и
Қоғам • 30 Сәуір, 2026
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды
Алматы қаласында еліміз үшін жаңа инфрақұрылымдық нысан – Қазақстандағы алғашқы крематорий іске қосылды. Нысан қалалық патологоанатомиялық бюроның қарауына беріліп, қаладағы жерлеу қызметтері жүйесінің бір бөлігіне айналды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 30 Сәуір, 2026
Енді медицина түлектеріне резидентураны өтпей-ақ жұмыс істеуіне рұқсат беріледі
Қазақстанда медициналық білім беру жүйесін жаңғыртуға бағытталған жаңа өзгерістер қарастырылып жатыр. Енді 2022 жылдан бастап медициналық жоғары оқу орындарына түскен түлектер резидентураны міндетті түрде өтпей-ақ жұмысқа кірісе алады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 30 Сәуір, 2026
Шетелдік инвестордың құқығы қорғалды: 3,5 млрд теңге толық өтелді
Бас прокуратура Швейцария азаматы Люк Ярчик Корнелияға қатысты жасалған 3,5 млрд теңге көлеміндегі алаяқтық ісі бойынша тергеуді аяқтады. Нәтижесінде шетелдік инвестордың бұзылған құқықтары толық қалпына келтірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 30 Сәуір, 2026
Бағалы қағаздар нарығы: Қазақстанда бастапқы дилерлер институты енгізіледі
Қаржы министрлігі Ұлттық банкпен бірлесіп, биылғы 4 мамырдан бастап мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында бастапқы дилерлер институтын енгізуді бастайды. Бұл қадам ішкі қарыз нарығын дамыту мен оның тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды реформалардың бірі болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инвестиция • 30 Сәуір, 2026
Қазақстан ШЫҰ Даму банкі арқылы инвестиция мүмкіндігін кеңейтеді
Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында құрылатын Даму банкі арқылы заманауи технологияларды қаржыландыруға басымдық беріп, инвестиция көздерін кеңейту бағытында нақты қадамдар жасап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 30 Сәуір, 2026
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Halyk Finance сарапшыларының болжамынша, 2026 жылдың соңына қарай доллар бағамы 540 теңгеге жетуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Сәуір, 2026
Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды
Атырау облысындағы №15 түзеу мекемесінде болған қайғылы оқиғадан кейін 12 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Сәуір, 2026
Енді домбыраны ұшақ бортында алып жүруге болады
Көлік министрлігі «Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа өзгерістер енгізіліп жатқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 30 Сәуір, 2026
Президент Швеция Королін 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты 80 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 30 Сәуір, 2026
Путин Қазақстанға келеді: Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрімен кездесу өткізді
Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 30 Сәуір, 2026
Тоқаев қазақ тазысын тануға септігін тигізген Тамаш Яккельге алғыс айтты
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады. Кездесуде қазақы ит тұқымдарын сақтау және тұрақты генетикалық қорын қалыптастыру ісінде халықаралық федерациямен ынтымақтастық перспективасы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Сәуір, 2026
Алматыда даулы крематорий пайдалануға берілді
Алматыда көптен бері ашылуы кейінге қалдырылып келген еліміздегі алғашқы крематорий ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 30 Сәуір, 2026
Каспийге қауіп төнді ме? Лавров АҚШ пен Израильдің соққысына қатысты мәлімдеме жасады
Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Каспий теңізі бейбітшілік пен ынтымақтастық аймағы болып қалуы тиіс екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Сәуір, 2026
Аида Балаева: «е-Өтініш» қоғам мен билік институттары арасындағы сенім көпірі
Елордада «e-Otinish» ақпараттық жүйесінің 5 жылдығына орай «e-Otinish» – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың негізгі құралы» атты конференция өтті. Мерейтойлық шараға Президент көмекшісі Ержан Жиенбаев, Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, сондай-ақ мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Сәуір, 2026
Ақмола облысында бірінші сынып оқушысының бетін ит тістеп алған
Ақмола облысы Макинск қаласында 7 жастағы бала итті сипамақ болған сәтте төбет балаға тап беріп, бетінен тістеп алған, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 30 Сәуір, 2026
Алматыда ауа ластануымен күрес қалай жүріп жатыр?
Алматыда 2027 жылдан бастап атмосфералық ауаны қорғау қағидалары толық көлемде қолданысқа енгізіледі. Бұл талаптар кезең-кезеңімен іске асырылып, зиянды шығарындыларды азайтуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 30 Сәуір, 2026
Әл-Фарабидегі 3 адамның өмірін қиған жол апатына қатысты тергеу қашан аяқталады?
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Алматыдағы әл-Фараби даңғылында болған Zeekr автокөлігі қатысқан қайғылы жол апатына қатысты тергеудің қашан аяқталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Сәуір, 2026
3,7 миллиард долларлық келісім: Тоқаев Жапония Парламентінің өкілін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ясутоши Нишимураны Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасы болып тағайындалуымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 30 Сәуір, 2026
Жібек жолындағы қанды оқиға: Үш адамды өлтірген күдіктінің жағдайы белгілі болды
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Астана маңындағы Жібек жолы ауылында өз отбасын өлтірді деп айыпталған күдіктінің ісін тергеуге қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 30 Сәуір, 2026
Атырау облысында ағайындылар арасында атыс болды
27сәуір күні Атырау облысы Индербор кентінде болған жанжал атысқа ұласып, бір адам жараланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 30 Сәуір, 2026
Сенат резонанс тудырған жануарларға қатысты заңды Мәжіліске қайтарды
Сенаторлар «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға қатысты резонанс тудырған түзетулерді Мәжіліске қайтаруды ұсынды. Бұл туралы Сенат аппаратының басшысы Максим Споткай хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 30 Сәуір, 2026
Билікті басып алу әрекеті: Қамшыбек Тәшиевке екі бап бойынша айып тағылды
Қырғыз Республикасының бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Қамшыбек Тәшиевке екі бап бойынша айып тағылды. Бұл туралы оның адвокаты Икрамидин Айткулов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Сәуір, 2026
Қолыңмен ұстап, жүрекпен сезін: Кенен ата мұрасы ерекше жандарға қолжетімді болды
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен Қордай және Шу аудандарында «Тифломузей» жобасы аясында танымдық толықтыру шаралары ұйымдастырылды. «Жарық жүректе – нұрлы әлем» тақырыбында өткен іс-шаралар тарихи-мәдени мұраны ерекше қажеттілігі бар жандарға қолжетімді етуді мақсат етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 30 Сәуір, 2026
Путин мен Трамп телефон арқылы сөйлесті: Ресей уақытша бітім жариялауға дайын
АҚШ пен Ресей президенттері Дональд Трамп пен Владимир Путин шамамен бір жарым сағат телефон арқылы сөйлесіп, келіссөз жүргізді. Ресей тарапы 9 мамыр – Жеңіс күніне орай уақытша бітім жариялауға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Партия • 29 Сәуір, 2026
Ерлан Қошанов: Энергиямен жабдықтаушы компаниялардың қызметі лицензияланады
Астанада «AMANAT» партиясының Кәсіпкерлер қанаты энергетика саласының өкілдерімен кездесу өткізді. Жиын барысында тариф саясатын жетілдіруден бастап, энергетикалық кәсіпорындарды кадрмен қамтамасыз етуге дейінгі саланы дамытудың маңызды мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы NVIDIA және Firebird AI компанияларының өкілдерін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA компаниясының жаһандық жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту жөніндегі вице-президенті Николо Мартин Капрезбен, сондай-ақ Firebird AI компаниясының негізін қалаушылар Размиг Берг Овакимянмен және Александр Есаянмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 29 Сәуір, 2026
100 мыңнан астам мектеп түлегі елімізді көгалдандыруға атсалысты
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында еліміздің барлық өңірінде бір мезгілде «Түлектердің ағаш егуі» эко-челленджі өтті. Ізгі бастама жас ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған кең ауқымды экологиялық қозғалысқа айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Сәуір, 2026
Атырауда 74 жастағы қария қазақ тілін үйреніп жүр
74 жастағы Карим Шәріпов «Speak Up Atyrau» жобасына қатысып, бірнеше айдың ішінде қазақ тілінде тұрмыстық деңгейде еркін сөйлей бастағанын айтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 29 Сәуір, 2026
Астанада Euronews өкілі журналистерге шеберлік сабағын өткізді
Euronews Academy, «Медиа дамыту қоры» КҚ және Maqsut Narikbaev University бірлесіп ұйымдастырған «Медиа технологиялар» курсы мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Сәуір, 2026
Президент Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz.