Әлем • Бүгін, 09:39

Қытайдағы су тасқыны: қаза тапқандар саны 25 адамға жетті

1 мин
оқу үшін

Қытайда нөсер жауыннан кейін болған су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 25 адамға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытайдағы су тасқыны: қаза тапқандар саны 25 адамға жетті

Фото: Ашық дереккөз

Табиғи апаттан елдің оңтүстік және орталық өңірлері қатты зардап шеккен. Әсіресе Хубэй провинциясы, Гуанси-Чжуан автономиялық ауданы және Гуандун провинциясы аймақтарындағы жағдай күрделі.

Су тасқынына байланысты мектептер жабылып, қоғамдық көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды. Қауіпті аймақтардан шамамен 25 мың адам эвакуацияланған.

Қытай билігі табиғи апат салдарын жою жұмыстарына шамамен 22 миллион доллар бөлген. Ал синоптиктер қолайсыз ауа райы алдағы бірнеше күн бойы жалғасуы мүмкін екенін ескертіп отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қытайда табиғи апат елдің бірден 7 провинциясын қамтып, салдарынан 18 адам көз жұмғанын жазған едік.

Ауғанстанда нөсер жауын салдарынан болған су тасқыны мен көшкіндерден 77 адам қаза тапты, тағы 137 адам жарақат алды.

Соңғы жаңалықтар