Кездесу барысында Сенат депутаты Жанна Асанова жаңа Конституция жобасындағы жастарға арналған мүмкіндіктерге тоқталды. Оның айтуынша, құжатта адами капиталға басымдық беріліп, жастардың білім алу, кәсіби өсу және идеяларын іске асыру мүмкіндіктері кеңейтілген. Сондай-ақ жастардың саяси құрылымдар мен партиялық қызметке және референдумға белсенді қатысуы олардың құқықтары мен жауапкершілігін арттырады. Депутат жастардан адалдық, патриотизм және өзін-өзі дамытуға ұмтылу талап етілетінін атап өтті, ал жаңа идеялар мен бастамалар көбінесе жастардан туындайтынын жеткізді.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Гүлісхан Нахбаева жастарды мемлекет пен қоғам арасындағы стратегиялық ресурс деп атады. Ол соңғы зерттеулерге сәйкес, жастардың 86%-ы білім саласынан қанағаттанғанын, өздерінің кәсіби және құқықтық сауаттылығын арттыруға ұмтылатынын атап өтті. Нахбаева отбасы құндылықтарының, денсаулық пен білім траекториясының жастар үшін басты маңызды бағыт екенін, сондай-ақ Президенттік кадр резерві, «Серпін» бағдарламасы, «Тәуелсіздік ұрпақтары» және «Жастар практикасы» сияқты 25 жоба жастардың әлеуетін дамытуға бағытталғанын айтты. Виртуалды кеңесші жобасын іске асыру арқылы жастардың инновациялық ұсыныстары мен талпыныстарының қолдау тапқаны да атап өтілді.
Жалған ақпараттар тарауы мүмкін: Министрлік референдум қарсаңында азаматтарға үндеу жасады
Кездесуге Парламент депутаттары, Жалпыұлттық коалиция өкілдері, министрліктер мен ведомстволық комитеттер басшылары, сарапшылар, заңгерлер, қоғам қайраткерлері, жастар ұйымдары мен ресурстық орталықтар, еріктілер және БАҚ өкілдері қатысты. Сарапшылар жастардың 15 наурызда өтетін Жалпыұлттық референдумға қатысуының маңыздылығын, олардың ел өміріне белсенді араласуы мен құқықтық сауатын арттыру қажеттігін ерекше атап өтті.

Жаңа Конституция жобасы жастар үшін адами капиталға басымдық беріп, білім, қабілет пен талантты дамытуға жағдай жасайды. Олардың саяси белсенділігіне қолдау көрсетіліп, партиялық және құрылтай қызметіне қатысу мүмкіндігі беріледі. Құқықтық және цифрлық сауаттылықты арттыруға бағытталған жобалар мен платформалар жүзеге асады. Жастардың идеялары мен бастамаларына қолдау көрсету арқылы инновациялық әлеуетті іске асыруға мүмкіндік туады.
Орталық референдум комиссиясы үгіт жұмыстарының қашан аяқталатынын мәлімдеді
Бұл шара жастар мен қоғам арасында ашық диалог қалыптастыруға, жаңа Конституция жобасын түсіндіруге және олардың елдің дамуына қосатын үлесін арттыруға бағытталған маңызды алаң болды.

Референдум күні әр екі сағат сайын дауыс беру барысы туралы ақпарат жарияланады