е
Еңбек • 29 Шілде, 2025
Жұмыссыздық азайып, еңбек нарығы кеңейіп келеді
2025 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысына сәйкес елімізде жұмыссыздық деңгейі 4,6% мөлшерінде сақталып отыр. Бұл – еңбек нарығындағы тұрақтылықтың көрсеткіші. Жұмыспен қамтылған азаматтардың саны 9,2 миллионға жетсе, оның ішінде жалдамалы жұмыскерлер 7,1 миллионды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 2,1 миллион адамды құрап отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 29 Шілде, 2025
Берлин билігі босқындарға жұмсалатын шығынды шектеді
Германия үкіметі босқындарға арналған ерекше әлеуметтік қолдауды шектеуге кірісті. Атап айтқанда, 2025 жылғы 28 шілдеден бастап Берлинде босқындардың Сирия, Ауғанстан және Ирактағы туыстарын елге шақыруға арналған жеңілдетілген бағдарлама тоқтатылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Университет • 29 Шілде, 2025
Абай университеті 3500 ден астам студентке жатақханадан орын береді
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде жаңа оқу жылына дайындық аясында білім алушыларды жатақханамен қамтамасыз ету мақсатында «Ахуалдық орталық» жұмысы 7 шілдеден басталған болатын, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 29 Шілде, 2025
Еліміздегі 245 мектеп кешенді реновациядан өтеді
Президент тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда заманауи бірыңғай мектеп инфрақұрылымына көшуге бағытталған кең ауқымды жаңғырту жұмыстары қолға алынды. Алдағы үш жыл ішінде еліміз бойынша 1231 мектеп жаңартылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 28 Шілде, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасына ресми сапармен келді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Ауа райы • 28 Шілде, 2025
Алдағы күндері аптап ыстықтың беті қайтып, күн салқындай бастайды
Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 28 Шілде, 2025
Магистратураға тестілеу басталғалы 54 қатысушының нәтижесі жойылды
Тестілеу басталғалы 22 мыңға жуық адам магистратураға түсу үшін КТ тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеп.
Мәдениет • 28 Шілде, 2025
«Hassak» тобы III халықаралық цирк фестивалінің Бас жүлдесін иеленді
Алматыда қала әкімдігінің қолдауымен Қазақ мемлекеттік циркінің 55 жылдығына орай өткен III Халықаралық Almaty Circus Festival цирк өнері фестиваліне әлемнің 10-нан астам елінен артистер қатысты. Биыл фестивальге қатысу үшін Ресей, Қытай, Украина, Вьетнам, Израиль, Якутия сияқты 20 мемлекеттен 100-ден астам өтінім келіп түскен, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Шілде, 2025
48 орталық және жергілікті атқарушы органның ашықтық деңгейі бағаланды
Биылғы алғашқы жартыжылдықта Қазақстанда мемлекет пен азаматтар арасындағы кері байланыс тетіктері қарқынды дамуда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 28 Шілде, 2025
РФ Премьер-министрі Қазақстан Президентінің білім беру байланыстарын дамытудағы рөлін атап өтті
Ресей Федерациясының Премьер-министрі Михаил Мишустин Омбы қаласында орналасқан жетекші қазақстандық жоғары оқу орны – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалына барды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 28 Шілде, 2025
Мемлекет басшысы опера әншісі Әйгерім Алтынбекті құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Италияда өткен ХІ халықаралық CLIP 2025 опера байқауында топ жарып, жеңімпаз атанған Әйгерім Алтынбекке құттықтау жеделхатын жолдады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәдениет • 28 Шілде, 2025
Черногорияда Абай орталығы ашылды
Черногорияның Подгорица қаласындағы Ұлттық кітапханада ұлтымыздың бас ақыны, философ, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Абай орталығы ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Теңге • 28 Шілде, 2025
Теңге бір күн ішінде 3,5 теңгеге нығайды
Теңге біршама нығайды, бірақ айырбастау бағамы әлі жоғары. Валюта айырбастау орындарында доллар 545-548 теңге аралығында сатылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Шілде, 2025
Алакөлде емхана мен мектеп жеткілікті ме
Алакөл ауданының Достық ауылында 600 орындық «Келешек мектебі» жаңа оқу жылында ашылады. Сонымен қатар Үшарал қаласында да 600 орындық жаңа мектеп құрылысының жобасы дайындалуда. Бұл туралы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Шілде, 2025
Берденовке жасалған шабуылдың себебі белгілі болды
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша алдын ала тыңдау өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 28 Шілде, 2025
ChatGPT-мен арадағы әңгіме сотта айғақ болуы мүмкін
Жасанды интеллектпен сөйлескен әңгімелеріңіз қауіпсіз әрі құпия деп ойласаңыз, қателесесіз. OpenAI компаниясының бас директоры Сэм Альтман ChatGPT-мен жазысқан хаттар заң жүзінде қорғалмайтынын және қажет жағдайда сотта айғақ ретінде пайдаланылуы мүмкін екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 28 Шілде, 2025
Футболшы Бахтиер Зайнутдинов түркиялық клубтан кетті
Енді Қазақстан құрамасы тарихындағы ең үздік бомбардир ресейлік «Динамо» клубында доп тебеді. Тараздың тумасы Бақтиер Зайнутдинов бұған дейін Түркияның «Бешикташ» командасының сапында болды, деп жазады Egemen.kz.
Балалар • 28 Шілде, 2025
Алматыда түнгі рейд кезінде ішімдік ішкен 9 бала анықталды
Алматыда «Түнгі қаладағы балалар» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 28 Шілде, 2025
Өткен аптада спортшылар қандай жеңіске жетті
Сала министрлігі спортшылардың өткен аптадағы жарқын жеңістеріне шолу жасады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Шілде, 2025
Зейнеткерлер мүгедектігі бар жұбайына жеке көмекші бола алады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жеке көмекші қызметін көрсететін азаматтар санатын кеңейтуді көздейтін бұйрық жобасын қоғамдық талқыға шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Мектеп • 28 Шілде, 2025
Мектептерге еркіндік беріледі - министр
Биыл 1 қыркүйек Білім күні ресми демалыс күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Осыған байланысты мектептердегі салтанатты жиындар мен мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру тәртібі өзгереді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 28 Шілде, 2025
Банк картасын үшінші тұлғаға бергендер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
Дербес деректерді қорғауға және қаржы қызметі саласындағы қауіпсіздікті арттыру бағытында ҚР қылмыстық заңнамасына маңызды өзгеріс енгізілді, деп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 28 Шілде, 2025
Газ есептегішке ЖИ көмектеседі
QazaqGaz Aimaq компаниясы тұтынушылардан газ есептегіш құрылғыларының көрсеткіштерін автоматты түрде қабылдауға арналған жасанды интеллект (ЖИ) негізіндегі мобильді қосымшаны енгізуді бастады. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 28 Шілде, 2025
Әйгерім Алтынбек CLIP 2025 байқауының абсолютті жеңімпазы атанды
Опера әншісі Әйгерім Алтынбектің CLIP 2025 (Concorso Lirico Internazionale di Portofino) XI халықаралық опера байқауында бағы жанды. Жас әнші жай ғана жеңіске жеткен жоқ. Оандасымыз байқаудың негізгі номинацияларынан өтіп, абсолютті жеңімпаз атанды. Байқаудың бірінші жүлдесін, көрермендер сыйлығын, «Үздік әйел дауысы» үшін сыйлық пен музыка сыншысы, арт-директор және оқытушы Карло Майер сыйлығына қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 28 Шілде, 2025
Жеңісімді 2028 жылы Лос-Анджелесте қайталағым келеді - Елдос Сметов
Қазақстандық дзюдошы, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов өзінің Instagram парақшасында 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қатысып, өз жетістігін қайталауға ниетті екенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 28 Шілде, 2025
Қытайда «Хан Тәңірі» инновациялық хабы ашылды
Zhangjiang ғылыми-технологиялық паркінде, Азияның «Кремний алқабында» Орталық Еуразия елдерінің технологиялық мүмкіндіктерін Қытайдың ірі экожүйесімен байланыстыруды мақсат еткен алғашқы кәсіби алаң – Khan Tengri Innovation Hub («Хан Тәңірі» инновациялық хабы) өз жұмысын ресми түрде бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Шілде, 2025
Тәуелділікке шалдыққан адамдарды емдеуге 62,3 млрд теңге бөлінеді
Психикалық және мінез-құлықтық ауытқулары бар, оның ішінде түрлі тәуелділікке шалдыққан адамдарды емдеуге мемлекет 62,3 млрд теңге бағыттап отыр. Бұл қаражат кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында қарастырылған. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Пікір • 28 Шілде, 2025
Су қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі стратегиялық қадам
Ғылым мен техника саласындағы 2025 жылғы Әл-Фараби атындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығына ұсынылған «Қазақстан Республикасының Гидрогеологиялық карталарының атласы» – ғылыми дәлдік пен заманауи технологияның үйлесімінен туған бірегей еңбек. Атлас авторлары – М.К. Абсаметов, Р. Аязбаев, Е.И. Көлдеев, Е.Ж. Мұртазин, В.А. Смоляр. Аталған авторлар – отыз жылдан астам уақытты қамтыған (1985-2020) кешенді гидрогеологиялық зерттеулерді жүйелеп, оны практикалық тұрғыда қолдануға ыңғайлы, жоғары технологиялық өнімге айналдырды.
Оқиға • 28 Шілде, 2025
Астанадағы орталық саябақ жолы жабылады
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы орталық саябақ аумағындағы жолдың үстіңгі қабатын төсеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 28 Шілде, 2025
Гидрогеологиялық карталар атласы – маңызды жоба
Мен «Қазақстан Республикасының Гидрогеологиялық карталар атласы» атты ғылыми еңбекті жоғары бағалаймын және оны 2025 жылғы Әл-Фараби атындағы ғылым мен технологиялар саласындағы Мемлекеттік сыйлыққа ұсыну орынды әрі маңызды қадам деп санаймын.