Соңғы жаңалықтар
Әлем • 04 Маусым, 2026
Қырғызстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі атанды
Қырғызстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі атанды. Көрші ел дауыс берудің төртінші турында 142 дауыс жинап, Азия-Тынық мұхиты өңірі атынан үміткер болған Филиппин мемлекетінен басым түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 04 Маусым, 2026
Премьер-министр Олжас Бектенов «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді. Инвестициялық, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қаржы тарту, шикізаттық емес экспортты дамыту, сондай-ақ экономиканың нақты секторын мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.
Оқиға • 04 Маусым, 2026
Сәтбаевта стадионды бүлдірген балалардың ата-аналары жауапқа тартылады
Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында орналасқан «Юность» стадионында вандализм жасаған балалар анықталды. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада бірнеше баланың стадиондағы орындықтарды сындырып жатқан сәті көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 04 Маусым, 2026
Серіктестіктің стратегиялық бағыттары айқындалды
Премьер-министр Олжас Бектенов пен Кипр Президенті Никос Христодулидис Кипр Президентінің ресми сапары аясында Астанада өтіп жатқан Қазақстан-Кипр бизнес-форумына қатысты.
Қазақстан • 04 Маусым, 2026
Жақында іске қосылған LRT Арқа төрінде бой көтерген бас қаланың ажарын айшықтай түсті. Әлеуметтік желіде жер үстіндегі пойыздың іші тұрмақ, елорда көшелерімен жүйткіген сәті көпшіліктің қызығушылығын оятты. Мұны көруге асыққан өңірлердегі отандастарымыз Астанаға ағылды. Әсіресе ерке Есілдің оң жағалауындағы Шәмші Қалдаяқов көшесіне келушілер, сол маңда түрлі фотосессия жасаушылар көбейді. Мереке қарсаңында біз де барып, жұртшылықпен тілдесіп қайттық.
Оқиға • 04 Маусым, 2026
Қосшыда 10 жастағы бала суға батып кетті
Ақмола облысында тыйым салынған аумаққа шомылуға барған он жастағы бала суға батып, көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 04 Маусым, 2026
Елтаңба – мемлекеттің тарихи тамырын, мәдени мұрасын айшықтайтын елдік нышан. Осынау қасиетті рәміз әр елдің рухани болмысынан хабар беріп, танымынан сыр шертуге тиіс. Бірлік пен ұлттық рухтың рәмізі саналатын төл Елтаңбамыз 1992 жылы 4 маусымда қабылданған еді.
Үкімет • 04 Маусым, 2026
Қазақстанда азаматтарды қолдаудың ауқымды жүйесі қалыптастырылды
Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті және әлеуметтік бағдарланған Қазақстан құру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында халықты қолдауға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр. Жаңа Конституцияда бекітілген әлеуметтік мемлекет қағидаттары азаматтардың барлық санатын − балалы отбасыларды, жастарды, мүгедектігі бар адамдарды, зейнеткерлерді, әлеуметтік сала қызметкерлерін және табысы төмен азаматтарды қамтитын нақты шешімдер арқылы жүзеге асырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 04 Маусым, 2026
Азаттық айғағы, бостандық байрағы
Ел тәуелсіздігі мен бірлігін айшықтап тұрған көк туымызды әрбір азамат қастерлі әрі басты мемлекеттік рәміздер қатарында екенін жақсы біледі. Бұл алдымен оның тереңде жатқан тарихымен байланысты. Ту – ел мен жер үшін күрескен жаугершілік заманнан бері елдің тәуелсіздігі мен бірлігін білдіретін басты нышан.
Қазақстан • 04 Маусым, 2026
Осыдан төрт жыл бұрын Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы бекітілген еді. Аталған стратегиялық құжатты іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында бірнеше ауқымды міндет көзделген. Соның ішіндегі ең басты бағыттардың бірі – қоғамда жемқорлықтың кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік ахуалын орнықтыру. Атап айтқанда, бұл қадам әлеуметтік құндылықтарды жаңғырту мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыруды, мемлекеттік аппараттың парасаттылық қағидаттарын нығайтуды, сондай-ақ өскелең ұрпақтың бойында әділдік пен отаншылдық қасиеттерді қалыптастыру шараларын толық қамтыды.
Саясат • 04 Маусым, 2026
Әбутәліп Мутәлі: Кибералаяқтықты заң мен тәртіп жеңеді
Мәжілістің өткен аптадағы жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы екінші оқылымда қабылданды. Мұндағы мақсат – еліміздегі байланыс инфрақұрылымын дамыту, перспективалы телекоммуникациялық технологияларды енгізу, халықты жылдамдығы жоғары интернетпен, сапалы әрі қолжетімді байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету. Осы ретте Мәжіліс депутаты, ІТ-технология саласындағы білікті мамандардың бірі Әбутәліп МУТӘЛІМЕН сұхбат құрып, саладағы соңғы өзгерістерді жан-жақты талқылап көрдік.
Зерде • 04 Маусым, 2026
Ел тарихындағы ақтаңдақтардың бірі – Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында кеңес әскері құрамында майданға қатысып, кейін неміс тұтқынына түскен азаматтардың тағдыры. Ұзақ жыл бойы бұл тақырып жабық күйінде қалып, соғыс тұтқындарының көрген азабы мен кейінгі өмірі туралы ашық айтылмады, жазылмады.
Зерде • 04 Маусым, 2026
Ұлт тарихын пайымдаудың жаңа парадигмасы
Елорда төрінде өткен Алтын Орда тарихына қатысты алқалы жиын ұлт тарихын пайымдаудың жаңа парадигмасына айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағдарламалық баяндамасы тарихшылар ғана емес, көптеген гуманитарлық сала мамандары мен ғалымдарға да жаңа бағыттар ашып берді. «Тарихты жеңімпаздар жазады» деген қағидатпен келіспейтінін атап айтқан Президент тарихқа әділ әрі бейтарап қарау қажеттігін алға тартып, шынайы тарихнаманы қалыптастырудың басым бағыттарын атады.
Футбол • 04 Маусым, 2026
«Атырау» футбол клубы ресми түрде жекеменшікке өтті
«Атырау» футбол клубы 100 пайыз «Caspian Football Group» ЖШС-нің қарамағына өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 04 Маусым, 2026
Павлодарлық мектеп түлегі ұлттық бірыңғай тестілеуден рекордтық 140 ұпай жинады. Әлтайыр Әсет облыс орталығындағы № 7 орта мектепті тәмамдағалы отыр.
Білім • 04 Маусым, 2026
Оқушылар өнерін шыңдайтын орталық
Жезқазған қаласында «Шабыт» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы ашылды. Жаңа нысан Болат Өтемұратов қорының қолдауымен салынды.
Білім • 04 Маусым, 2026
Шағын мектептердің мүмкіндігі қандай?
Биылдан бастап «Qazaq Digital Mektebi» жобасы қанатқақты режімде еліміздің жеті облысында іске асады. Білім сапасын арттыруға бағытталған жоба шалғай ауылдардағы шағын мектептерді қамтып, оқушыларға, мұғалімдерге жаңа технологиялар қолжетімді болмақ.
Экономика • 04 Маусым, 2026
Арқа төсіндегі ақ металл жаңа автокөліктерге қойыла бастады
Арқаның алюминий құймалары автоөндіріс саласында шикізат үшін ғана пайдаланылмай, дайын өнімдер тізбегіне айналып үлгерді. «Вектор Павлодар» ЖШС бүгінде қанатын кеңге жайып, жылына 300 мың дана автокөлік дискісін шығарады. Бұйым отандық және ресейлік нарықта танымал.
Экономика • 04 Маусым, 2026
Мұрагерліктің де жауапкершілігі бар
Жақын адамнан айырылу оңай емес. Бірақ қазадан кейін қағаз қуалау, мұра рәсімдеу, құжат түгендеу сияқты тіршілік тағы бар. Осы қат-қабат шаруаның қалтарысында қаншама даулы мәселе жатыр. Бірі 6 айлық мерзімді өткізіп алып, мұрасынан қағылса, енді бірі марқұмның қарызын өтеуге мәжбүр болады. Бұл турасында мұрагерлікке қатысты заң не дейді? Азаматтар қандай қателікке жиі ұрынады?
Балалар • 04 Маусым, 2026
Балалар мерекесіндегі шаттық күй
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Шымкенттегі Орталық саябақта «Бақытты шақ» атты мерекелік іс-шара өтті. Оған қаладағы түрлі шығармашылық орталықтың өнерпаз оқушылары қатысты. Алдымен қонақтарға фотокөрме мен мольберттегі сурет көрмесі, үрмелі аспаптар оркестрінің салтанатты шеруі және домбырашылар оркестрінің концерті ұсынылды. «Ұлттық өнер – ұрпаққа мұра» атты тақырыпта жас қолөнершілердің шеберлігі көрсетілді. Жеткіншектер саз балшықтан құмыра, ағаш, былғарыдан бұйымдар, қағаздан көркем туындылар, сымтемірден шағын мүсіндер жасады. Сондай-ақ келушілерге қуыршақ дайындау әдісі мен ұлттық үстел ойындары таныстырылды. Қысқасы, мерекелік іс-шара барысында балалар көтеріңкі көңіл күймен жұртшылыққа өз өнерлерін тарту етті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Халықаралық балалар күнін атап өтудегі мақсат – өрендердің таным-түсінігін кеңейтіп, рухани қолдау көрсетіп, сондай-ақ жас ұрпақты патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеп, оларға ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Талбесік • 04 Маусым, 2026
Баянауылдағы Шөптікөл ауылының тұрғындары ұзақ жылдардан бері кеніштен саулаған көк түтіннің арасында өмір сүруге мәжбүр. Өркениет игілігінен жұрдай, аралда қалғандай күн кешіп отырған ауыл жұрты келешектеріне күмәнмен қарайды. Қырық жылға таяу уақытта қордаланып қалған мәселелерге жергілікті биліктің де еті үйреніп кеткен сыңайлы.
Спорт • 04 Маусым, 2026
Түркістанда ескек есуден жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды. 7 маусымға дейін созылатын жарыста Дінмұхамед Шынқожаев, Дмитрий Холмогоров, Егор Краснонос, Денис Кленин, Михаил Затолокка, Дмитрий Ладюков, Эдуард Ярлыков, Глеб Ударцев, Анатолий Русаков, Евгений Русаков, Стелла Суханова (байдарка), Сұлтан Шарапиев, Полат Төребеков, Владислав Руденко, Юрий Горобов, Татьяна Гладкова, Валентина Трапезникова, Елизавета Масякина, Мария Бровкова, Мария Карманова, Ульяна Киселёва, Руфина Ысқақова (каноэ) сынды спортшылар ел намысын қорғайды.
Кино • 04 Маусым, 2026
Балаларды қорғау күніне орай Астана, Алматы, Екібастұз қалаларында отандық фильмдер мен анимациялық туындылардың тегін көрсетілімдері өтті.
Аймақтар • 04 Маусым, 2026
795 млн теңге: Арқалық тұрғыны заңсыз қудалау үшін өтемақы алуы мүмкін
Техногендік минералдық түзілімдерді заңсыз иемденді деген күдікпен сотталған Арқалық тұрғыны толық ақталды. Оған мемлекетке 795 миллион теңгеден астам шығын келтірді деген айып тағылған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шахмат • 04 Маусым, 2026
Норвегия астанасы – Ослода өтіп жатқан «Norway Chess Women» турнирінде Бибісара Асаубаева алдына жан салар емес.
Аймақтар • 04 Маусым, 2026
Интеллектуалдық ордаға айналады
Түркістан қаласында Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының жаңа заманауи ғимараты пайдалануға берілді.
Тағзым • 04 Маусым, 2026
Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде белгілі лингвист ғалым, қоғам қайраткері, ұлт руханияты мен білім саласының көрнекті өкілі Мұхтар Арынның 90 жылдығы аталып өтті.
Ауа райы • 04 Маусым, 2026
Найзағай мен қатты жел: Бүгін ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» мамандарының болжамынша, 4 маусым күні еліміздің көптеген өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 04 Маусым, 2026
Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні
Жыл сайын 4 маусым күні Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтеді. Бұл күн еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін айқындайтын ерекше мереке, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Маусым, 2026
Атыраудағы ойын-сауық саябағында өрт шықты
Атырау қаласының Авангард шағынауданында орналасқан ойын-сауық саябағында өрт болды. Өрт кезінде қорқыныш бөлмесі мен карусель отқа оранған, деп хабарлайды Egemen.kz.