е
Қазақстан • 18 Ақпан, 2026
SCImago рейтингі: Қазақстан Орталық Азиядағы ғылыми көшбасшыға айналды
Қазақстан халықаралық ғылыми белсенділік өлшемінде өңірдегі жетекші орнын тағы да айқындады. SCImago Research Group жариялайтын SCImago Country Rank рейтингінде еліміз Орталық Азия мемлекеттері арасында бірінші орынға шықты. 1996-2024 жылдар аралығындағы жиынтық дерек бойынша Қазақстан әлемдік тізімде 69-орынға тұрақтаса, 2024 жылдың қорытындысында 64-орынға жоғарылады. Бұл – ұлттық ғылымның жүйелі дамуы мен жарияланым белсенділігінің артқанын білдіреді, деп жазады Egemen.kz.
Дін • 18 Ақпан, 2026
Ораза ұстаудың қандай әдептері бар?
Рамазан – қасиетті ай. Сондықтан ораза ұстаудың өзіндік әдептерінің сақталуы маңызды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғалымдар бекіткен Рамазан оразасының әдептерін ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Сауда • 18 Ақпан, 2026
Ішкі саудаға серпін: Кәсіпкерлерге 4,3 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілді
Былтыр ішкі сауда саласында кәсіпкерлерді қолдаудың жаңа тетігі іске қосылып, нәтижесінде 460 жоба 4,3 млрд теңге көлемінде мемлекеттік қолдауға ие болды. Бағдарлама екінші деңгейлі банктер арқылы несиелерді субсидиялау және кепілдендіру тетіктеріне негізделген. Алайда ол Астана, Алматы, Шымкент қалаларына және ірі сауда ойын-сауық орталықтарына қолданылмайды. Негізгі басымдық – өңірлік кәсіпкерлікті дамыту, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 18 Ақпан, 2026
Қосымша медициналық білім сапасына қойылатын талап күшейді
Денсаулық сақтау министрлігі медициналық мамандардың біліктілігін арттыру ісін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам жасады. Енді қосымша медициналық білім беру ұйымдарына қойылатын талаптар күшейтіліп, оларды іріктеу мен бақылаудың ашық әрі жүйелі тетігі енгізіледі. Бұл шешім саладағы кадр даярлау сапасын арттырып, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің деңгейін жақсартуды көздейді, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 18 Ақпан, 2026
Нағыз өнердің дәуірі енді басталады
Бүгін біз жеңіл оқылатын кітаптарды көп оқимыз, санаға салмақ түсірмейтін фильмдер прокаттан түспейді. Екі-үш нота аралығында құрылған, қарапайым әндер тез жатталады. Осы үрдістен авторлардың өнерді түсінікті етуге ұмтылысы байқалады. Бірақ соның әсерінен мазмұны бай, қатпары терең туындылар назардан тыс қалып жатыр. Енді оларды кім жаратып, кім тұтынады? Алдағы уақытта нағыз өнердің аясы тарыла ма, кеңи ме? Сараптап көрдік.
Қоғам • 18 Ақпан, 2026
Әскердегі әлімжеттік: Отарда соққыға жығылған сарбаздың қазіргі жағдайы қалай?
Гвардейск гарнизонында орналасқан әскери бөлімдердің бірінде әскери қызметші Ербол Қапарға күш қолданылып, сарбаз жақ сүйегінен жарақат алған. Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі сарбаздың Алматы қаласындағы Әскери-клиникалық госпиталінде оңалту курсынан өтіп жатқанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Жемқорлық • 18 Ақпан, 2026
Ақтөбеде прокурор ұсталды: Шенеунік 10 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді
17 ақпанда Ақтөбе облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері прокуратура қызметкерін ұстады. Ұстау фактісін өңірлік прокуратура растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Ақпан, 2026
Тоқаев Санаэ Такаичиді Жапонияның Премьер-министрі лауазымына қайта сайлануымен құттықтады
Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 18 Ақпан, 2026
Токио конвенциясы: Қазақстан жоғары білім саласындағы өңірлік әріптестікті күшейтті
Еліміз Тынық мұхиты мен Азия өңірінде жоғары білім туралы біліктіліктерді мойындау жөніндегі өңірлік конвенцияны (Токио конвенциясын) ратификациялап, жоғары білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам жасады. Бұл шешімді ЮНЕСКО құптап, Қазақстанның әділ әрі ашық біліктіліктерді тану ісіндегі көшбасшылығын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2026
Атырау облысында бес жылда 331 мың көшет егілген
Атырауда 2021 жылы облыс әкімдігі мен мұнай-газ кәсіпорындары арасында меморандум жасалған. Соның аясында егілген көшеттер саны 331 мыңға жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Ақпан, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа жұмыс сапарымен барады
18-19 ақпан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысу үшін Вашингтонға жұмыс сапарымен барады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Футбол • 18 Ақпан, 2026
«Буде-Глимт» және «Интер» ойынын қайдан көруге болады?
Бүгін норвегиялықтар өз алаңында миландық «Интерді» қабылдайды. Кездесу Будедегі «Аспмюра» стадионында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Ақпан, 2026
Бірқатар мемлекеттік мекемеде штат саны қысқарады
Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік сектордың ведомстволық бағынысты ұйымдарындағы кадр ресурстарын басқаруды оңтайландыруға бағытталған бұйрықты бекітті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Ақпан, 2026
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жақсылық Омарға қатысты тергеуді растады
ҰҚК Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2026
Түркістан облысында газобетон өндіретін кәсіпорын іске қосылды
Түркістан облысы «Қазығұрт» индустриялық аймағында «ЮКГУ» ЖШС-ның «Газобетон блогы» өндіріс орны іске қосылды. Жалпы инвестициялық құны – 273 миллион теңге болатын өндіріс орны тәулігіне 200 текше метр өнім шығаруға қауқарлы. Онда 30 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Ақпан, 2026
Елімізде зейнетақының орташа мөлшері қанша теңге?
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен зейнетақы төлеуге 395,2 млрд теңге бағытталды. Оның ішінде 131,3 млрд теңге – базалық зейнетақыға, 263,9 млрд теңге – ынтымақты зейнетақыға жұмсалды. Биылғы 1 ақпандағы мәлімет бойынша, елдегі зейнеткерлер саны 2 млн 538 мың адамға жетті. Бұл – мемлекет үшін әлеуметтік міндеттемелердің ауқымы кең екенін аңғартатын көрсеткіш, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Ақпан, 2026
Енді Шу мен Отар арасында электрпойызы қатынайды
19 ақпаннан бастап ұлттық тасымалдаушы Шу – Отар қала маңы бағытына жаңа электрпойыз шығарады. Бұл қадам жолаушылар ағынын арттырып, қызмет көрсету сапасы мен сапар жайлылығын жақсартуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Ақпан, 2026
Еліміздің су қоймалары тасқын суға дайын ба?
Ел аумағында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық күшейтілді. Ірі су қоймаларында тасқын суды қабылдауға арналған бос сыйымдылық 14,3 млрд текше метрден асады. Күтілетін су көлемі 9,1-13,9 млрд текше метр шамасында болжанып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қысқы спорт • 18 Ақпан, 2026
Қысқы Олимпиада: Бүгін отандастарымыз қай спорт түрлері бойынша бақ сынайды?
Туризм және спорт министрлігі Милан және Кортинадағы қысқы Олимпиаданың бүгінгі жарыс күнінде ел намысын қорғайтын атлеттеріміздің жарыс кестесін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 18 Ақпан, 2026
Чемпиондар лигасы: «Реал Мадрид» португалиялық «Бенфикадан» басым түсті
УЕФА Чемпиондар лигасы 1/16 финалы аясындағы алғашқы ойында португалиялық «Бенфика» испаниялық «Реал Мадридті» қабылдап, 0:1 есебімен есе жіберді. «Реал Мадрид» сапынан жалғыз голды 50-минутта Винисиус Жуниор соқты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 18 Ақпан, 2026
Софья Самоделкина қысқа бағдарламада қалай өнер көрсетті?
2026 жылғы Олимпиада ойындарында (Италия) Қазақстан құрамасы атынан сынға түскен мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина қысқа бағдарламада өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 17 Ақпан, 2026
Елена Рыбакина Дубайдағы турнирді сәтті бастады
Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайда өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы әйелдер арасындағы турнирді жеңіспен бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 17 Ақпан, 2026
Ұлттық банк 2 жаңа коллекциялық монетаны сатылымға шығарады
Қазақстандық спортшылар 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғап жатқан сәтте, Ұлттық банк «OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK» атауымен жаңа коллекциялық күміс монетаны айналымға шығарады. Сонымен қатар «БАЙҚОҢЫР – 70 ЖЫЛ» мерейтойлық монетасы да сатылымға ұсынылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Ақпан, 2026
Ақпан айында айтыс өнерінің жанашыры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман 75 жасқа толды. Ұлытау өңірі айтыс өнеріне өлшеусіз үлес қосқан тарланның туған күнін тағылымды іс шаралармен атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 17 Ақпан, 2026
Қазақстан халқы наурыз айында қанша күн демалады?
2026 жылғы наурызда ел тұрғындары Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамының арқасында айдың жартысына жуық уақытын демалыспен өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 17 Ақпан, 2026
Әйгілі Sega компаниясына жетекшілік еткен Хидэки Сато өмірден өтті
Жапониялық инженер, Sega компаниясының әйгілі ойын приставкаларын жасауға жетекшілік еткен Хидэки Сато 2025 жылғы 13 ақпанда 77 жасында көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2026
Алматыда жер сілкінісінен кейін арнайы учаскелер тексерілді
Бүгін сағат шамамен 15:11-де Алматы қаласы мен Алматы, Жетісу облыстарында жер сілкінісі тіркелді. ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС мәліметінше, аталған аймақтарда жер сілкінісі 2-4 балл аралығында сезілген, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 17 Ақпан, 2026
Шымкентте газ құбырынан өрт шықты
Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы «Базарқақпа» тұрғын алабында жеңіл автокөліктің шкафты газ реттегіш пунктіне соғылуы салдарынан газ-ауа қоспасы жарылып, өрт шықты, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 17 Ақпан, 2026
Ақтауда мерзімді әскери қызметші қаза тапты
Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметшінің қаза табуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 17 Ақпан, 2026
Мемлекет басшысы Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Қазақстан Президенті қазақ-қырғыз қарым-қатынасының оң динамикасына тоқталып, оған тұрақты саяси диалог, екі ел үкіметтері мен іскер топтары арасындағы белсенді ықпалдастық септігін тигізіп отырғанын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.