Соңғы жаңалықтар
Балалар • 26 Мамыр, 2026
Министр: Балалардың жазғы демалысы жаңа талаппен ұйымдастырылады
Биылдан бастап еліміздегі жыл бойы жұмыс істейтін және маусымдық демалыс орталықтарының қызметі лицензиялау арқылы реттеледі. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі балалардың қауіпсіз әрі сапалы демалысын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар нормативтік құқықтық актіні қайта қарап, бекітті. Сонымен қатар жазғы демалысты ұйымдастыру жұмыстарына 120 мың педагог-ұйымдастырушы мен 12 мыңнан астам студент және волонтер жұмылдырылады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Мамыр, 2026
Көкжайлауға шаттлдар қатынайды: Алматы таулы кластерінде көлік жүйесі қалай өзгереді?
Алматыны дамыту орталығы жанындағы жобалық кеңсенің «Көлік жүйесін дамыту» базалық бағытын іске асыру тобының жетекшісі Артур Шахбазян Алматы таулы кластеріндегі көлік қолжетімділігі қалай өзгеретінін айтты. Оның сөзінше, жоба жеке көліктердің қозғалысын шектеп, қоғамдық көлік пен шаттл жүйесін күшейтуге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 26 Мамыр, 2026
Аустрияда ұшақ парапланға соқтығысты: Ұшқыш бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Аустрияда ұшақ парапланға соқтығысты. Парашют ұшуға жарамсыз болып қалғанымен, онымен қалықтап келе жатқан әйел аман қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 26 Мамыр, 2026
Балуандарымыз Азия біріншілігінде тағы 4 медаль жеңіп алды
Қазақстан күрес құрамасы Вьетнамның Дананг қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында тағы төрт медаль еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Елорда • 26 Мамыр, 2026
Құрбан айт кезінде тұрғын үйлердің ауласында мал союға тыйым салынады
Астанада Құрбан айт мерекесі қарсаңында санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Биыл Құрбан айт 27-29 мамыр аралығында өтеді. Мереке кезеңінде санитарлық нормаларды сақтау, жұқпалы аурулардың алдын алу және құрбан шалу рәсімін қауіпсіз өткізу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 26 Мамыр, 2026
Лайнердегі індет: Испанияда хантавирус жұқтырудың жаңа жағдайы тіркелді
Испанияның Денсаулық сақтау министрлігі сәуір айында індет тараған MV Hondius круиздік лайнерінің жолаушысы болған 14 испан азаматы арасында хантавирус жұқтырудың жаңа жағдайын растады, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 26 Мамыр, 2026
Мұхтар Тайжан: «Almaty Superski» жобасы 20 мыңға дейін жұмыс орнын ашуы мүмкін
Алматыда өткен «Almaty Superski» жобасына арналған қоғамдық тыңдауда қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан тау шаңғысы курортының экономикалық және әлеуметтік тиімділігіне тоқталды. Оның айтуынша, жоба мегаполистің туризм саласына серпін беріп, мыңдаған жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 26 Мамыр, 2026
Ғұмар Қараштың түпнұсқа суреті музейге қойылды
Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорына ақын, ағартушы Ғұмар Қараштың түпнұсқа фотосуреті қосылды. Әдебиет зерттеушісі Қабиболла Сыдиықұлының жеке архивіндегі құнды жәдігерді музейге ұсынған – ғалымның жары Гүлшат Омарқызы.
Руханият • 26 Мамыр, 2026
Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Атадан қалған ақ сауыт» атты ұлттық қару-жарақ көрмесі ашылды.
Оқиға • 26 Мамыр, 2026
Ақмола облысында әйел адам сатушыға пышақ ала жүгірді
Ақмола облысында дүкен ішінде әйел адам сатушыға пышақ ала жүгірген. Оқиға сәті сауда залындағы бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 26 Мамыр, 2026
Шымбұлақ пен Oi-Qaragai курорттарын байланыстыратын аспалы жолдар салынады
Алматы облысы Талғар ауданындағы Бесқайнар ауылында Алматы тау кластерін дамыту жобасына арналған қоғамдық тыңдау өтіп жатыр. Жиында туристік инфрақұрылымды жетілдіру, Іле Алатауы табиғатын сақтау, экологиялық тұрақтылық және жобалардың әлеуметтік әсері кеңінен талқылануда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 26 Мамыр, 2026
Жасөспірімдерді қызметке алатын жұмыс берушілердің жауапкершілігі күшейтіледі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамалық өзгерістер әзірлеп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында министр Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Мамыр, 2026
«Мифпен өмір сүруді доғарайық»: Қоғам қайраткері «Almaty Superski» жобасын қолдауға шақырды
«Almaty Superski» жобасы бойынша Алматыда өткен қоғамдық тыңдауларда қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан туристік бастаманы қолдайтынын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 26 Мамыр, 2026
Елімізде 5 мыңнан астам оқушы жұмыс істеп жүр
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Үкімет отырысында 5,3 мың оқушының жұмыспен қамтылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 26 Мамыр, 2026
89 мыңнан астам мемлекеттік грант бөлінді: Биыл қай мамандықтарға басымдық берілді?
Биыл жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырыс көлемі алдыңғы оқу жылдарының деңгейінде сақталып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Кәсіпкер • 26 Мамыр, 2026
Енді жеке кәсіпкерлікті онлайн жабуға болады
eGov Business мобильді қосымшасында «Жеке кәсіпкердің қызметін тоқтату» атты жаңа мемлекеттік қызмет қолжетімді болды. Енді кәсіпкерлер ЖК жабу рәсімін мемлекеттік органдарға бармай-ақ, толықтай онлайн форматта рәсімдей алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 26 Мамыр, 2026
Қазақстанда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу ережелері өзгерді
Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу ережелері өзгертілді. Үкімет жаңа зейнетақы жүйесіне қатысты есептеу әдістемесін бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 26 Мамыр, 2026
Биыл ҰБТ тапсыруға 239 мыңнан астам талапкер тіркелді
Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек университеттерде оқу жылының аяқталғаны және Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілгені туралы баяндады. Ол жалпы жоғары білім беру жүйесі оқу жылын тұрақты режимде аяқтағанын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Мамыр, 2026
«Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» жолы қашан аяқталады?
Ұзақ жыл бойы көлік жүргізушілерінің ең өзекті мәселесіне айналған «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» республикалық маңызы бар автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмысы былтыр басталды. Жалпы ұзындығы 262 шақырымды құрайтын бұл жол – еліміздің батысы мен орталығын жалғап, Ресейге шығатын стратегиялық маңызды «Самара – Шымкент» халықаралық дәлізінің негізгі бөлігі. Бүгінде тәулігіне 18 мыңға жуық көлік қатынайтын екі жолақты жолдың тарлығы, тозығы жеткен жабыны мен жиі болатын жол-көлік оқиғалары көптен бері күрделі мәселеге айналған еді.
Оқиға • 26 Мамыр, 2026
Жазғы демалыста балаларға арналған 11 мыңнан аса орталық жұмыс істейді
Қазақстанда жазғы демалыс кезінде 11 135 демалыс орталығы жұмыс істейтін болады, олар 3,2 млн баланы бос уақытымен және сауықтырумен қамтиды. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Мамыр, 2026
Ақмоладағы балабақшада болған жанжал: Тәрбиеші жұмыстан шығарылды
Ақмола облысының Сандықтау ауданында балабақша тәрбиешісінің бүлдіршінге қатыгездік көрсеткені туралы мәлімдемеден кейін қылмыстық іс қозғалды. Оқиға қоғамда резонанс туғызып, білім беру мекемесінің бірнеше қызметкері тәртіптік жазаға тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 26 Мамыр, 2026
Жастар «Almaty Superski» жобасын қолдады
Алматыда Көкжайлау шатқалындағы «Almaty Superski» тау курортын салу бойынша қоғамдық тыңдаулар өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 26 Мамыр, 2026
Алматыда 56 құрылыс компаниясы жалған құжатпен тендерге қатысқан
Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қалалық департаменті мемлекеттік сатып алу саласындағы алаяқтық фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 26 Мамыр, 2026
Талғат Ғазизов: Қазақстанда туризм саласы тұрақты өсім көрсетіп отыр
Туризм әлеуетін арттыратын «Almaty Superski» жобасына арналған қоғамдық тыңдау өтті. Іс-шара барысында туризм саласын дамыту, Алматы тау кластерінің әлеуеті және халықаралық деңгейдегі тау туризмі орталығын қалыптастыру мәселелері талқыланды. Басқарма төрағасы Талғат Ғазизов өз сөзінде Қазақстандағы туризм саласының кейінгі жылдары тұрақты өсім көрсетіп отырғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Мамыр, 2026
Атырауда бір ауданннан 85 егіз түлек мектеп бітірді
Атырау облысының Құрманғазы ауданында биыл 625 мектеп бітіруші мектеппен қоштасқан. Ал оның 85-і егіз түлектер болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 26 Мамыр, 2026
Бибісара Асаубаева Norway Chess-2026 турнирін жеңіспен бастады
Бибісара Асаубаева Norway Chess Women-2026 беделді турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 26 Мамыр, 2026
Көкжайлауда «Almaty Superski» курортын салу бойынша қоғамдық тыңдау басталды
Алматыда Көкжайлау шатқалындағы «Almaty Superski» тау курортын салу жобасына қатысты қоғамдық тыңдау өтіп жатыр. Оған мемлекеттік органдар өкілдері, экологтар, сарапшылар, қоғам белсенділері және қала тұрғындары жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Мамыр, 2026
Қазақстанда ұялы телефон ұрлығы 40%-ға азайды
Қазақстанда ұялы телефон мен қалта ұрлығының саны төмендеп келеді. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері мобильді құрылғыларды ұрлау деректері 40 пайызға қысқарған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 26 Мамыр, 2026
Трамп Иранға ядролық келісім бойынша талап қойды
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қатысты ядролық келісім бойынша талабын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 26 Мамыр, 2026
Министр: Almaty Superski нақты ережелері бар қоғамдық инфрақұрылым ретінде дамуы тиіс
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Almaty Superski әртүрлі азаматтар тобының, оның ішінде балалы отбасылардың, қарт адамдардың және қозғалысы шектеулі жандардың тауға қолжетімділігін кеңейтуі мүмкін екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.