Ақ
Технология • 19 Мамыр, 2025
Қазақстанға Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер жеткізілді
Өнімділігі шамамен 2 экзафлопсты құрайтын суперкомпьютер Орталық Азия тарихындағы алғашқы суперкомпьютерлік кластер. Цифрлық даму министрлігі ол жасанды интеллект пен жоғары өнімді есептеулерге арнайы жасалған NVIDIA H200 жаңа графикалық чиптерінің негізінде жинақталғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 18 Мамыр, 2025
Ұлытауда жас ақын-жазушылардың республикалық семинар-кеңесі өтті
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Ұлы дала елінің рухани темірқазығы – Ұлытау» атты жас ақын-жазушылардың республикалық семинар-кеңесі өтті.
Денсаулық • 18 Мамыр, 2025
Қазақстанда 120 белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді
Бүгінде елімізде 120 белсенді ұзақ өмір сүру орталығы (бұдан әрі – БҰӨО) жұмыс істейді, оның 57-сі қалаларда және 63-і ауылдарда орналасқан. 2024 жылы орталықтардың қызметін қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттерден бөлінген жалпы қаражат көлемі 5,9 млрд теңгені құрады. Биыл бұл мақсатқа 6,7 млрд теңге қарастырылған.
Президент • 17 Мамыр, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қылмыс • 16 Мамыр, 2025
Ақтөбеде кәсіпкерлерден ақша бопсалаған күдікті ұсталды
Ақтөбе облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкері ретінде таныстырып, Ақтөбе қаласының кәсіпкерлерінен ақша бопсалап жүрген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Мамыр, 2025
Шалғай аудандағы балаларға арналған оңалту орталығы ашылды
Шалқар аудандық ауруханасының жанында тірек-қозғалыс бұзылыстары бар балаларды оңалту орталығы ашылды. Бұл орталық «Қазақстан халқына» қорының «QH Аудандық оңалту орталықтары» қайырымдылық жобасы аясында іске асырылды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Елорда • 16 Мамыр, 2025
«Таза Қазақстан – Таза Астана» байқауы жарияланды
«Астана Тазалық» ЖШС БАҚ өкілдері мен блогерлер арасында байқау жариялайды. Жалпы жүлде қоры – 4 миллион теңге, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Мамыр, 2025
Жастар арасындағы жұмыссыздық әлі де өзекті мәселе
Еліміздегі жастар арасындағы жұмыссыздық – қоғамдағы ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Әсіресе 16-34 жас аралығындағы жастардың жұмыссыз қалуы тек экономикалық емес, сонымен қатар әлеуметтік дағдарыстың белгілісі секілді. Жастардың жұмыссыз қалу себептері сан алуан. Тіпті дипломы барларының өзі де еңбек нарығында өз орнын таба алмай сенделіп жүр. Бірі сұраныссыз мамандық иесі болса, енді бірі тәжірибесі жоқ деген желеумен шетте қалып отыр.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2025
Ақтөбе облысында 1200 гектар жер мемлекетке қайтарылды
Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Жер ресурстарын басқару комитетінің Ақтөбе облысындағы департаменті Алға ауданында алқаптардың пайдаланылуына жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп жазады Egemen.kz.
Табиғат • 16 Мамыр, 2025
Катон-Қарағай ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа түсті
Катон-Қарағай ұлттық табиғи паркінің Аршаты орманшылығында қар барысы фототұзаққа түсіп қалған, деп жазады Egemen.kz,
Экономика • 16 Мамыр, 2025
Шетелдік инвестор Астана әуежайын 25 жыл бойына қаржыландырады
Terminals Holding (БАӘ) өзінің еншілес кәсіпорны Terminals Astana Airport Limited компаниясымен Астана қаласында орналасқан Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайын сенімгерлік басқару туралы 25 жылдық инвестициялық келісімшарт жасасты, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 16 Мамыр, 2025
Солтүстік Аралды сақтаудың екінші кезеңі басталды
Қызылорда облысындағы Көкарал бөгетінде Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Самех Вахбамен кездесіп, тараптар Солтүстік Арал теңізін сақтауға арналған жобаның екінші кезеңін іске асыру мәселесін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 15 Мамыр, 2025
Қазақстан таеквондодан әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсетті
Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өткен таеквондодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталған байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы жоғары нәтижеге қол жеткізіп, 5 бірдей медаль еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 15 Мамыр, 2025
Ақмоланың астығы Италияға экспортталды
Астықты өңір үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу айрықша маңызды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 15 Мамыр, 2025
Грузия қазақстандықтарға шекарадан өтуге неге шектеу қойды
Соңғы уақытта Грузия шекарасынан қазақстандық азаматтарды кері қайтару жиілеген. Бұл жағдайға байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 14 Мамыр, 2025
Ақтөбелік кітапхана халықаралық байқаудың жүлдесін жеңіп алды
Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Мәскеудегі Маргарита Рудомино атындағы бүкілресейлік шетел әдебиеті кітапханасы ұйымдастырған «Премия Рудомино» халықаралық байқауында «Достастық елдерінің үздік халықаралық жобасы» жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 14 Мамыр, 2025
Қазақстан Гарвард университетімен бірлескен бастамаларды іске асырады
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек АҚШ-та жоғары білім мен ғылым саласындағы стратегиялық әріптестікті дамытуға бағытталған бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы Нұрлан Жақыповты қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 14 Мамыр, 2025
«Ақтөбе» ФК бас бапкері болып Вячеслав Левчук тағайындалды
Бүгін Вячеслав Левчук «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері қызметіне ресми кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 14 Мамыр, 2025
Қазақстан-Армения ынтымақтастығы нығая түседі
Армения Республикасы Ұлттық жиналысының төрағасы Ален Симонян ресми сапармен елімізге келіп, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановпен кездесті. Жоғары мәртебелі мейманды Мәжіліс үйінде қарсы алған спикер бұл сапарды Оңтүстік Кавказдағы сенімді әріптеспен арадағы қарым-қатынасты тереңдетудің айғағы деп бағалады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Мамыр, 2025
Қазақстанда отбасыларды кешенді қолдау моделі қалыптасқан
15 мамыр Халықаралық отбасы күні. Ал Қазақстанда Отбасы күні жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде аталып өтетіні мәлім. Ұлттық статистика деректеріне сәйкес, 2024 жылы ел бойынша 123,6 мың неке тіркелген (2023 жылмен салыстырғанда 2,2%-ға көп), ал соңғы 5 жылда ажырасу саны 48%-ға азайған. Бұл – отбасылық құндылықтардың нығайып келе жатқанын және азаматтардың болашаққа деген сенімін білдіретін оң көрсеткіштер, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 14 Мамыр, 2025
Атыраулық қаламгерлер Қазақстанның құрметті жазушысы атанды
Бүгін Атырауда «Жұмысшы мамандығы және Қазақстан жазушыларының шығармалары» тақырыбымен Қазақстан Жазушылар одағының көшпелі пленумы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Мамыр, 2025
Өмір сапасы жағынан көш бастап тұрмыз
Қазақстан Орталық Азияда өмір сүру сапасы жөнінен жетекші орында тұр. Бұл туралы беделді CEOWORLD Magazine басылымында жарияланған Human Progress Index (HPI) – Адам даму индексі бойынша зерттеу нәтижелерінде айтылды, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 14 Мамыр, 2025
Жайсаңдағы бекетте заңсыз мигранттар ұсталды
Ақтөбе облысындағы «Жайсаң» шекара бекетінде Ресей Федерациясына бағыт алған транзиттік бағыттағы жүк көлігін тексеру кезінде заңсыз мигранттар ұсталды, деп жазады Egemen.kz ҰҚК Шекара қызметінің дерегіне сүйене отырып.
Әлем • 14 Мамыр, 2025
Эр-Риядта 600 миллиард долларлық келісім жасалды
АҚШ пен Сауд Арабиясы Дональд Трамптың Таяу Шығысқа жасаған ресми сапары аясында жалпы құны 600 миллиард АҚШ долларын құрайтын бірқатар келісімге қол қойды, деп жазады Egemen.kz DW ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 14 Мамыр, 2025
Қазақстанда жыл басынан бері туу көрсеткіші төмендеді
Қазақстанда 2024 жылдың алғашқы тоқсанында бала туу деңгейі соңғы он жылдан астам уақыттағы ең төменгі көрсеткішке түсіп, елдің барлық өңірінде айтарлықтай төмендеу тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Мамыр, 2025
«Шұбаркөл көмір» АҚ жылыту маусымын сәтті аяқтады
Қазақстандағы коммуналдық-тұрмыстық көмір қажеттілігінің 40 пайызын қамтамасыз етіп отырған «Шұбаркөл көмір» АҚ 2024/2025 жылғы жылыту маусымын сәтті аяқтады. Кәсіпорын тұтынушылардан түскен барлық тапсырысты толық орындап, маусым барысында көмір тапшылығы мен негізсіз қарбаластарға жол бермеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 13 Мамыр, 2025
Заңсыз өнімдердің жолы кесілді
Біржан сал ауданында кәсіпкерлерден 250 құты ішімдік тәркіленді. Алкогольдік өнімдер ілеспе қосымша құжаттарсыз сатылған.
Аймақтар • 13 Мамыр, 2025
Соғыс өрті сөнгелі сексен жыл уақыт өтсе де қан қасап майданда опат болған боздақтардың дерегі әлі де табылып жатыр.
Әлем • 13 Мамыр, 2025
Түркияда ұшақ толық тоқтамай орнынан тұрған жолаушыларға айыппұл салынады
Азаматтық авиация жөніндегі бас басқармасының (SHGM) жаңа циркулярында көрсетілген талапқа сәйкес елде ұшақ қонған кезде экипаждың рұқсатын күтпей орнынан тұрып, қозғалған жолаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды Egemen.kz.