Ұл
Қоғам • 09 Ақпан, 2026
Энергия тапшылығынан қалай құтыламыз? Министрлік Ұлттық жоспардың жобасын таныстырды
Елімізде энергия тапшылығын жүйелі түрде шешу және электр стансаларының тозуын еңсеру мақсатында 2030 жылға дейінгі көмір генерациясын дамыту жөніндегі Ұлттық жоспар әзірленіп жатыр. Энергетика министрлігі бұл құжаттың жобасын сарапшылық қауымдастыққа дөңгелек үстел отырысында таныстырды. Ұлттық жоспар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес дайындалған, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 09 Ақпан, 2026
Оқу-ағарту министрі: Буллинг үшін директорды жұмыстан босату орынсыз
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы Атырау облысында болған оқушылар арасындағы буллинг жағдайына қатысты пікір білдірді. Оның ойынша, бұл мәселе мектеп директорын қызметтен босатумен шешілмейді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 09 Ақпан, 2026
Оқушы сыныптасына балта ала жүгірген: Құлсарыдағы мектептің директоры қызметінен босатылды
Құлсары қаласындағы №6 Пушкин атындағы мектептің директоры өз еркімен қызметінен босатылды. Бұл туралы Атырау облыстық білім басқармасы мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Ақпан, 2026
Қырғызстанда 17 жастағы қызды өлтірген күдікті тергеу изоляторында көз жұмды
Бішкекте 17 жастағы Айсулууды өлтірді деген күдікке ілінген Құмарбек Абдыров №1 тергеу изоляторында өлі табылды. Ол өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл ақпаратты Мемлекеттік жазаларды орындау қызметі растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 09 Ақпан, 2026
Шымкент қаласына жаңа прокурор тағайындалды
Мемлекет басшысының келісімімен және Бас прокурордың бұйрығымен 3-ші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Елдос Әлиханұлы Сағиев Шымкент қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Ақпан, 2026
Ұлытауда «Қазақмысқа» жұмысқа орналастырамын деп халықты тақырға отырғызғандар ұсталды
Ұлытау облысында жұмыс іздеген азаматтардың сеніміне кіріп, қалтасын қаққан алаяқтардың әрекеті әшкере болды. Өңірдің өндірістік алыбы – «Қазақмыс» корпорациясына жұмысқа орналастырамын деген жалған уәдеге сенген тұрғындар миллиондаған теңгесінен айырылып, бармақ тістеп қалды, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 06 Ақпан, 2026
Ұлттық музейде Жаңа Конституция жобасы талқыланды
Астанада Ұлттық музейде Суретшілер одағының мүшелерінің қатысуымен Жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған «Ата заң – жарқын өмір кепілі» атты дөңгелек үстел өтті. Тағылымды басқосуға 60-тан астам қатысушы жиналып, шығармашылық қауым өкілдері Ата заңның жаңа жобасын қолдайтындарын жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 06 Ақпан, 2026
Құлсарыда мектепке балтамен келген 10-сынып оқушысы қамауға алынды
Оқыс оқиға Атырау облысындағы Құлсары қаласында 5 ақпанда болған. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқушының мектепке балтамен келгенін растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Ақпан, 2026
Жасөспірімдерді жаман әдеттен қалай қорғаймыз?
Жезқазған жоғары политехникалық колледжінде «Заң және тәртіп» қағидасы аясында жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Жасөспірімдер арасында нашақорлық, лудомания, алкоголизм, буллинг және суицидтің алдын алу профилактикасы» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге 1-2 курс студенттерінен құралған 160 студент қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 05 Ақпан, 2026
Қысқы Олимпиада ойындары: Ұландық спортшылар ел намысын қорғайды
6-22 ақпан аралығында Италияда XXV қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Қазақстан құрамасында ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері де бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Ақпан, 2026
Ұлттық банк банкаралық мобильді төлемдер жүйесін әзірледі
Қазақстанда қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жаңа деңгейге шығаратын маңызды бастама қолға алынды. Ұлттық банк банкаралық мобильді төлемдер жүйесінің жұмысын реттейтін қағидаларды әзірлеп, тиісті нормативтік құжатты қоғам талқысына ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Ақпан, 2026
Актер, режиссер Балтабай Сейітмамытұлы өмірден өтті
Актер, режиссер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Балтабай Сейітмамытұлы өмірден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 03 Ақпан, 2026
Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер рейтингінде үздік ондыққа кірді
Заңғар Нұрланұлы Australian Open-2026 турниріндегі сәтті өнерінен кейін ITF Juniors әлемдік рейтингінде жоғарылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Ақпан, 2026
Олимпиада-2026: Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды шығарады
Қазақстан Ұлттық банкі «Спорт» сериясы шеңберінде «OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK» атты жаңа коллекциялық монетаны айналымға шығарады. Монеталардың сатылымы туралы ақпарат Ұлттық банктің ресми сайтында қосымша жарияланады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 02 Ақпан, 2026
Ресей елшілігі адыраспанға байланысты ел тұрғындарына ескерту жасады
Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігі ел азаматтарына адыраспанды Ресей аумағына алып кіруге тыйым салынғанын еске салды. Бұл үшін Ресей заңнамасына сәйкес ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 02 Ақпан, 2026
Әсет Ерғалиев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды
Әсет Ерғалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 02 Ақпан, 2026
Ұлттық қордан 10 жыл ішінде жұмсалмаған қаржы зейнетақы шотына аударылады
Елімізде 18 жасқа толған азаматтар «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында жинақталған қаражатты толық көлемде пайдалану құқығына ие. Отбасы банктің мәліметінше, соңғы үш жылда әрбір кәмелетке толған тұрғынның шотына орта есеппен 370,56 доллар түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Ақпан, 2026
Күніне 18,5 млн доллар: Ұлттық қордан қанша валюта сатылды?
Қаңтар айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 доллар үшін 501,24 теңгеге дейін 0,9%-ға нығайды. Бұл туралы Ұлттық банктің валюта нарығындағы ахуал туралы кезекті есебінде жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 02 Ақпан, 2026
Астанада ұландықтар есірткі қылмысының жолын кесті
Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері елорданың Байқоңыр ауданында патрульдеу кезінде есірткіге қатысты қылмыстың жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Ақпан, 2026
Президент журналистерді Ұлттық басылым күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары Әділетті Қазақстанды құруға және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруға елеулі үлес қосып келе жатқанына назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Қаңтар, 2026
Заңсыз жекешелендіру: Қыздар педагогикалық университетінің ғимараты мемлекет меншігіне өтті
Алматы қаласының прокуратурасы қадағалауды жүзеге асыру аясында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ғимаратының 208 шаршы метр бөлігі заңсыз жекешелендірілгенін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 31 Қаңтар, 2026
«Ұлттық қор – балаларға»: 18 жасқа толған 200 мыңнан астам қатысушы мақсатты жинақтарын пайдаланды
«Ұлттық қор – балаларға» бастамасы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында жарияланды. Бастаманың негізінде ұлттық байлық әрбір азаматқа бала кезінен бастап нақты әрі тікелей пайда әкелуі қажет, ал табиғи ресурстарды пайдаланудан түсетін табыс нысаналы түрде және тең дәрежеде бөлінуі тиіс деген қағидат жатыр, деп жазады Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаржы • 31 Қаңтар, 2026
Ұлттық қордан берілетін төлемдер: Балалардың шотындағы қорытынды сома 370 долларды құрады
Ұлттық Банк Мемлекет басшысының бастамасымен іске қосылған «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша 18 жасқа (қоса алғанда) дейінгі балаларға арналған кезекті нысаналы талаптардың БЖЗҚ-ға есептелгенін мәлімдеді. «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 2025 жылдың қорытындысы бойынша әр баланың шотына 130,71 доллардан есептелді. 2025 жылдың соңында бағдарламаға қатысушы бала саны 6 918 656 болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 31 Қаңтар, 2026
Мемлекет басшысының бастамасымен болашақ ұрпақтың табысы жыл сайын артып келеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы ұлттық байлықты әділ бөлу қағидатын іске асыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаржы • 31 Қаңтар, 2026
Ұлттық қордан 6,9 млн баланың шотына 130 доллардан түсті
Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздің ең маңызды әлеуметтік жобаларының бірі «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы іске асырылып келеді. Бағдарлама жас қазақстандықтардың ересек өмірді табысты бастауы үшін қажет бастапқы жинақтарын қалыптастыруға бағытталған. Жинақтарды тұрғын үй жағдайын жақсартуға және білім алу үшін пайдалануға немесе зейнетақы жинақтары ретінде болашаққа сақтап қалуға болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 30 Қаңтар, 2026
Мәулен Әшімбаев: Қазақстан ұлттық жаңғыру кезеңін бастан өткеріп жатыр
Бүгін Сенатта «Ұлттық мүдде» диалог алаңының «Саяси жаңғыру: Әділетті Қазақстанның конституциялық моделі» тақырыбындағы отырысы өтті. Мемлекеттіліктің дамуының жаңа кезеңіне өту жағдайында жиынға қатысушылар Конституциялық реформаның логикасы мен мазмұнын, оның саяси жүйені жаңғыртудағы және мемлекеттік басқарудың жаңа моделін қалыптастырудағы рөлін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Волонтер • 30 Қаңтар, 2026
«Игі істер марафоны»: 2025 жылы волонтерлер 9 мыңнан астам игі іс жасады
Елімізде волонтерлік қозғалысты жүйелі қолдау негізі Мемлекет басшысының бастамасы бойынша Волонтер жылы деп жарияланған 2020 жылы қаланды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 30 Қаңтар, 2026
Үкімет волонтерлік қозғалысты дамытуға бағытталған Ұлттық іс-шаралар жоспарын бекітті
Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен Волонтерлер форумы өтті. Форум Қазақстанда Халықаралық еріктілер жылының ұлттық бастамасы болды, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 30 Қаңтар, 2026
Ұлттық кітапхана: Ғылыми кеңес қандай еңбектерге оң баға берді?
Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада Ғылыми кеңестің екінші отырысы өтті. Жиында «Ұлттық кітап. Библиографиялық тарихи шежіре», «Ғасырлар құпиясындағы Отырар кітапханасы», «Кітапханашы нұсқаулығы», «Қазақстан кітапханаларындағы автоматтандырылған ақпараттық жүйелер», – «Тәуелсіздіктің 35 жылындағы Қазақстанның көпшілік кітапханалары: деректер мен оқиғалар хроникасы (1991-2025)» секілді жеті еңбекке оң қорытынды берілді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 30 Қаңтар, 2026
Сенсация: 17 жастағы қазақ теннисшісі Australian Open турнирінің жартылай финалына шықты
Аустралияның ашық чемпионатында 17 жастағы отандасымыз финалға жолдама алды. Енді ол Китон Ханс (АҚШ) пен Кун Шу Чен (Тайбэй) жұбының жеңімпазымен кортта кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz.