аң
Спорт • 01 Маусым, 2026
Заңғар Нұрланұлы «Ролан Гарростың» үшінші кезеңіне шықты
17 жастағы қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы америкалық Агасси Рашерді 6:2, 6:1 есебімен сенімді түрде жеңіп, жасөспірімдер арасындағы «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші кезеңіне өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 01 Маусым, 2026
«Зейнетақыңызды көбейтеміз»: жаңа алаяқтық тәсіл пайда болды
БЖЗҚ салымшылар арасында телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың жаңа түріне байланысты шағымдардың көбейгенін хабарлады. Қаскөйлер өздерін Қор қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтарға еңбек өтілінің бір бөлігі есепке алынбағанын және қайта есептеу арқылы болашақ зейнетақы мөлшерін арттыруға болатынын айтады, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 01 Маусым, 2026
Жаңа ипотекалық жоба арқылы аяқталмаған үйлерден пәтер алуға болады
Қазақстанда салынып жатқан тұрғын үйлерден пәтер сатып алуға мүмкіндік беретін «Орда Аймақ Плюс» атты жаңа өңірлік ипотекалық бағдарлама іске қосылды. Бағдарламаның операторы – Қазақстан тұрғын үй компаниясы, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 01 Маусым, 2026
60 млн теңгенің жанар-жағармайы: Шекарада заңсыз мұнай тасымалының жолы кесілді
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) Шекара қызметі мұнай өнімдерін мемлекеттік шекара арқылы заңсыз әкетуге жол бермеу үшін шаралар қабылдап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Мамыр, 2026
1 маусымнан бастап Қазақстанда не өзгереді?
Маусым айы қазақстандықтар үшін тағы да бірқатар маңызды өзгерістермен басталмақ. Елде электр энергиясы мен коммуналдық қызметтердің тарифі өсіп, жаңа мемлекеттік талаптар күшіне енеді. Сонымен қатар жастарға арналған ипотекалық бағдарлама іске қосылып, халықаралық рейстер саны артады. Еңбек заңнамасына түзетулер енгізіледі, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын пайдалану тәртібі жаңарады. Egemen.kz маусым айынан бастап қазақстандықтардың өміріне әсер ететін бірқатар өзгерістерді тізбектеп шықты.
Спорт • 31 Мамыр, 2026
Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы «Ролан Гарросты» жеңіспен бастады
Жасөспірімдер арасындағы Франция ашық чемпионатындағы алғашқы ойынын Заңғар Нұрланұлы жеңіспен бастады, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 31 Мамыр, 2026
Жаңаарқада I республикалық «Арқа аруы – 2026» байқауы өтті
Ұлытау облысы, Жаңаарқа аудандық мәдени-сауық орталығында Ақмарал Әлтаева атындағы I республикалық «Арқа аруы – 2026» сұлулық байқауы өтті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай өткен байқаудың мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ қыздарының өнері мен білімін, мәдениеті мен сұлулығын насихаттау, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 31 Мамыр, 2026
Қаржы нарығында жаңа өзгерістер: бейрезиденттерге қатысты талаптар қайта қаралады
Қазақстанда бейрезиденттердің банк шоттарын ашу тәртібіне өзгерістер енгізу жоспарлануда. Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту мәселелеріне қатысты қаулы жобасында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 31 Мамыр, 2026
Маңғыстауда құтқарушылар сорға батқан көліктегі британдық туристерді құтқарды
Маңғыстау облысындағы Тұзбайыр шатқалында жол талғамайтын көлік батпақты сорға батып, қозғала алмай қалған. 112 қызметіне хабар түскеннен кейін ТЖМ құтқарушылары оқиға орнына жедел жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 30 Мамыр, 2026
Елордада жаңартылған 8 аула балалар игілігіне берілді
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Астана қаласының Сарыарқа ауданында жаңартылған 8 аула мен бір қоғамдық кеңістік пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 30 Мамыр, 2026
Ішкі істер органдарында есепте тұрған жасөспірімдер саны 40,5 пайызға азайды
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2025 жылдың қыркүйегінен бастап барлық мектептер мен колледждерде «ДосболLIKE» және «KiVa» антибуллингтік бағдарламалары енгізілді. Нәтижесінде білім беру ұйымдарындағы буллинг деңгейі 2 пайызға төмендеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 30 Мамыр, 2026
Ұлттық орталық музейдегі ауа баптау жүйесі жаңартылды
Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейіндегі желдету және ауа баптау жүйесін жаңғырту жұмыстары аяқталды. Жоба Мемлекет басшысының тарихи-мәдени мұраны сақтау және музейлердің материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 29 Мамыр, 2026
2035 жылға дейін Қазақстанда 7 мың шақырым жаңа электр желісі салынады
KEGOC Үкіметке Ұлттық электр желісі қызметінің негізгі қорытындылары мен даму жоспарын таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 29 Мамыр, 2026
Қазақстан мен Ресей: Стратегиялық серіктестіктің жаңа мазмұны мен мүмкіндіктері
Халықаралық қатынастар жүйесі соңғы бірнеше жылда бұрын-соңды болмаған өзгерістер кезеңіне аяқ басты. Әлемдік саясаттағы күш орталықтарының қайта қалыптасуы, жаһандық экономиканың фрагментациясы, технологиялық бәсекенің күшеюі және қауіпсіздік мәселелерінің күрделене түсуі мемлекеттердің сыртқы саяси стратегиясына жаңа талаптар қойып отыр, деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 29 Мамыр, 2026
Зайсанда жаңа әуежайдың құрылысы аяқталуда
Зайсан ауданындағы жаңа әуежай құрылысына 300-ден астам адам тартылған. Облыс әкімдігінің мәліметінше қазіргі таңда әуежай құрылысы 75 пайызға аяқталған, деп хабарлайды Egemen.kz
Заң • 28 Мамыр, 2026
Ақбөкен мүйіздерін сақтау және тасымалдау: Заң бұзғандардың жауапкершілігі артады
Мәжіліс екінші оқылымда жануарлар дүниесі, орман және аңшылық шаруашылығы және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске (ӘҚБтК) енгізілетін ілеспе түзетулері қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Мамыр, 2026
Абзал Құспан: Батыс жұртшылығы мұнайдың зардабын тартып отыр
Мәжіліс депутаты Абзал Құспан заң жобасының авторы Еділ Жаңбыршинге мұнай компанияларына тексеріс жүргізу, осы мәселеге қатысты Экологиялық және Кәсіпкерлік кодекстердегі қарама-қайшылықтар жөнінде сұрақ қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 28 Мамыр, 2026
Бет-әлпетті жабатын киім киген 1 100-ден астам адам жауапқа тартылды
Ішкі істер министрлігі қоғамдық орындарда азаматтардың бет-жүзді тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым салу талабын сақтауын қамтамасыз етуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Мамыр, 2026
Әскери бөлімде ауыр жарақат алған сарбаз Ербаян Мұхтардың жағдайы күрт нашарлады
Ұлттық ұланның әскери бөлімінде ауыр ми жарақатын алған сарбаз Ербаян Мұхтардың жағдайы күрт нашарлады. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы сарбаздың оңалту және қалпына келтіру маманы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 27 Мамыр, 2026
Бұршақ, жаңбыр және найзағай: Қазақстан бойынша дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылғы 28 мамырда Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 27 Мамыр, 2026
Бүгін елдің көп бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
Синоптиктердің болжауынша, солтүстік-батыс циклонның жырасы және атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 26 Мамыр, 2026
Қазақстанның 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
27 мамыр күні бірқатар облыста қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл және шаңды боран күтіледі. Кей жерлерде желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Балалар • 26 Мамыр, 2026
Министр: Балалардың жазғы демалысы жаңа талаппен ұйымдастырылады
Биылдан бастап еліміздегі жыл бойы жұмыс істейтін және маусымдық демалыс орталықтарының қызметі лицензиялау арқылы реттеледі. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі балалардың қауіпсіз әрі сапалы демалысын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар нормативтік құқықтық актіні қайта қарап, бекітті. Сонымен қатар жазғы демалысты ұйымдастыру жұмыстарына 120 мың педагог-ұйымдастырушы мен 12 мыңнан астам студент және волонтер жұмылдырылады, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 25 Мамыр, 2026
Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Синоптиктер 26 мамырға жаңбыр, найзағай, дауыл, қатты жел және шаңды боран болатынын болжап отыр. Қолайсыз ауа райы Павлодар, Қарағанды, Атырау, Түркістан, Жамбыл, Қостанай облыстарында және басқа да өңірлерде күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 25 Мамыр, 2026
Қытай Жапония әскерінің күшеюіне алаңдап отыр
Қытай Жапония армиясының күшеюінен қауіптенеді. Көрші мемлекет күншығыс елін әскери шығындарын шамадан тыс арттырды деп айыптап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 25 Мамыр, 2026
Депутат: Дәрі-дәрмекке байланысты заңға маңызды түзетулер енгізілді
Депутат Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында тұтынушылар дәріханадан іздеген дәрісін таба алмай қалған жағдайда қажетті препаратты шетелден алдыруға мәжбүр болуына байланысты заңға маңызды түзетулер енгізілгенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 25 Мамыр, 2026
Ұлттық құрама: Дастан Сәтпаев маусым айында өтетін жолдастық кездесулерде алаңға шыға ма?
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов Армения және Мажарстан құрамаларына қарсы жолдастық кездесулерге шақырылған футболшылардың нақты тізімін жариялады. Қорытынды құрамға 25 ойыншы енді. Тізімде жастар арасынан көзге түсіп жүрген Дастан Сәтпаев пен Темірлан Анарбеков те бар, деп жазады Egemen.kz.
Мектеп • 25 Мамыр, 2026
Елордада жаңа оқу жылында қанша мектеп салынады?
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында мектептер салу және балаларға жайлы білім беру ортасын қалыптастыру тұрғысында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 24 Мамыр, 2026
Дүйсенбі күні еліміздің 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды
25 мамырда Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Атырау, Ақтөбе және Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 24 Мамыр, 2026
Филиппин астанасында мыңнан астам ғимарат өртенді
Филиппин астанасы Маниланың халқы тығыз қоныстанған кедей аудандарының бірінде өрт шықты. Жүздеген отбасы үйлерін тастап қашуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Egemen.kz.