Фото: ozgeris.info
Жер сілкінісінен кейін ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін және сел қауіпі бар учаскелерге мониторинг жүргізген. Сондай-ақ, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстары жүргізілген.
ТЖМ мәліметінше, тексеру нәтижелері бойынша нысандарға зақым келмеген. Сондай-ақ аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Басқа да ғимараттар әкімшіліктерінен нысандардың қирауы мен зардап шеккендер туралы мәлімет түспеген.
Бұған дейін 5 ақпан күні Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелген еді.