Ел
Футбол • 20 Қаңтар, 2026
«Қайрат» бельгиялық «Брюггеден» ірі есеппен жеңілді
Кездесу елордадағы «Астана Арена» стадионында өтті. Бұл – 2026 жылғы Чемпиондар лигасы мен еурокубоктар аясындағы алғашқы матч, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Қаңтар, 2026
Шымкенттің коммуналдық қызметі шетелдік компанияға беріле ме?
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков 2025 жылды қорытындылаған брифингте журналистің коммуналдық мәселе төңірегінде қойған сауалына келешекте бұл қызмет француздық компанияға сенімгерлік басқаруға берілетінін айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 20 Қаңтар, 2026
Қарағанды облысының велошабандозы әлемдік деңгейдегі команда құрамына енді
Қазақстанның әр өңірінен шыққан велошабандоздар континенталдық XDS Astana Development Team командасымен келісімшартқа отырды. Олардың қатарында Қарағанды облысының Саран қаласының спортшысы Владислав Башлыков та бар. Бұл – спортшы үшін халықаралық аренада өзін танытуға берілген жаңа мүмкіндік, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2026
Алматыдағы Есентай өзенінде сел қайтадан жүруі мүмкін
Алматыдағы Есентай өзенінде қауіпті жағдай сақталып отыр – қатты аяз бен мұздың жиналуына байланысты мұзды су селі қайта жүру қаупі бар. Бұл туралы бүгін «Қазгидромет» хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 20 Қаңтар, 2026
Бозжыраның тұмса табиғаты ресейлік көрерменді тамсандырды
Маңғыстаудың табиғаты, салт-дәстүрі мен ұлттық тағамдары туралы арнайы бейнесюжет «Россия-1» телеарнасының «Утро России» бағдарламасында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылтай • 20 Қаңтар, 2026
Президент Ибраһим келісімдеріне не үшін кіргенімізді айтты
Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент дипломатияның жауапкершілігі мен халықаралық шешімдердің салмағына арнайы тоқталды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2026
JOLTAP-пен жоба бастағандар көп: Елордалық тұрғын өз табысын қалай арттырды?
«Жоба тап, жол көрсет келешек қамы үшін» дейді Шәкәрім қажы. Елордада жүзеге асырылып жатқан JOLTAP жобасы да тұрғындарға еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруге, табысын арттыруға және өз кәсібін дамытуға жол ашып келеді. Жоба қатысушысы Наурызбек Утин оқудың кәсіби өсіміне және жеке ісіне қалай ықпал еткенін айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2026
Қазақстанда әйелдерге арналған вагондар қай бағыттарда қатынайды?
Ұлттық тасымалдаушы пойыздарында әйелдерге арналған вагондар қызметі іске қосылғаннан бері оны 822 мыңнан астам әйел жолаушы пайдаланған, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 20 Қаңтар, 2026
40 мың шақырымнан астам тасжолда интернет пайда болады
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен «Транстелеком» АҚ (ТТС) Қазақстан автожолдарының бойында тұрақты мобильді интернет пен байланысты қамтамасыз ететін телекоммуникациялық инфрақұрылым салу туралы келісімге қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Өндіріс • 20 Қаңтар, 2026
Алматыда сэндвич-панельдер шығарылады: Өндірістен бюджетке қанша табыс түседі?
Алматыда «Almaty Business – 2025» өңірлік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында сэндвич-панельдер өндіретін инвестициялық жоба іске қосылды. Жобаны Алматы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы құрамындағы Almaty Finance қаржыландырып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қаңтар, 2026
Қазақстанда әскери есепке алу ережелеріне өзгерістер енгізілді
Қорғаныс министрі 2026 жылғы 13 қаңтардағы бұйрығымен әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 19 Қаңтар, 2026
Астанада мектеп оқушыларының қауіпсіздігін жасанды интеллект бақылайды
Астанадағы №107 мектеп жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолданып жүр. Мұнда бейнебақылау камераларына ЖИ жүйесі орнатылған. Жүйе балалардың қауіпсіздігі мен тәртібін жіті назарда ұстайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қаңтар, 2026
Қол-аяғын байлап, үйін тінтіген: Қарақшылар әйелдің 30 млн теңгесін қолды қылды
Алматыда қарақшылар күндіз әйелге шабуыл жасап, 30 млн теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Қала полициясы көп ұзамай күдіктілерді қолға түсірді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қаңтар, 2026
Талғар ауданында бір ай бұрын жоғалған әйел әлі табылмай жатыр
Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында 1993 жылы туған Әсел Тахированың хабар-ошарсыз кеткеніне бір айдан асты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 18 Қаңтар, 2026
OpenAI ChatGPT-дің тегін нұсқасында жарнаманы іске қосады
OpenAI ChatGPT-де жарнамалық тестілеудің басталғаны туралы хабарлады. Жарнамалар тегін пайдаланушылар мен Go нұсқасы жазылушыларына көрсетіле бастайды. Plus, Pro, Business және Enterprise нұсқасының пайдаланушыларына жарнама шықпайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Қаңтар, 2026
Павлодарда шетел азаматы бүйрегін 50 мың долларға сатпақ болған
Ресей азаматшасы Қазақстан аумағында ағзасын сату үшін Telegram арқылы мәміле жасасып, алғашқы жарна алу кезінде ұсталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 16 Қаңтар, 2026
Аустралияда балалар 16-ға толғанша әлеуметтік желіні қолдана алмайды
Аустралияда 16 жасқа толмаған жеткіншектер әлеуметтік желіліні пайдалана алмайды. Себебі заң рұқсат бермейді. Бұл ереже күшіне енгеннен кейін кемінде 4,7 млн бала мен жасөспірімнің аккаунты бұғатталды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 16 Қаңтар, 2026
Нобель сыйлығының иегері Трампқа өзінің сыйлығын табыс етті
Венесуэла оппозициясының символына айналған Мария Корина Мачадо Ақ үйде Дональд Трамппен кездесіп, әлемдік деңгейдегі мәртебелі марапатын АҚШ президентіне табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 15 Қаңтар, 2026
Шығыста жаңа жедел жәрдем көліктері берілді
Шығыс Қазақстан облысының жедел медициналық жәрдем қызметі 36 жаңа заманауи автокөлікпен толықты. Бұл техника жақын арада облыстың қалалары мен аудандарында кезекшілікке шығады, деп жазады Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 15 Қаңтар, 2026
Маңғыстауда «Таза Қазақстан» акциясының ең жас қатысушысы марапатталды
Республикалық деңгейде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық сенбілігінің ең жас белсенді қатысушысы марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысы бойынша Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2026
Жезқазғанда Мәдениет үйінің жөндеу жұмыстарына 300 млн теңге бөлінді
«AMANAT» партиясы Ұлытау облыстық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы мен партия филиалы жанындағы «Miras» азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі аймақтық кеңестің бірлескен көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 15 Қаңтар, 2026
«Каспий» мен «Жетісудың» бұрынғы ойыншысы Лайонел Адамс қайтыс болды
Мәскеу түбіндегі Звенигород қаласында кезінде еліміздің бірнеше футбол клубында атой салған ресейлік қорғаушы Лайонел Адамстың мәйіті табылды. Құзырлы органдар қайғылы жағдайдың мән-жайын жіті тексеріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Қаңтар, 2026
Астанада аялдаманы қиратқан ер адам қамауға алынды
Елордада кез келген вандализм және қоғамдық тәртіпті бұзу фактілеріне қарсы жүйелі күрес жүріп жатыр. Кезекті вандалды полиция қызметкерлері анықтап, жауапқа тартты. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2026
Зейнетақы жинағы есебінен емделу мүмкіндігі қашан қайта беріледі?
Ел тұрғындары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) қаражатты емделуге пайдалану мүмкіндігіне жарты жылдан кейін ғана қайта қол жеткізе алады. «Отбасы банк» басқарма төрағасы зейнетақы қорынан қаражат алуға уақытша тыйым салу туралы шешімді егжей-тегжейлі түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 15 Қаңтар, 2026
9 жылда 138 жаңа мектеп: Астананың білім кеңістігі қалай өзгереді?
Астанада білім беру инфрақұрылымын дамыту жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 14 Қаңтар, 2026
Аққулар отбасы: Табиғи паркте сирек құбылыс тіркелді
Алтын-Емел мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде қыс мезгілінде сыбырлақ аққу (Cygnus cygnus) тіркеліп отыр. Аққулар әдетте жылы жаққа қоныс аударатын, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 13 Қаңтар, 2026
Президент АҚШ-пен келіссөз жүргізетін арнайы өкілді тағайындады
Ержан Қазыхан Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары (АҚШ) арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша келіссөздерді басқаратын ресми өкіл болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 13 Қаңтар, 2026
Ақтөбеде 600 орындық «Келешек мектебі» ашылды
Ақтөбе қаласының Жаңақоныс-2 тұрғын үй алабында 600 оқушыға лайықталған жаңа мектеп пайдалануға берілді. Тығыз қоныстанған аумақ тұрғындары көптен күткен білім ордасы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2026
ҚМДБ: желідегі оқырман санын бот арқылы көбейтуге тыйым салынады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ғұламалар кеңесі әлеуметтік желідегі парақшалардың жазылушылар санын ақыға арттыру мәселесіне қатысты пәтуа жариялап, оқырман санын жалған (бот) аккаунттар арқылы көбейтуге және оған ақы төлеуге тыйым салынатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 12 Қаңтар, 2026
Отандық нарықтағы отын бағасы басқа елдермен теңестіріледі
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері желтоқсанда мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастыруға келісті. Келісім 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Осылайша, отандық нарықтағы отын бағасы ЕАЭО-ға қатысушы басқа елдердегі бағалармен теңестіріледі, деп жазады Egemen.kz.