразғали Сәдуақасов жерлестеріне бірнеше баспана сыйламақ.
Қоғам • 05 Маусым, 2026
Мүгедектерді оңалтатын орталық
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың IV отырысында 2026 жылдың аяғына дейін бірнеше қалада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орталық ашуды тапсырған еді. Осыған орай Атырауда «Алмалы» заманауи оңалту орталығы ашылды.
Қоғам • 05 Маусым, 2026
Зейнетақы жинағын пайдаланудың жаңа ережесі күшіне енді
Қазақстанда зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін айқындаудың жаңа әдістемесін бекіту туралы Үкімет қаулысы күшіне енді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 05 Маусым, 2026
Біз Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаментіне «Өзі оқымас – оқытпас» атты («Egemen Qazaqstan» 07.05.2026) мақалаға байланысты хат жолдаған едік. Мақалада қазіргі балабақша тәрбиешілері мен мектеп мұғалімдерінің оқу мәдениеті, балалар әдебиетін, балалар басылымдарын пайдалану деңгейіне қатысты қоғамды алаңдатқан мәселені көтергенбіз. Осыған орай, аталған министрліктен «Қазақ газеттері» серіктестігінің бас директоры Д.Қамзабекұлының атына жауап келді.
Пікір • 05 Маусым, 2026
Атам қазақтың «ауруын жасырған өледі» деген тәмсілі бар. Бүгінгі таңда қоғамның жасыруға келмейтін дерті – жаппай телефонға телміру. Бұл зиян ба, әлде қажеттілік пе? Қысқасы, күллі ғаламды қауызына сыйдырған смартфонның пайдасы өз алдына, оның қауіпті жағы да бар.
Қоғам • 05 Маусым, 2026
Ана тіліндегі контент мемлекетшілдікті қалыптастырады
Цифрлық дәуір адамзаттың ақпаратты қабылдау тәсілін түбегейлі өзгертіп жатыр. Қазіргі адам қолы босай қалса, кітапқа емес, төртбұрышты телефонға көп телміретін күйге жетті. Бұл жағдай балалардың да өміріне өз әсерін тигізіп келеді. Осындай ақпарат тасқыны заманында контенттің қай тілде ұсынылатыны маңызды мәселеге айналды. Әсіресе ұлттық тілде сапалы контенттің болуы біз үшін мәдени қажеттілік емес, стратегиялық маңызы бар құбылыс болмақ.
Талбесік • 05 Маусым, 2026
Алматыда сирек өсімдіктер қоры жасалады
Алматының Ботаникалық бағы бұған дейін де кез келген жерден кездесе бермейтін сирек өсімдіктерге бай болатын. Алайда бақты қайта жаңарту жұмыстары оның тынысын ашып, бүгінде тұрғындар мен қала қонақтары жиі келетін тыныштық пен табиғат мекеніне айналып келеді.
Экономика • 05 Маусым, 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу жолдары» атты Жолдау жасағаны мәлім. Осы стратегиялық құжат негізінде биылғы жылдың ресми түрде «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялануы, шын мәнінде ұлттық экономиканың қан тамырына жаңа серпін берген шешім болды. Бұл бағытта еліміздің индустриялық аймағы саналатын Қарағанды өңірі өзінің байырғы өндірістік дәстүрін озық технологиямен ұштастырып, цифрлық көштің алдына нық шығып отыр.
Экономика • 05 Маусым, 2026
Жол сапасына – экологиялық қағидат
Әлемдік тәжірибеде жол құрылысына экологиялық талаптар күшейіп, қалдықсыз технологиялар кең қолданыла бастады. Біздің ел де бұл бағыттан шет қалмай, жол саласына «жасыл» инновацияларды енгізуге нақты қадамдар жасап келеді.
Экономика • 05 Маусым, 2026
Картаны кассаға айналдырғандар мобильді аударымдарды бақылауға себеп болып отыр
Қазір мобильдік аударымдардың «дәурені» жүріп тұр. Сауда да, қызмет те, қарыз қайтару да, туысқа көмек жіберу де телефон арқылы жүзеге асады. Егер 2021 жылы төлем карталары мен электрондық банкинг арқылы 6,3 миллиард операция жасалса, былтыр олардың саны 14 миллиардқа жеткен. Бес жыл ішінде қолма-қол ақшасыз төлемдердің көлемі 73,1 триллион теңгеден 188,4 триллион теңгеге дейін ұлғайған. Цифрлық төлемдердің үлесі артқан сайын мемлекет те қаржы айналымына қойылатын талаптарды күшейте бастады. Соның бірі – мобильді аударымдарды мониторингілеу.
Саясат • 05 Маусым, 2026
Мәскеудегі мемлекеттік рәміздер шарасы
Мәскеуде Қазақстанның Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті. Еліміздің Ресей Федерациясындағы елшілігінде өткен іс-шарада тұңғыш қазақ ғарышкері, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров қонақ болды.
Оқиға • 05 Маусым, 2026
Павлодар облысында жол апатынан жасөспірім қаза тапты
Павлодар облысында ауыл маңында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған жасөспірім көз жұмды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 05 Маусым, 2026
Жобалардың орындалу барысымен танысты
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңір өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы саласының даму қарқынымен танысып, ірі өндірістік, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысын тексерді. Сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері зерделеніп, алдағы даму кезеңіне арналған міндеттер айқындалды.
Саясат • 05 Маусым, 2026
Конституцияны нығайтатын заңдар топтамасы
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтті. Онда сенаторлар жаңа Конституцияны іске асыруға бағытталған бірқатар заңды мақұлдады.
Саясат • 05 Маусым, 2026
Адам игілігі – мемлекет ілгерілеуінің басты өлшемі
Мемлекеттің қуаты тек экономикалық көрсеткіштермен өлшенбейді. Оның шынайы көрінісі халық тұрмысынан, отбасы берекесінен, баланың білімі мен қарттың қамсыз тіршілігінен байқалады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған Әділетті Қазақстан тұжырымдамасы да осы қағидатқа негізделген.
Экология • 05 Маусым, 2026
Қоршаған ортаны қорғау жауапкершілігі
Бүгін – Дүниежүзілік экологтер мен қоршаған ортаны қорғау күні. Экология мәселесі әрдайым стратегиялық маңызға ие. Сәт сайын сан құбылып, мінез танытатын жаһандық климаттың өзгеруі, табиғи ресурстарға деген қызығушылық қоршаған ортаға әсер етпей қоймайды. Тіршілік көзі саналатын су қорының тартылуы, өндірістің сан салалы өркен жаюы экологиялық қауіпсіздікке әрдайым баса назар аудару қажеттігін аңғартады.