ас
Руханият • 04 Шілде, 2024
Астанада түрікмен ақыны Мақтымқұлы Пырағының ескерткіші ашылды
Астанада түрікмен халқының ұлы ойшылы, көрнекті ақын Мақтымқұлыға арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 04 Шілде, 2024
Шетелдіктер асырап алған тағы бір қазақ туған анасымен кездесті
Канадада 17 жылдан бері тұрып келе жатқан Маңғыстаудың тумасы Райан Жандос туған анасымен кездесу үшін Қазақстанға келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 04 Шілде, 2024
Елордада «ШЫҰ+» кездесуі өтіп жатыр
Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті аясында ұйымдастырылған «ШЫҰ+» кездесуі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 04 Шілде, 2024
Нұрлан Ермекбаев ШЫҰ Бас хатшысы болып тағайындалды
Қазақстанның өкілі Нұрлан Ермекбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2025-2027 жылдарға арналған бас хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Шілде, 2024
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ХҚКО мен арнайы ХҚКО-лар мереке күндері қалай жұмыс істейтінін түсіндірді. Астана күнін мерекелеуге байланысты сенбі, 6 шілдеде орталықтар жұмыс істемейтіні айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 04 Шілде, 2024
ШЫҰ саммиті барысында 25 құжатқа қол қойылды
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы барысында 25 маңызды құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 04 Шілде, 2024
ШЫҰ-ның 2024-2025 жылдарға арналған мәдени астанасы белгілі болды
Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) 2024-2025 жылдарға арналған мәдени астанасы аталды. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысында мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Шілде, 2024
«Заңгер» журналының бас редакторы көз жұмды
«Заңгер» журналының бас редакторы қызметін атқарған Майя Асқарқызы Ағыбаева 81 жасқа қараған шағында көз жұмды. Қайғылы хабарды Zakon.kz сайты жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 04 Шілде, 2024
Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 04 Шілде, 2024
Президент ШЫҰ аясында Экономикалық жеңілдіктер базасын құруды ұсынды
Астанада өткен ШЫҰ саммиті барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту - ынтымақтастықтың тағы бір маңызды бағыты екенін айта кетті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 04 Шілде, 2024
Мемлекет басшысы «Шанхай ондығына» кіретін елдер үшін стратегиялық маңызы бар бағыттарды атады
Президент қауіпсіздік саласындағы өзара сенім мен ынтымақтастықты нығайтуды бірінші маңызды бағыт ретінде атады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 04 Шілде, 2024
Қазақстан ШЫҰ төрағасы ретінде барлық мақсат-міндетті толығымен орындады - Президент
Астанада ШЫҰ саммиті өтіп жатыр. Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ұйымға төрағалығы аясында атқарылған жұмыстардың қорытындысы жөнінде баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 04 Шілде, 2024
Шанхай ынтымақтастық ұйымы өзін бірегей алаң ретінде көрсетті - Президент
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 04 Шілде, 2024
Қырғызстан ШЫҰ жастарының цифрлық форумын өткізуге ниетті
2025 жылы ШЫҰ жастарының цифрлық форумы өтеді. Айтулы іс-шара Қырғызстанда өтеді деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 04 Шілде, 2024
Fix Price «Астана» халықаралық қаржы орталығына көшті
Fix Price Group PLC компаниясы Кипрден «Астана» халықаралық қаржы орталығына қайта тіркелді. Редомициляция, дәлірек айтқанда, көшу процесі – компанияның бүкіл бизнес-құрылымымен, компанияның қолданыстағы шарттарымен және міндеттемелерімен заңды тұлға мәртебесін сақтай отырып, юрисдикциясын өзгертуін білдіреді, деп хабарлайды Egemen.kz АХҚО баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 04 Шілде, 2024
Беларусь Республикасы ресми түрде ШЫҰ-ға мүше болды
Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде Беларусь Республикасы Ұйымның толыққанды мүшесі болды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 04 Шілде, 2024
Жолдама иегері Милад Карими Францияда топ жарды
Францияның Труа қаласында спорттық гимнастикадан өткен халықаралық турнирде Қазақстан спортшысы Милад Карими чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық спорт • 04 Шілде, 2024
Садақ атудан Астанада халықаралық турнир өтті
Маусымның 27-сі – шілденің 2-сі күндері елорда төрінде садақ атудан халықаралық жарыс өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 04 Шілде, 2024
Миы шайқалған: Ақтауда жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалды
Қала тұрғынының айтуынша, жексенбі күні, яғни 30 маусымда, түн ортасында жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 03 Шілде, 2024
Мохаммад Мохбер ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді
Иран Ислам Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Мохаммад Мохбер Қазақстан Астанасына келді. Астана әуежайында оны Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 03 Шілде, 2024
ШЫҰ саммитінің қатысушылары концерттік бағдарламаны тамашалады
ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келген мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйымдар жетекшілері кешкі ас форматындағы концерттік бағдарламаны тамашалады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 03 Шілде, 2024
Елімізде ауылдық және қандас квотасы бойынша грант қалай бөлінеді?
Ұлттық тестілеу орталығы Қазақстанда ауылдық және қандас квотасы бойынша грантқа қалай түсуге болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 03 Шілде, 2024
Димаш Құдайберген Қазақстан мен Қытай Президенттері алдында өнер көрсетті
3 шілдеде опера әншісі Майра Мұхамедқызы мен әнші Димаш Құдайберген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге шағын концерт берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Шілде, 2024
Президент Қатар Мемлекетінің Әмірімен кездесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитіне қатысуға арнайы келгені және Қазақстанның халықаралық бастамаларын қолдағаны үшін Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 03 Шілде, 2024
Үкімет басшысы Қатар Әмірін елорда әуежайында қарсы алды
Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келіп жетті. Мәртебелі қонақты ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 03 Шілде, 2024
Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысымен келіссөз жүргізді
Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитіне қатысуға шақыруын қабыл алғаны үшін БҰҰ Бас хатшысына алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 03 Шілде, 2024
Ресей мен Түркия Президенттері Астанада кездесті
3-4 шілдеде өтетін ШЫҰ саммитіне қатысуға келген Ресей Президенті Владимир Путин мен Түркия басшысы Режеп Тайип Ердоған Астанада кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 03 Шілде, 2024
Мәжіліс депутаттары металлургтермен әлеуметтік қорғау мәселесін талқылады
Теміртау қаласында Мәжіліс депутаттары, «Amanat» партиясы фракциясының мүшелері Асхат Аймағамбетов, Бауыржан Смағұлов, Құдайберген Бексұлтанов және Арман Қалықов «Qarmet» металлургиялық комбинатының еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 03 Шілде, 2024
Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Астанаға келді
Садыр Жапаров 3-4 шілдеде өтетін ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді. Қырғызстан Президентін ҚР Үкіметінің басшысы Олжас Бектенов қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шахмат • 03 Шілде, 2024
Қазақстан шахматшысы Сербияда күміс олжалады
Сербияның бас шаһары Белградта есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында шахматтан әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.