Ақ жайық басылымының жазуынша, жағдай 30 жастағы жәбірленушінің үй ауласында болған. Жанжал барысында травматикалық қарудан оқ атылып, шабуыл жасағандар оқиға орнынан қашып кеткен.
Кейін полиция қызметкерлері күдіктілерді ұстады. Олар 2003 және 2004 жылы туған, Индербор кентінің тұрғындары – ағайындылар болып шыққан.
Жарақат алған ер адам аудандық ауруханаға жеткізіліп, ота жасалған. Қазіргі уақытта ол хирургия бөлімінде дәрігерлердің бақылауында.
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдіктілер бірден ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.