Қылмыс • 04 Шілде, 2024

Миы шайқалған: Ақтауда жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалды

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қала тұрғынының айтуынша, жексенбі күні, яғни 30 маусымда, түн ортасында жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Миы шайқалған: Ақтауда жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалды

Куәгердің сөзінше, оны ұрып-соғып, нәтижесінде ол ми шайқалуы, параорбитальды гематома және бетінде көптеген көгерулер алған.

Облыстық көпсалалы аурухананың баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккенді дәрігерлер қарап шығып, медициналық көмек көрсетіп, амбулаторлық емдеуге жіберді.