Ғылыми кеңесте оң қорытынды берілген еңбектер Ұлттық кітапхана ісінің тарихын жүйелеуге, библиография мен кітапханатану саласындағы ғылыми-зерттеу бағыттарын тереңдетуге, сондай-ақ салалық ғылыми-әдістемелік базаны нығайтуға арналған маңызды зерттеулер саналады.
Айта кетейік, Ұлттық кітапхананың Ғылыми кеңесі өз жұмысын 2025 жылғы қазан айынан бастап тұрақты түрде жүргізе бастады. Соңғы жылдары Ғылыми кеңес аясында бірқатар әдістемелік көмекші құралдар мен библиографиялық көрсеткіштер жүйелі түрде жарық көріп келеді.

Қазақстанның Ұлттық электронды кітапханасын 122 елдің оқырмандары пайдаланады
Ғылыми кеңестің ұсынысымен бұған дейін «Қарасөздер – қоғам құбылысы», «Қазақ тілінде басылған кітаптар көрсеткіші. М.Дулатұлы», «Қазақстан библиографиясы мен кітапхана ісі», «Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорындағы дәстүрлі картотекалық ақпараттар (1921-2001)» т.б. еңбектер мен Смағұл Сәдуақасов, Тоқаш Бердияров, Жұмекен Нәжімеденовтің библиографиялық көрсеткіші жарияланды.