Соңғы жаңалықтар
Қылмыс • 22 Мамыр, 2026
WhatsApp желісінде топ құрған: «ENVIDA AI» қаржы пирамидасына қатысты тергеу басталды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті «ENVIDA AI» атауымен жұмыс істеген қаржы пирамидасын құру және оған жетекшілік ету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Мамыр, 2026
Қазақстан мен Гонконг қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісімге қол қойды
Бас прокурор Берік Асылов халықаралық құқықтық ынтымақтастықты нығайту мақсатында Гонконг қаласына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында Гонконгтың Қауіпсіздік жөніндегі хатшысы Крис Тангпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 22 Мамыр, 2026
NASCAR-дың екі дүркін чемпионы Кайл Буш қайтыс болды
Аңызға айналған жарыс жүргізушісі Кайл Буш 41 жасында көз жұмды. Спортшы кенеттен болған ауыр сырқаттан қайтыс болған. Оның нақты диагнозы әзірге жарияланған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 22 Мамыр, 2026
Конгода Эбола індетінен қайтыс болған науқастың туыстары медициналық орталықты өртеп жіберді
Конго Демократиялық Республикасының шығысында Эбола індетінен қайтыс болған науқастың туыстары медициналық орталықты өртеп жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кәсіпкер • 22 Мамыр, 2026
Шілдеден бастап кәсіпкерлерге шетелге шығуға шектеу қойылуы мүмкін
2026 жылдың 1 шілдесінен бастап жаңа салықтық әкімшілендіру нормасы күшіне енеді. Жаңа Салық кодексінің 189-бабына сәйкес, ірі көлемде салық қарызы бар кәсіпкерлер мен компания басшыларына елден уақытша шығуға шектеу қойылуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 22 Мамыр, 2026
Қазақстандағы жолаушылар пойызына Starlink интернеті қосылады
Қазақстанның 27 жолаушылар пойызына спутниктік интернет қосылады. Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 22 Мамыр, 2026
Шұғыл қызмет өкілдері Астана әуежайына не себепті жиналды?
Бүгін Астана халықаралық әуежайы аумағында авиациялық оқыс жағдай кезіндегі іс-қимылды пысықтауға арналған жоспарлы оқу-жаттығу өтеді. Осыған байланысты әуежай әкімшілігі жолаушылар мен қала тұрғындарына арнайы ескерту жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 22 Мамыр, 2026
Соңғы қоңырау: оқушылар мұғалімдерге виртуалды гүл сыйлай алады
Соңғы қоңырау қарсаңында BilimClass платформасы мұғалімдерге арналған ерекше онлайн акцияны іске қосты. Енді оқушылар мен ата-аналар ұстаздарына виртуалды гүл шоқтарын жолдап, алғыс білдіре алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 22 Мамыр, 2026
АҚШ-та қанды қылмыскер өлім жазасынан құтылып кетті
АҚШ-тың Теннесси штатында өлім жазасына кесілген сотталушыны жазалау әрекеті сәтсіз аяқталды. Бұл туралы CNN телеарнасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 22 Мамыр, 2026
Танымал спортшы Қуат Хамитов Атырауда жауапқа тартылды
Атырау қаласында өтетін Batyr Fighting Championship турнирі алдында аралас жекпе-жек спортшысы Куат Хамитов әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл арқалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Мамыр, 2026
Астанада Тұран даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады
Астанада жол жұмысының жүргізілуіне байланысты 22-24 мамыр аралығында Тұран даңғылы бойындағы жергілікті жол өткелі толықтай жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2026
Семейде зейнеткердің пәтерінен он КамАЗ қоқыс шығарылды
Семей қаласында полиция қызметкерлері коммуналдық мекеме өкілдері және еріктілермен бірлесіп көпқабатты үйдегі антисанитариялық жағдайға айналған пәтерді тазарту жұмыстарын жүргізді. Пәтерден шамамен он КамАЗ тұрмыстық қалдық шығарылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 22 Мамыр, 2026
Астана мектептеріндегі орын тапшылығы мәселесі қалай шешілмек?
Астана қаласында үй маңайындағы мектепке баланы орналастыру оңай емес. Білім ордасы алдымен тұрғылықты мекенжайдан тіркеу сұратады. Мұқият тексерістен өткен соң, бала сыныптағы 30-дан аса оқушының қатарына қосылады. Қазір көп мектептегі жағдай – осы. Жалпы былтырғы оқу жылында 20 мыңнан аса балаға орын жетіспеушілігі сезілген. Бүгінде 1 200 орындыққа арналған білім ордаларында 4 мыңға жуық бала оқиды. Жыл сайын жаңа мектептердің саны артқанымен бұл мәселені толық шеше алмай отыр. Осы мәселеге қатысты Egemen.kz тілшісі қалалық білім басқармасына хабарласқан болатын.
Тұлға • 22 Мамыр, 2026
Абыз: Әділ Ахмет туралы бірер сөз
Абай айтқандай, «ақырын жүріп, анық басып» абыздық жасқа шыққан Әділ Ахмет – айнымайтын асыл адам: болмысы бекзат тұлға, ғибратты ғалым, ұлағатты ұстаз, дегдар дипломат. Қарымды қайраткерлігі, зерделі зерттеулері, парасатты публицистикасы арқылы айналасына сәулесін түсіріп жүретін сәулеткер, шын мәнінде зиялы.
Оқиға • 22 Мамыр, 2026
Лифт ішіндегі қауіпті сәт: Бойжеткеннің сөмкесіндегі қуаттағыш құрылғы өртенді
Сургут қаласында қыздың сөмкесіндегі телефон қуаттайтын құрылғы кенеттен өртеніп кетті. Оқиға Крылов көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Мамыр, 2026
Баспана кезегін үйден шықпай қалай тексеруге болады?
Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар өз мәртебесін енді онлайн оңай тексере алады. Бұл туралы «Отбасы банк» арнайы нұсқаулық жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Мамыр, 2026
Атырауда түрмеге күмәнді зат кіргізбек болғандардың заңсыз әрекетін қызметтік ит әшкереледі
Атырауда Ұлттық ұланның 5546 әскери бөлімінің әскери қызметшілері мен Қылмыстық-атқару жүйесінің (ҚАЖ) комитетінің қызметкерлері түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды заңсыз кіргізу әрекетінің жолын кесті. Оқиға №15 мекемесінің бақылау-өткізу орнында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кәсіпкер • 22 Мамыр, 2026
Енді жеке кәсіпкерлік атауын онлайн ауыстыруға болады
Ел азаматтары енді жеке кәсіпкерлік атауын мемлекеттік органдарға бармай-ақ онлайн өзгерте алады. Жаңа қызмет толық цифрландырылып, бірнеше минут ішінде рәсімделеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 22 Мамыр, 2026
Кенияда есту қабілеті бұзылған балаларға сабақ түсіндіретін робот жасалды
Кенияда мұғалімнің сөзін ым-ишара тіліне автоматты түрде аударатын робот жасалды. Бұл инновация есту қабілеті бұзылған балаларға жаратылыстану пәндерін, соның ішінде физика мен химияны оңай меңгеруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауыл • 22 Мамыр, 2026
Қажытқан 45 шақырым немесе Әлихан Бөкейхан ауылындағы жолдың жыры
Ел көлеміндегі қабылданған әрбір шешімнің мән-маңызы, ең алдымен, халық тұрмысын жақсартатын нақты істермен өлшенуге тиіс екенін Мемлекет басшысы атап айтқаны мәлім. Соның ішінде өңір басшыларына айрықша тапсырылғаны – барлық деңгейдегі жол сапасын дұрыстау. Кәсіпкерлік пен туризмді дамыту, сол арқылы жергілікті жұртшылықтың әл-ауқатын арттыру қала мен ауылдың барыс-келісі жеңілдегенде ғана жүзеге асатыны анық. Осы орайда келешегі бар көп елді мекеннің жолы бүгінге дейін ойдым-ойдым боп жатқаны қынжылтады.
Әлем • 22 Мамыр, 2026
Скандинавияның аспаны бөлек сияқты көрінді. Ұшағымыз Хельсинкиге қонған сәттен-ақ мұндағы тыныштық бірден сезілді. Әуежай ішінде де, пойызда да, көшеде де ешкім асықпайды. Даурығып сөйлескен адам жоқ. Барлығы өз ырғағымен өмір сүріп жатқандай. Әлемдегі ең бақытты ел атанып жүрген Финляндияға сапарымыз осылай басталды. World Happiness Report рейтингінде бірнеше жыл қатарынан көш бастап келе жатқан елдің тыныс-тіршілігін аз уақытқа болса да ішінен көруге мүмкіндік туды. Мұнда жұмыссыздық деңгейі төмен, жалақы жоғары. Білім мен медицина тегін. Әлеуметтік қолдау жүйесі тұрақты. Бірақ финдердің бақыты тек осы көрсеткіштерден ғана құралмайтындай әсер қалдырады.
Қылмыс • 22 Мамыр, 2026
Күдіктіні саусақ ізі әшкереледі: Ақмола облысында 19 жыл бұрын жасалған ұрлықтың беті ашылды
Ақмола облысы полицейлері шамамен 20 жыл бұрын жасалған ақша ұрлығының бетін ашты. Ұрлық 2007 жылы оқиға орнынан алынған саусақ іздері арқылы әшкере болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 22 Мамыр, 2026
Қазақстанда әскери оқу орындарының үздік түлектеріне «аға лейтенант» атағы беріледі
Енді еліміздің және шетелдік әскери жоғары оқу орындарын үздік бітірген курсанттарға «аға лейтенант» әскери атағы табысталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 22 Мамыр, 2026
Еңбекке жегу, қайыр сұрату: Адам саудасына қатысты 75 қылмыс тіркелді
Ішкі істер министрлігі жыл басынан бері Қазақстанда адам саудасына байланысты 75 қылмыс анықталғанын мәлімдеді. Тіркелген деректер арасында адамдарды мәжбүрлі еңбекке жегу, қайыр сұратуға мәжбүрлеу, жыныстық қанау, кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке тарту және жаңа туған сәбилер саудасы фактілері бар, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 22 Мамыр, 2026
Сауд Арабиясы чемпионатының соңғы турында Криштиану Роналду бастаған «Аль-Наср» клубы өз алаңында Дамак командасын 4:1 есебімен жеңіп, алты жылдан кейін ел чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Мамыр, 2026
Ақтөбе облысында 11 жастағы бала ойын алаңында ауыр жарақат алды
Ақтөбе қаласының маңындағы елді мекенде 11 жастағы бала ойын алаңында ауыр жарақат алды. Оқушы темір істікке құлап түсіп, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 22 Мамыр, 2026
Қатерлі ісікті анықтауға бес сурет жеткілікті: Жас ғалым әзірлеген алгоритмнің ерекшелігі қандай?
АҚШ-тың Финикс қаласында өткен Regeneron ISEF 2026 дүниежүзілік ғылыми-инженерлік көрмесінде Қазақстан атынан жеті оқушы бес ғылыми жобаны ұсынып, ел намысын қорғады. Әлемнің 60-тан астам елінен 1700-ге жуық жас зерттеуші қатысқан байқауда Тараз қаласындағы Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Арнұр Артықбай Сауд Арабиясының Король Фахд атындағы Мұнай және пайдалы қазбалар университетіне (KFUPM) білім беру грантын иеленді. Жасанды интелект арқылы қатерлі ісікті анықтауға арналған жоба дайындап шығарған жас дарын жүйенің ерекшелігін айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Мамыр, 2026
9 және 11 сынып түлектерінің қорытынды емтиханды қашан тапсыратыны белгілі болды
Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен 2025-2026 оқу жылындағы қорытынды аттестацияны өткізу тәртібі бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 22 Мамыр, 2026
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Сот отырысы 28 мамырда өтеді
Алматы полициясы әл-Фараби даңғылындағы резонанс тудырған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеуді аяқтады. Енді іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 22 Мамыр, 2026
Қытайдағы су тасқыны: қаза тапқандар саны 25 адамға жетті
Қытайда нөсер жауыннан кейін болған су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 25 адамға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.