Алма
Спорт • 28 Желтоқсан, 2025
Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтті
Алматыдағы Балуан шолақ атындағы Мәдениет және спорт сарайында кәсіпқой бокс кеші өтті. Сол жарыста Қазақстанның бірқатар былғары қолғап шеберлері алыс-жақын шет мемлекеттерден келген спортшылармен күш сынасты, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 28 Желтоқсан, 2025
Алматыда тауда жоғалған тағы екі адамның денесі табылды
Алматының Медеу ауданында жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды. Құтқарушылар теңіз деңгейінен шамамен 3 700 метр биіктікте орналасқан «Локомотив» шыңы маңынан екі адамның мәйітін тапты. Бұған дейін осы топтағы тағы бір адамның қаза тапқаны анықталған еді. Осылайша, оқиға салдарынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 28 Желтоқсан, 2025
Алматыда 60 мыңнан астам тұрғын МӘМС жүйесімен қосымша қамтылады
2026 жылдан бастап Алматы қаласында бұрын сақтандырылмаған 60 мыңнан астам тұрғын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне жергілікті бюджет есебінен қосымша енгізіледі. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Мұхамеджан Ильяс Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2025
Қонаевта «Хан Тәңірі», «Самғау», «Заңғар» сыйлықтарының жеңімпаздары марапатталды
Қонаев қаласының мәдениет үйінде өткен салтанатты шараға жыл бойы табанды еңбек еткен, толағай табысқа жеткен үздік спортшылар, қаламы жүрдек журналистер және өз саласының көшбасшысы атанған жалынды жастар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 26 Желтоқсан, 2025
Алматы тауларында үш адам жоғалды: бір адамның мәйіті табылды
26 желтоқсанда Алматы қаласы ТЖД-ның 112 пультіне әйел адамнан хабарлама келіп түсті. Оның айтуынша, ағасы екі досымен бірге 24 желтоқсан күні таңертең тауға шығып, қайтып оралмаған. Жоғалған азаматтардың ұялы телефондары 12 сағаттан астам уақыт бойы өшірулі болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2025
Алматыда 60 мыңдай адам бюджет есебінен сақтандырылады
Алдағы 2026 жылдан бастап табысы төменгі күнкөріс шегіне жетпейтін тұрғындар мен ресми тіркелген жұмыссыздар үшін сақтандыру жарнасын жергілікті әкімдіктер төлейтін болды. Бұл туралы Алматыда өткен брифингте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қалалық филиал директоры Ілияс Мұхамеджан мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2025
Алматыда биыл 20 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды
Биыл қаңтар айынан бастап NEET санатындағы жастардың үлесі 6,4-тен 5,8 пайызға дейін азайып, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі былтырмен салыстырғанда 4,1 пайызға төмендеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Желтоқсан, 2025
Мюнхеннен Бейжіңге бағыт алған ұшақ Алматыға шұғыл қонды
Мюнхен – Бейжің бағытындағы Lufthansa авиакомпаниясының рейсінде жолаушы көз жұмды. Осы оқиғаға байланысты әуе кемесі Алматы халықаралық әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2025
Алматыда энергетикалық сусыннан жүрек ауруына шалдыққан науқасқа ота жасалды
34 жастағы ер адам жүрек трансплантациясын күтіп республикалық тізімде тұрған екен. Ота – 5 сағаттан астам уақытқа созылып, сәтті аяқталған. Мұндай ота – Алматы қалалық кардиологиялық орталығында (ҚКО) алғаш рет жасалып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 25 Желтоқсан, 2025
Алматы қаласында болған тұрмыстық жанжалға байланысты тексеру нәтижесінде тараптардың бір-біріне жеңіл дене күшін қолданғаны анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 25 Желтоқсан, 2025
Алматыда жаңа жылдық Президент шыршасы өтті
Алматыда «Жаңа жыл елімізді аралап келеді» атты дәстүрлі жаңа жылдық Президент шыршасы салтанатты түрде ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шараға Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 25 Желтоқсан, 2025
Жоғары оқу орнында өзіне-өзі қызмет көрсететін кітапхана ашылды
Жаңа интеллектуалды локация «Қолжетімді кітапханалар» бағдарламасы аясында орындалды. Жоба білім беру ортасын цифрлық трансформациялаудың жарқын үлгісіне айналды. Бұған дейін мұндай технологиялар тек қалалық деңгейде ғана қолданылса, енді инновациялық стандарт университете білім алып жүрген студенттер мен оқытушылар үшін қолжетімді болмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2025
Алматы жылу электр орталықтарының толығымен газға көшірілетін уақыты белгілі болды
Алматының ЖЭО-2 және ЖЭО-3 жылу электр орталықтарын көмірден газға көшіру жұмыстары 2026 жылдың соңына дейін аяқталады. Бұл туралы осыдан бірер апта бұрын Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлім қылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2025
Алматы метросы 2040 жылы қай аумақтарды қамтиды?
Алматы әкімдігі қаланың 2040 жылға дейінгі дамуының бас жоспарын таныстырды. Құжаттағы ең маңызды жаңалықтың бірі – метрополитен желісінің ауқымды түрде кеңеюі. Қоғамдық талқылаулар 24-26 желтоқсан аралығында өтеді деп жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 24 Желтоқсан, 2025
Алматыда үлкен айналма метро желісі мен LRT іске қосылуы мүмкін
Алматының бас жоспарында мегаполис аумағын және оған іргелес елді мекендерді қамтитын үлкен айналма метро желісін салу, сондай-ақ жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесін іске қосу қарастырылып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Құрылыс • 24 Желтоқсан, 2025
Тасашылықтардың қуанышын тасытты
Биыл Кеген ауданында бірқатар жаңа нысандар ашылып, ел игілігіне берілді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 24 Желтоқсан, 2025
Алматы – Өскемен тасжолында автобус пен жүк көлігі соқтығысып, бір адам қаза тапты
23 желтоқсан күні таңертең Алматы – Өскемен тасжолының 681 шақырымында қайғылы жол-көлік оқиғасы болды. Абай облысының Полиция департаментінің мәліметінше, «Yutong» маркалы жолаушылар автобусы мен «КамАЗ-5320» жүк көлігі соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2025
Алматы мерекелік кейіпке енді: қалада 13 жаңа локация пайда болды
Алматыда ауқымды мерекелік безендіру жұмыстары жүргізілді. Қаланың орталық қоғамдық кеңістіктерімен қатар шалғай орналасқан шағынаудандар да қамтылып, барлық ауданда біртұтас мерекелік атмосфера қалыптасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2025
Алматыда қызылша ауруына шалдығу көрсеткіші өсті
Алматы қаласында қызылша дерті қайта өршіді. Күн сайын 20-25 жағдай тіркеліп отырғандықтан балаларға екпе жұмысы жүргізіле бастады. Екпені тіркелген емханада тегін алуға болады, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 22 Желтоқсан, 2025
Алматыда «Уақыт жаңғырығы» атты көрме ашылды
Ұлттық Орталық музейде «Уақыт жаңғырығы» деп аталған сурет көрмесі ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 22 Желтоқсан, 2025
Алматыда ірі көлемдегі есірткі арнасы жойылды
Алматы мен Астанада жүргізілген арнайы операция нәтижесінде есірткі тасымалымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Тәртіп сақшылары заңсыз айналымнан 16 келіден астам гашиш тәркілеп, өңіраралық қылмыс арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 22 Желтоқсан, 2025
Алматыда жер сілкінісі сезілді
Бүгін түнде, 22 желтоқсанда алматылықтар жерасты дүмпуін сезінді. Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 21 Желтоқсан, 2025
Алматыда студент оқытушыны пышақпен жарақаттады
Алматыдағы ALT University студенті оқытушыны пышақпен жарақаттады. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Желтоқсан, 2025
Алматы тауларында сноуборд тепкен қыздың мәйіті табылды
Алматы тауларында сноуборд теуіп жүріп жоғалып кеткен қыздың мәйітін құтқарушылар тапты. Бұл туралы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті.
Отбасы • 21 Желтоқсан, 2025
Отбасы институты мен рухани құндылықтар талқыланды
Алматы облысында қоғамның рухани дамуы, отбасы институтын нығайту және ұлттық бірегейлікті сақтау мәселелеріне арналған «Ислам және отбасы құндылықтары» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Желтоқсан, 2025
Қонаевта басты шыршаның шамдары салтанатты түрде жағылды
Қонаев қаласында тұрғындар мен қонақтарға ерекше жаңа жылдық көңіл-күй сыйлаған дәстүрлі мерекелік шара өтті. Қысқы кештің шырайын келтірген салтанатты басқосуға биыл 15 мыңнан астам адам жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 20 Желтоқсан, 2025
Алматы қалалық күрес федерациясы 2025 жыл үздігі атанды
Биыл алматылық балуандар республикалық турнирлерде 141, халықаралық жарыстарда 34 медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 19 Желтоқсан, 2025
Президент Алматыда БҰҰ университетінің өңірлік филиалын құруды ұсынды
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның бас шаһары Токиодағы БҰҰ университетінде оқыған дәрісінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2025
Алматыда әскерге шақырылатындарды жинау орны ашылды
Салтанатты ашылу рәсіміне Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов, әкімдік пен қоғам өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері, сондай-ақ жергілікті әскери басқару органдарының қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2025
”Almaty aqshamy” газеті “Қазақстандағы Жыл таңдауы” мәртебелі марапатына ие болды
“Almaty aqshamy” ұжымы жыл бойы атқарған еселі еңбегін бүгін ерекше марапатпен, үлкен абыроймен түйіндеп отыр. “Қазақстандағы Жыл таңдауы” (№1 Choice of the уear in Kazakhstan) ұлттық жобасының “Мемлекеттік тілдегі республикалық қоғамдық-саяси газет” номинациясын жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.