у
Парламент • 20 Мамыр, 2024
Мәжіліс төрағасы Түркия Парламентінің басшысымен кездесті
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Қазақстанға ресми сапармен келген Түрік Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмушпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 20 Мамыр, 2024
«Ońtústіk» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды
Жаңа лауазым иесін шығармашылық ұжымға «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» Акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Азамат Кеңесұлы таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 20 Мамыр, 2024
Президент Түркия Ұлттық Мәжілісінің төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмушты қабылдады. Кездесуде Қазақстан мен Түркияның кеңейтілген стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту мәселелері талқыланды, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 20 Мамыр, 2024
Су тасқыны: Ерекше күтімді қажет етушілер эвакуацияланады
Махамбет ауданы, Сарайшық ауылындағы №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында ерекше күтімді қажет етуші тұрғындар тасқын қаупі жағдайында Атырау қаласына көшіріледі. Бұл туралы Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 20 Мамыр, 2024
Қазақстанда 2 градусқа дейін аяз болады - синоптиктер
«Қазгидромет» РМК мамандары алдағы үш күнге, дәлірек айтқанда 21, 22 және 23 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 20 Мамыр, 2024
Ақмола облысының прокуроры тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі негізінде Бас Прокурордың 2024 жылғы 17 мамырдағы бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Руфат Бауыржанұлы Құттықов Ақмола облысының прокуроры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Аймақтар • 20 Мамыр, 2024
Тасқын қаупі: Атырауда 94 эвакопункт дайын тұр
Тасқын қауіпі төнген жағдайда тұрғындарды қауіпсіз жерлерге көшіру мақсатында Атырау қаласында 94 эвакуациялық пункт дайындалды. Сыйымдылығы - 10 250 орын. Бұл туралы облыстың Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Мамыр, 2024
«Соңғы қоңырау» күні мектептерді полиция бақылайды - ІІМ
Биылғы оқу жылының аяқталуына 5 күн қалды. 25 мамыр күні мектеп түлектері бұл күнді өз бетінше мерекелеу кезінде түрлі төтенше жағдайға тап болып жатады. Оқыс оқиғалардың алдын алу үшін Ішкі істер министрлігі әр мектепке жауапты полиция қызметкері бекітілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Мамыр, 2024
Су тасқыны басталғалы бері Құлсарыға 1 мың тонна гуманитарлық көмек жеткізілді
Су тасқыны басталғалы бері Жылой ауданына 1 мың тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. Бұл мәліметті Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 20 Мамыр, 2024
Балқашта су деңгейі 8 см-ге көтерілді
Трансшекаралық Іле өзенінен Балқаш көліне су жіберу жалғасып жатыр. Осыған байланысты Балқаштағы су деңгейі 8 сантиметрге көтерілді. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 20 Мамыр, 2024
Ақтөбеде наубайханадан ірі өрт шығып, 40 адам эвакуацияланды
Ақтөбеде бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан шағын наубайханадан ірі өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Мамыр, 2024
Өр суы Махамбет ауылына қауіп төндіріп жатыр
Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы облыстағы су деңгейі туралы жедел ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 20 Мамыр, 2024
Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 19 Мамыр, 2024
Елімізде кімдер тісін тегін емдете алады?
Жоспарлы стоматологиялық көмекті 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдер тегін алуына болады. Жоспарлы көмекке жақтың және тістің рентгенографиясы, пломба салу, ауырсынуды басу арқылы қарапайым және күрделі тісті жұлу кіреді, деп жазады Egemen.kz.
Зерде • 19 Мамыр, 2024
Оқушыға қауіп төнгенде құзырлы органдарға хабарлайтын қосымша әзірленді
Ақтөбе қаласы Ұ.Құлымбетов атындағы №64 мектебінің 10-сынып оқушысы жасанды интеллект тақырыбына қызығушылық танытып, зерттеу жүргізіп, оқушыға қауіп төнгенде құзырлы органдарға хабарлайтын «NazarAI» қосымшасын ойлап тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2024
Ақтауда мас жүргізушісі балалар мінген көлікке соқтығысты
Ақтауда мас жүргізушісі балалар мінген көлікке соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2024
Құлсарыдан 10 тоннадан астам қоқыс шығарылды
Құлсары қаласының су басқан аулаларынан 10 тоннадан астам қоқыс пен тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылған. «Жылыой Тазалық ЖШС учаскесінің бастығы Асқар Теміржан айтып өткендей, аталған мекеме қызметкерлері су басқан үйлерден күніне 1,7 тоннаға дейін тұрмыстық қалдықтарды шығарып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
Ауа райы • 19 Мамыр, 2024
20 мамырда еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады - Қазгидромет
"Қазгидромет" РМК еліміз бойынша 20 мамырға арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 19 Мамыр, 2024
Elorda Cup: 14 боксшымыз «алтын» иеленді
12 мамырда басталған III Elorda Cup турнирі аяқталды. 6 күнге жалғасқан турнирде 24 салмақ бойынша жеңімпаздар анықталып, 8 боксшы былтырғы чемпиондық атағын қорғап қалды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2024
Жарсуат, Құрылыс ауылдары бөгеттеріне Жайық суы келді
Жарсуат пен Құрылыс ауылдарында Жайық суы бөгетке келіп тұр. Әйтсе де, Индер ауданындағы аталған қауіпті аумақтарда ахуал тұрақты, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
Спорт • 19 Мамыр, 2024
Нариман Құрбанов Азияның екі дүркін чемпионы атанды
Спорттық гимнастикадан Өзбекстанның бас шаһары Ташкентте өтіп жатқан Азия біріншілігінде отандасымыз топ жарды. Гимнастикалық ат снаряды финалында 15.600 ұпай жинаған Нариман Құрбановқа алтын медаль тағылды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2024
Облыс әкімі тасқын қаупі жоғары ауылдардағы жұмыстармен танысты
Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов Махамбет ауданындағы Талдыкөл, Сарайшық, Махамбет, Сарытоғай, Ақжайық ауылдық округтеріндегі бөгеттерді нығайту жұмыстарын тексеріп, нөпір суды елді мекендерден қауіпсіз өткізу туралы тапсырма берді. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми парақшасынан мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Университет • 19 Мамыр, 2024
Жоғары білім бағдарламалары: Климаттық өзгерістер
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Климат өзгерісі бойынша білім берудің болашағы: педагогтар мен стейкхолдерлер арасында синергия құру» тақырыбында Азия форумы өтті. Абай университеті, Окаяма университеті, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік кеңсесі бірлесіп ұйымдастырған форумға Жапонияның ғылымды дамыту қоғамы (JSPS) қолдау көрсетті. Форум климаттың өзгеру мәселелерін шешу үшін білім беру мекемелері мен стейкхолдерлер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуды, білім берудегі тұрақты даму мен инновацияға ықпал ететін бірлескен стратегияларды әзірлей отырып, білім және озық тәжірибе алмасу алаңын құруды көздейді.
Ұлттық спорт • 19 Мамыр, 2024
Ұлы дала жорығы: Үшінші маусым басталды
Павлодарда әйгілі геолог-ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон-бәйгенің үшінші маусымы басталды. Ашылу салтанатына «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, марафон-бәйгенің тең ұйымдастырушысы Әлібек Әлденей, «JORYQ» ат спорты федерациясының президенті Бақытжан Тұрлыбеков қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 19 Мамыр, 2024
Жаңаарқада Ұлттық ұлан батырын еске алуға арналған турнир аяқталды
Бүгін Ұлытау облысына қарасты Жаңаарқа ауданында Ұлттық ұланның батыры, республикалық жарыстардың чемпионы марқұм Айбат Амановтың құрметіне ұйымдастырылған бокстан үш күндік турнир мәресіне жетті. Жабылу салтанатына батырдың ата-анасы мен туыстары, марқұмның қызмет атқарған Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 5514 әскери бөлімі, сондай-ақ аудан әкімдігінің ардагерлері мен өкілдері қатысты. Облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өткен додада Жаңаарқа, Шет ауданы, Ақадыр кентінен келген боксшылар өзара мықтыны анықтады. Сарапшылар да спорттық шараның жоғары деңгейде өткенін бірауыздан айтты.
Университет • 19 Мамыр, 2024
ҚазҰУ-да коммуникация технологиясын дамыту зертханасы ашылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Қытай Халық Республикасы мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасары Лю Гочжун жұмыс сапарымен келді. Кездесу барысында ұлттық университетте «5G/5.5G коммуникациялық технологиялар» зертханасы ашылды.
Университет • 19 Мамыр, 2024
Аграрлық университетте САU филиалын құру келісіміне қол жеткізілді
Ғылым-білім беру орталықтары арасындағы өзара байланысты арттыру мақсатында Алматыға келген ҚХР Мемлекеттік кеңесі вице-премьері Лю Гочжун бастаған үкіметтік делегация Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде болып, ғылыми-инновациялық қызметімен танысты.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2024
Құлсарылық 250 тұрғын мүлік залалын бағалау нәтижелерімен танысты
Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды тұрғын үй және мүлікті бағалау нәтижелерімен таныстыру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп отыр. Мобильді топтар күшейтілген режимде жұмыс істеп отыр. Қала бойынша су басқан тұрғын үй иелерінен түскен 250 өтінім қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі штабына сілтеме жасап.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2024
«Махамбет-Индер» жолы уақытша жабылды
«Атырау – Орал» республикалық маңызы бар тас жолының 71-шақырымында жол үстімен өр суын өткізу жалғасып жатыр. Бұндай шешім өр суының мол келуіне әрі су қарқынының жоғарылығына байланысты, Махамбет ауданына қарасты Жайық бойында орналасқан елді мекендерді тасқын қауіпінен сақтау мақсатында қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстың Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Мамыр, 2024
Ел азаматтарының мобильді аударымдары әзір бақыланбайды – Қаржы министрлігі
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов журналистермен кездесуде 2024 жылы салық органдары жеке тұлғалардың мобильді аударымдарын қадағаламайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.