м
Президент • 24 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Tausogar зауытын аралап көрді
Елорда нысандарын аралау кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев Tausogar зауытына барды. №1 Индустриалдық паркте орналасқан кәсіпорын құрылыс саласын заманауи жүк көтергіш машиналармен және механизмдермен қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2025
Алматыда әскери қызметшілер ардагер майдангерді құттықтады
23 желтоқсан күні екінші дүниежүзілік соғысының ардагері Василий Фомич Шипилев 102 жасқа толды. Қарияны Алматы қаласы Алмалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері туған күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 24 Желтоқсан, 2025
«Kundelik» жүйесіне тіркелген оқушылардың деректері расымен тарап кетті ме?
Желіде «Kundelik» жүйесіндегі мыңдаған оқушының жеке мәліметтері тарап кеткені туралы ақпарат желдей есті. Ата-аналар мен ұстаздарды алаңдатқан бұл жағдайға байланысты Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі ресми мәлімдеме жасап, тексеріс барысы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Желтоқсан, 2025
Бауыржан Момышұлының мерейтойына орай плац-концерт өтті
Бүгін Кеңес Одағының Батыры, аты аңызға айналған қолбасшы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толды. Осыған орай EXPO қалашығындағы Alem.ai күмбезі астында Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі мен салтанатты бөлімше плац-концерт өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Желтоқсан, 2025
Алтын мен күміс неге тым қымбаттап кетті?
Әлемдік нарықта бағалы металдардың құны күрт өсті. 24 желтоқсанда алтынның бір унциясы алғаш рет 4 500 доллардан артып, жыл басынан бергі өсім 70%-дан асты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 24 Желтоқсан, 2025
Астанадағы Қуыршақ театрына жаңа ғимарат салынады
Биыл еліміздегі мәдени нысандардың инфрақұрылымы нығайып, мәдениет қызметкерлерін қолдау мен шығармашылық мүмкіндіктер арта түсті. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда өңірлік театрларды дамыту мәселесіне айрықша назар аударған болатын. Осыған байланысты Астана қаласындағы «Жастар» театры ғимаратын жөндеу жоспарланған. Сондай-ақ Қуыршақ театрына жаңа ғимарат салу жоспары қарастырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2025
2026 жылдан бастап жұмыссыз азаматтар МӘМС арқылы тегін медициналық көмек алады
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесімен жұмыссыз әрі тұрақты табысы жоқ азаматтар автоматты түрде қамтылады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 24 Желтоқсан, 2025
Адам ағзаларын саудалаумен айналысқан күдікті Польшада ұсталды
Бас прокуратура, Интерполдың Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері мен еліміздің Сыртқы істер министрлігі адам ағзаларын сатқаны үшін іздеуде жүрген Украина азаматын Польшада қолға түсірді. Күдікті Қазақстан аумағында да адам ағзасын саудаға салу туралы мәмілелер жасасқан, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 24 Желтоқсан, 2025
Алматы – Өскемен тасжолында автобус пен жүк көлігі соқтығысып, бір адам қаза тапты
23 желтоқсан күні таңертең Алматы – Өскемен тасжолының 681 шақырымында қайғылы жол-көлік оқиғасы болды. Абай облысының Полиция департаментінің мәліметінше, «Yutong» маркалы жолаушылар автобусы мен «КамАЗ-5320» жүк көлігі соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2025
ҚазТАГ-тың бас редакторы ұсталды
Астанада ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов ұсталды. Бұл мәліметті Алматы қалалық полиция департаменті растады, деп жазады Egemen.kz,
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2025
Сарыағаштың бас шыршасын қиратқан жүргізуші ұсталды
Түркістан облысында көлігімен шыршаны құлатып кеткен жүргізуші ақыры қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2025
Маңғыстауда ауыз су тапшылығы жоқ
Маңғыстау облысында инженерлік инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылып, аса өзекті мәселелердің бірі – ауыз су тапшылығы шешілді. Бұл туралы облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай ОКҚ-дағы брифингте мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 23 Желтоқсан, 2025
Маңғыстаудың жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының 97%-ы жақсы жағдайда
Маңғыстау облысы – тиімді географиялық орналасуына байланысты көлік қозғалысының барлық түрі дамыған өңір. Жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының 97 пайызы жақсы жағдайда, бұл – республика бойынша жоғары көрсеткіш. 2025-2026 жылдары өңірде жалпы ұзындығы 491 шақырымды құрайтын 16 жоба бойынша құрылыс және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 23 Желтоқсан, 2025
Жұмысшы мамандықтар жылының жабылу салтанаты өтті
Жамбыл облысында жұмысшы мамандықтар жылының жабылу салтанаты өтті. Іс-шараға өңір басшысы Ербол Қарашөкеев қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 23 Желтоқсан, 2025
Қазақстанның басым бөлігінде боран соғып, көктайғақ болады
Ертең, яғни 24 желтоқсанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде солтүстік-батыс циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалы сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Инвестиция • 23 Желтоқсан, 2025
Соңғы үш жылда Маңғыстау облысына 3 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылған
Ағымдағы жылы Маңғыстау облысында жалпы құны 235 млрд теңгені құрайтын 19 инвестициялық жоба іске қосылып, 612 жаңа жұмыс орны құрылды. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Игілікұлы Қилыбай ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 23 Желтоқсан, 2025
Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Майамиде өтетін G20 саммитіне шақырды
АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен мазмұнды әрі нәтижелі телефон арқылы сөйлескенін мәлімдеді.
Табиғат • 23 Желтоқсан, 2025
Маңғыстауда Орталық Азиядағы алғашқы теңіз аквашаруашылық жобасы іске асып жатыр
Ақтауда Каспий теңізінде теңіз албыртын өсіруге бағытталған ауқымды жоба жүзеге асып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2025
Жетісу облысында мал ұрлығына қатысы бар үш адам қамауға алынды
Жетісу облысында мал ұрлығы әшкереленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Президент • 23 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы мазмұнды әңгіме өрбітті
Мемлекеттер басшылары екіжақты күн тәртібі мен халықаралық ахуал, соның ішінде Украина проблематикасы жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қылмыс • 23 Желтоқсан, 2025
Атырауда әйелін өлтірген күдікті 10 жылға сотталды
Атырау ерлі-зайыптылар алкогольдік ішімдікті ішкен. Кейін күйеуі әйелін ұрып өлтіріген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2025
Алматыда көзге түскен Tesla көлігі ТЖМ-ге тиесілі ме?
Алматыда әлеуметтік желі қолданушылары қала көшелерінен ерекше көлікті байқап, қызу талқыға салды. Куәгерлер түсірген бейнежазбаларда ТЖМ эмблемасы бар Tesla Cybertruck электромобилі эвакуаторға тиеліп, қала ішінде тасымалданып бара жатқаны көрінеді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 23 Желтоқсан, 2025
Құрық портында теңіз табаны 5 метрге тереңдетіледі
ERSAI индустриялық порты Құрық портында акватория мен кірме арнаның түбін тереңдету жөніндегі стратегиялық жобаны іске асыруға кірісті. Жоба бойынша теңіз түбінің тереңдігін 5 метрге дейін ұлғайту және жыл бойы үздіксіз навигацияны қамтамасыз ету көзделіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2025
Маңғыстау облысы 2025 жылды оң нәтижемен қорытындылады
Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Астана қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында брифинг өткізіп, өңірдің 11 айдағы даму көрсеткіштері мен алдағы стратегиялық жоспарлары туралы баяндама жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 23 Желтоқсан, 2025
Оңтүстік Кореяның алғашқы коммерциялық орбиталық зымыраны апатқа ұшырады
Оңтүстік Кореяның Бразилияда ұшырған алғашқы коммерциялық орбиталық зымыраны ұшырылған уақыттан 30 секунд өткенде апатқа ұшырады. Hanbit-Nano зымыранын ұшыру кезінде ақау шыққан, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда Қаржы омбудсманының бірыңғай қызметі құрылады
Тұтынушылар мен қаржы ұйымдары арасындағы дауларды сотқа дейінгі реттеудің бірыңғай және дәйекті тетігін қалыптастыру мақсатында, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Банктер және банк қызметі туралы» жаңа заң жобасы шеңберінде Қаржы омбудсманының бірыңғай қызметін құруды көздеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2025
Маңғыстауда ауыл шаруашылығы өнімдерінен 38 миллиард теңге табыс түскен
Биыл Маңғыстау облысында ауыл шаруашылығы саласында 38 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Мал шаруашылығы бойынша өнім шығару көлемі 22,4%-ға артқан. Бұл туралы облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2025
Шағын бизнесті қолдауға арналған өңірлік бағдарламалар әзірленеді
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов шағын бизнесті қолдаудың және кәсіпкерлер үшін мүмкіндіктерді кеңейтудің маңыздылығын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экспорт • 23 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда ірі қара мал етінің экспортына енгізілген шектеулер нарықтағы бағаны тұрақтандыруға септігін тигізеді. Бұл туралы Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 23 Желтоқсан, 2025
Серік Жұманғарин: Мені көбі «салық реформасының әкесі» деп атайды
Вице-премьер жаңа жүйенің қалай әзірленгенін және оның қауіпсіздігіне кім кепіл болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.