Ана
Оқиға • 19 Наурыз, 2026
Астанада екінші әуежай қашан салынады?
Астана қаласында екінші әуежай салу мәселесі ресми деңгейде қарастырала бастады. Бұл туралы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Сенатта өткен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Наурыз, 2026
Астанада жолаушылар автобусы апатқа ұшырады
Бүгін Астанадағы Сейфуллин көшесінде автобус аялдамаға соғылды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінен мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.»
Оқиға • 18 Наурыз, 2026
Шымкентте ірі есірткі зертханасы жойылды
Жедел іс-шаралар барысында полицейлер синтетикалық есірткі өндірілетін жасырын зертхананы анықтаған. Нәтижесінде прекурсорларды жеткізу арнасы тоқтатылып, мефедронның 8 мың дозасының таралуына жол берілмеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 18 Наурыз, 2026
Самоделкина мен Жиренбаев Прагада өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайды
25-29 наурыз аралығында Чехия астанасында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты өтеді. Дүбірлі додада еліміздің намысын екі спортшы қорғайды, деп жазады Egemen.kz.
Наурызнама • 18 Наурыз, 2026
Астанада Ұлттық киім күні қалай атап өтіледі?
Наурыз мерекесіне орай елордада 200-ден астам түрлі бағыттағы іс-шара мен акция өтеді. Дәстүр бойынша Наурызнама мерекелік онкүндігінің әр күні ұлттық құндылықтар мен белгілі бір тақырыпқа арналады. Бүгін − Ұлттық киім күні. Астана қаласының әкімдігі мерекеге орай бірнеше іс-шара ұйымдастырып отыр. Қала тұрғындары заманауи технологиялардың ұлттық дәстүрлермен қалай үйлесетінін көріп, түрлі цифрлық әрі танымдық белсенділіктерге қатыса алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 18 Наурыз, 2026
Астана мен Алатау қаласының мәртебесі арнайы конституциялық заңдармен бекітіледі
Жаңа Конституцияның нормаларын жүзеге асыру шеңберінде Астана мен Алатау қаласы үшін ерекше құқықтық режимді айқындайтын заң жобалары әзірленді. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 17 Наурыз, 2026
Астанада 18 мыңнан астам бала бір мезетте асық ойнады
Астана қаласында Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында бір мезетте 18 мың бала қазақтың көне ұлттық ойынын ойнады. Бұл ауқымды шара Цифрландыру жылы аясында Ұлттық спорт күніне орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 17 Наурыз, 2026
«Астана опера»: Өнер ордасы өрісін кеңейтті
Елордада күн сайын елеулі мәдени іс-шаралар, маңызды оқиғалар өтеді. Соның бірі – «Астана опера» шығармашылық ұжымы сенбі күні астаналықтар мен қала қонақтарын театрдың сахна шеберлері өнер көрсететін жаңа орынға жинады.
Оқиға • 17 Наурыз, 2026
Әкесі ұлына есірткі жасауды үйреткен: Ақмола облысында ірі зертхана жойылды
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері Ақмола облысында ірі есірткі зертхасын жойды. Есірткі зертханасын ұйымдастырды деген күдікпен әкесі мен баласы қолға түсті, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 17 Наурыз, 2026
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтөбе облысында бірқатар республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалысқа уақытша шектеу қойылды. Шектеу, ең алдымен, жүк және қоғамдық көліктерге қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Наурыз, 2026
Астанада 15 жастағы жасөсіпірім жоғалып кеткен
Ішкі істер министрлігі 15 жастағы Қамбар Мәлібек Бахтиярұлын іздестіріп жатқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Мереке • 16 Наурыз, 2026
Мәдениет және ұлттық дәстүр күнінде елордада қандай іс-шаралар өтеді?
Наурыз мерекесін жаңа форматта өткізу аясында 16 наурыз «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» деп жарияланды. Бұл күн халқымыздың сан ғасырлық тарихы мен рухани мұрасын насихаттайтын, ұлттық болмысымызды айшықтайтын ерекше мереке ретінде белгіленген, деп жазады Egemen.kz.
Наурызнама • 15 Наурыз, 2026
Қайырымдылық жасау күні: Елордада волонтерлер ыстық шай мен бауырсақ таратты
Қайырымдылық жасау күніне орай еріктілердің қатысуымен игі акция ұйымдастырылды. «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай мен бауырсақ таратты. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Қостанай тұрғыны туған күнінде дауыс берді
Қостанай облысының тұрғындары Ұлыстың ұлы күні қарсаңында өтіп жатқан референдумге ерекше ықыласпен қатысып жатыр. Өздері тіркелген учаскеге біреулер Қыдыр ата кейпінде келсе, кейбір азаматтар бала-шағасымен бірге бүкіл әулетімен ұлттық киіммен келіп дауыс беріп кетіп жатыр. Осылайша, ел тағдыры таразыға түскен маңызды саяси науқан көп жерде мерекелік сипат алып жатыр десек болады, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Қостанайлық тұрғындар референдумда белсенділік танытты
Қостанай облысында 717 референдум учаскесі жұмыс істеп жатыр. Өңірде 536 824 азамат дауыс беру құқығына ие. Тұрғындардың маңызды науқанға белсенді атсалысып жатқаны байқалады. Кейбір учаскелерде жұрт кезек күтіп қалып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 14 Наурыз, 2026
Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Астанада шақыртуға келген медицина қызметкерін ұрған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ішкі істер министрлігі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Жастар • 13 Наурыз, 2026
Жаңа Конституция жобасы жастардың құқығы мен мүмкіндігін қалай өзгертпек?
Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған Jastar X диалог алаңында «Конституциялық өзгерістер және жастардың ел дамуына қосатын үлесі» тақырыбында сараптамалық кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарға жаңа Конституция жобасының ережелерін түсіндіру, олардың азаматтық белсенділігін арттыру және шешім қабылдау үдерісіне қатысуын қолдау болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Наурыз, 2026
Жас кадрларға сұраныс: Қостанайда еңбек нарығы кеңейіп келеді
Бүгінде Қостанай машина жасау ісінде еліміздегі жетекші қалалардың біріне айналып үлгерді. Мұнда елдегі ең ірі автокөлік зауыттарының бірі Allur компаниясы орналасқан. Әрбір шығарылған автокөліктің, өндірістік желінің және технологиялық үдерістің артында адамдардың еңбегі тұр. Бүгінде кәсіпорын еліміздің түрлі өңірінен келген мамандарды, инженерлерді, слесарьлар мен технологтарды біріктіріп отыр. Олардың көпшілігі Қостанайға алғашында өндірістік тәжірибе немесе оқу бағдарламалары аясында келіп, кейін автокөлік саласында мансап құру үшін осында қалып қоюды жөн көреді.
Қоғам • 13 Наурыз, 2026
Астанада автобус апаты неге жиіледі?
Астанада қоғамдық көліктер қала өмірінің маңызды бөлігіне жатады. Таксимен қатынауды қалтасы көтере бермейтін қарапайым халық үшін мыңдаған адамды діттеген жеріне жеткізетін автобустардың уақытылы жүріп тұруы ауадай қажет. Дегенмен соңғы жылдары жолақысы қолжетімді қоғамдық көліктегі қауіпсіздіктің сақталмауы елордалықтарды алаңдатып отыр. Бір жылда бірнеше рет тіркелген автобус апаттарының салдарынан зардап шегіп жатқан жолаушылар да жоқ емес. Автобус апатының жиілеу себебі неде? Egemen.kz тілшісі талдап көрді.
Ауа райы • 13 Наурыз, 2026
Астанада демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Астанада алдағы демалыс күндері күн райы құбылмалы болады. Синоптиктердің болжамынша, елордада бұлтты ауа райы сақталып, түнде үсік жүреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Наурыз, 2026
Астанадағы Орталық саябақ заманауи талапқа сай жаңғыртылады
Елордадағы Орталық саябақта ауқымды жаңғырту жұмыстары басталды. Қала тұрғындарының демалыс орны саналатын жасыл аймақ енді заман талабына сай жаңартылып, бұрынғыдан да жайлы әрі көрікті болмақ, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 12 Наурыз, 2026
LRT-да жол ақысы 200 теңге болуы мүмкін
Астанада жеңіл рельсті көлікте (LRT) жол жүру тарифін белгілеуге қатысты әкімдік қаулысының жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды. Құжатта LRT жолақысының тарифін 200 теңге деңгейінде белгілеу ұсынылған, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 12 Наурыз, 2026
Қазақстан ауылдарында 6 жыл ішінде 7,6 мың инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды
Елімізде аумақтардың орнықты және теңгерімді дамуын қамтамасыз ету үшін Үкіметтің 2025 жылғы 25 тамыздағы қаулысымен бекітілген Қазақстанның 2025-2030 жылдарға арналған Өңірлік даму тұжырымдамасы іске асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 12 Наурыз, 2026
Жаңа форматтағы жарыс: Астанада жазда «Болашақ ойындары» өтеді
2026 жылғы 29 шілде-9 тамыз аралығында Астанада «Болашақ ойындары» спорттық фестивалі ұйымдастырылады. Шараға 50 елден 900-ден астам спортшы қатысып, жалпы 4,75 млн доллар сыйлық қоры үшін бақ сынайды. Ойындар елорданың бес спорттық аренасында өтеді. Шараға 100 000-нан астам көрермен қатысуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 12 Наурыз, 2026
Астанада құтқарушылар өрт кезінде 3 газ баллонын сыртқа алып шыққан
Елордадағы Байқоңыр ауданындағы Тайбурыл көшесінде орналасқан ангар үлгісіндегі цех ғимаратында өрт шықты. Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында өрт дер кезінде сөндіріліп, ықтимал жарылыстың алдын алды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 12 Наурыз, 2026
Астанада бірінші ауысымның оқушылары қашықтан оқиды
Елордада бүгін қолайсыз ауа райына байланысты бірінші ауысымда оқитын мектеп оқушылары қашықтан оқуға жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 11 Наурыз, 2026
15 наурызда елордалықтар автобуспен тегін қатынайды
15 наурыз күні өтетін республикалық референдумға байланысты Астанада қалалық, экспресс және қала маңындағы автобус бағыттарында жол жүру тегін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 11 Наурыз, 2026
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Астана және Алматы қалаларында ақша айырбастау орындарында доллар 492-498 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Наурыз, 2026
Түркістанда 3 жасар бала дәретхана шұңқырына құлап кетті
Түркістан облысының Ақниет ауылында 3 жастағы бала жеке тұрғын үйдің ауласында орналасқан дала дәретханасына құлап кеткен. Оқиғаны байқаған жақындары бірден құтқарушыларды шақырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Наурыз, 2026
Астана әуежайында рейстер кестесі өзгерді
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әуежайында кейбір рейстер кешігіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.