Аймақтар • 20 Мамыр, 2024

Су тасқыны: Ерекше күтімді қажет етушілер эвакуацияланады

52 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Махамбет ауданы, Сарайшық ауылындағы №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында ерекше күтімді қажет етуші тұрғындар тасқын қаупі жағдайында Атырау қаласына көшіріледі. Бұл туралы Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Су тасқыны: Ерекше күтімді қажет етушілер эвакуацияланады

Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

«Ерекше күтімді қажет етушілерге орталықтың 90 маманы қызмет көрсетіп жатыр. Тасқын қауіпі төнген жағдайда емделушілер Атырау қаласына эвакуацияланады. Орталықтағы емделушілер мен қызметкерлер үшін Атырау қаласы, Геолог шағын ауданы аумағындағы «Атырау - Доссор» тас жолы, құрылыс 252 А мекенжайында орналасқан «Текфен Гате» ЖШС филиалының жатақханасы дайындалды. Қазіргі таңда жағдай бірқалыпты. Эвакуациялауға арналған көліктер де дайын тұр», деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов.

Айта кетейік, қазір №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында 310 ерекше күтімді қажет етуші ем алып жатыр.

 

Ерлан КИІКБАЙ,

ЕҰУ студенті