Соңғы жаңалықтар
Қоғам • 19 Мамыр, 2026
Енді көлік нөмірін мұраға қалдыруға рұқсат етіледі
2026 жылғы 25 мамырдан бастап Қазақстанда автокөлікті тіркеу ережелеріне өзгерістер енгізіледі. Жаңа талаптарға сәйкес, пайдаланылған мемлекеттік нөмірлерді иесінің туыстарына немесе мұрагерлеріне беруге мүмкіндік туады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 19 Мамыр, 2026
Қарағанды облысында өрт ошақтарын дрондар бақылайды
Қарағанды облысында өрт ошақтарын дер кезінде анықтап, жалынның таралу бағытын болжау үшін дрондар қолданылып жатыр. Сонымен қатар биыл ауылдық жерлерде жаңа өрт сөндіру бекеттері ашылады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2026
Бұған дейін екі рет сотталған: Шымкентте әйелді аяусыз өлтірген ер адам жазадан құтылып кетті
Шымкент қаласында 40 жастағы әйелді аса қатыгездікпен өлтірген ер адам түрмеден босатылып, мәжбүрлі емдеуге жіберілетін болды. Сот оның шизофрения дертіне шалдыққанын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Мамыр, 2026
«Жалақыда айырмашылық бар»: Темір қаласының тұрғындары ауыл мәртебесін беруді сұрап отыр
Ақтөбе облысындағы Темір қаласының тұрғындары бастама көтеріп, елді мекенге қала емес, ауыл мәртебесін беруді сұрап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Мамыр, 2026
Тағайындалғанына үш ай ғана болған: СҚО-да аудан әкімі өзіне қол жұмсады
Қайғылы оқиға Солтүстік Қазақстан облысында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 19 Мамыр, 2026
Биыл Құрбан айт мерекесі ерекше форматта тойланбақ: Бас мүфти маңызды мәлімдеме жасады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордада өткен баспасөз мәслихатында ел тұрғындарын Құрбан айт мерекесін ұлттық дәстүрге сай атап өтуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 19 Мамыр, 2026
«Музей түні»: Ұлттық орталық музейге бір түнде 17 мың адам барды
Мәдени кеңістігімізде ширек ғасырға жуық көрерменге қуаныш сыйлап келе жатқан «Музей түні» акциясы Алматыдағы Ұлттық орталық музейде биыл ерекше форматта өрбіді. Мазмұны бай мәдени жоба алғаш қанат қаққан тағылым ордасы шаһар тұрғындары мен қонақтарына ұмытылмас мереке сыйлап, тарих пен дәстүр дәріптелген шараға 17 мыңнан астам көрермен қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 19 Мамыр, 2026
Аман қалудың амалы: Ауғанстандағы әкелер балаларын сатуға мәжбүр болып отыр
Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметіне сәйкес, Ауғанстан халқының төрттен үш бөлігі негізгі қажеттіліктерді қанағаттандырмайды. Жұмыссыздық кең етек жайды, денсаулық сақтау жүйесі құлдырады. Сондай-ақ бір кездері миллиондаған адамдарды ең қажетті заттармен қамтамасыз еткен көмек әлдеқайда қысқарып, мардымсыз бөлігі ғана қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 19 Мамыр, 2026
«Жасыл ел»: Алматы облысының жастары 100-ден астам көшет отырғызды
Алматы облысында республикалық «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XXII маусымының салтанатты ашылуы өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен келген белсенді жастар, мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 19 Мамыр, 2026
Өз әйелін аяусыз қағып өлтірген полицей қамауға алынды
Алматы облысы аумағында өз әйелін көлікпен аяусыз қағып өлтірген ер адам қамауға алынды. Қайғылы оқиға Қонаев – Бақанас тасжолында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 19 Мамыр, 2026
Илон Маск OpenAI-ға қарсы сотта жеңіліп қалды
Соңғы уақытта Илон Маск бірнеше сот ісінде жеңіліске ұшырады. Соңғысы – OpenAI мен оның басшысы Сэм Альтман қарсы берген шағымының қанағаттандырылмауы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 19 Мамыр, 2026
Шетелден әкелінген қызанақ түркістандық шаруаларды шығынға батырды
Түркістан облысы фермерлері шетелден келетін арзан қызанақ салдарынан банкрот болудың алдында тұр. Диқандардың сөзінше, нарықты Қытай мен Түрікменстаннан тасымалданған өнімдер басып алғандықтан, отандық көкөністер баға бәсекесіне төтеп бере алмай жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 19 Мамыр, 2026
Алматы аспанында не ұшып жүр? Әкімдік түсініктеме берді
Әлеуметтік желілерде Алматы аспанында ұшып жүрген белгісіз аппараттың видеосы тарады. Жаңадан құрылған Алатау қаласының маңында түсірілген кадрлар желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 19 Мамыр, 2026
«Біз берілмейміз»: Иран президенті қатаң мәлімдеме жасады
Иран президенті Масуд Пезешкиан Тегеранның ешқандай күшке бас имейтінін мәлімдеді. Ол елді зымыран, бомба немесе әскери ұшақтар арқылы бағындыру мүмкін емес екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Мамыр, 2026
Қарағандыда қайғылы оқиға: Жасөспірім 8 жастағы қызды мотоциклмен қағып өлтірді
Қарағанды облысындағы Көкпекті станциясында қайғылы жол апаты болды. Полицияның мәліметінше, Enduro маркалы мотоцикл тізгіндеген 17 жастағы жасөспірім сегіз жастағы қызды қағып кеткен. Ауыр жарақат алған бала оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 19 Мамыр, 2026
Отандық дәрі-дәрмек үлесі шамамен 40 пайызға жетті
Елімізде өндірілетін дәрі-дәрмек көлемі артып келеді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша фармацевтикалық өнім өндірісінің көлемі 191,1 млрд теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 8,7 пайызға жоғары, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Мамыр, 2026
Бітімгерлердің үшінші құрамы Голан жотасына аттанды
Алматыдағы Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 61993 әскери бөлімінде «Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлінуді бақылау жөніндегі күштері» миссиясы құрамында қызмет ету үшін Голан жоталарына аттанатын үшінші ұлттық бітімгерлік контингентті салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 19 Мамыр, 2026
Куба президенті АҚШ-ты «геноцидтік блокада» жүргізіп отыр деп айыптады
Куба президенті Мигель Диас-Канель АҚШ-ты «геноцидтік блокада» жүргізіп отыр деп айыптады. Ол Дональд Трамп енгізген жаңа санкциялар елдегі энергия тапшылығына қатысты қиындықтарды одан әрі ушықтырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Мамыр, 2026
Алты тұстан пышақ сұққан: Талдықорғанда мектеп оқушысы студентті өлтірді деген күдікке ілінді
Талдықорғанда 20 жастағы студент кісі қолынан қаза тапты. Қайғылы оқиға 7 мамырда футбол матчын бірге көріп отырған жастар арасындағы жанжалдан кейін болған. Анасының айтуынша, 17 жастағы мектеп оқушысы ұлына пышақ сұққан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 19 Мамыр, 2026
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
19 наурыз күнгі сауда қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасында доллар бағамы аздап төмендеді, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 19 Мамыр, 2026
Анчелотти Неймарды әлем чемпионатына баратын құрамға қосты
Бразилия құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын ойыншылар тізімін жариялады. Құрама сапына «Сантос» шабуылшысы Неймар да енді, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 19 Мамыр, 2026
Жаңбыр жауып, жел күшейеді: 19 мамырға арналған ауа райы болжамы
19 мамырда еліміздің оңтүстігінде және батыс бөлігінің кей аумақтарында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сонымен қатар республика аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, батыста шаңды дауыл тұруы мүмкін, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 19 Мамыр, 2026
Адамға ұқсас роботтарды дамыту: Оңтүстік Корея ауқымды жобаны іске қосты
Оңтүстік Корея жасанды интеллектке негізделген адамға ұқсас роботтарды дамытуға арналған ауқымды бағдарламаны іске қосып отыр. Жоба шеңберінде ел алдағы бес жыл ішінде 50,4 млрд вон (33,5 млн доллар) инвестиция салуды көздейді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 19 Мамыр, 2026
Иран өлім жазасына кесу бойынша әлемде бірінші орында
Amnesty International ұйымы өлім жазасын кесу көрсеткіші бойынша алдынғы қатарда тұрған мемлекеттер тізімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 19 Мамыр, 2026
Жамбыл облысында жоғалып кеткен азамат дронның көмегімен табылды
Жамбыл облысында жоғалған азамат ТЖМ ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен табылды деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 19 Мамыр, 2026
Сәкен Бибосынов титулдық жекпе-жектен қағылды
Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосыновтың титулдық жекпе-жегі аяқ астынан өтпейтін болып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 18 Мамыр, 2026
Ұлттық экономика министрлігі: Тоғыз жыл ішінде қазақстандықтардың жалақысы 41 пайызға өсті
2017 жылдан бері Қазақстан азаматтарының жалақысының жалпы өсімі 41% құрады. Бұл ЖІӨ өсуінің жоғары қарқынының арқасында мүмкін болды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 18 Мамыр, 2026
Өзбекстаннан жеткізілген 5 мыңнан астам гүл кері қайтарылды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Түркістан облыстық аумақтық өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы залалданған өнімді тасымалдау фактісін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 18 Мамыр, 2026
Дональд Трамп: Иран берілгендігін мойындамаса, жақын күндері соғыс қимылын жүргіземіз
АҚШ президенті Truth Social-ға берген мәлімдемесінде Иран армиясы қаруын тастап, Тегераннан кетуді, ал ел билігінен жеңілгендігін құжаттап тізе бүгуін талап етті, деп жазады Egemen.kz
Руханият • 18 Мамыр, 2026
Халықаралық музей күні аясында Астанада «Леонардо да Винчи» халықаралық көрмесі таныстырылды
Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қайта өрлеу дәуірінің ұлы ойшылдарының бірі Леонардо да Винчидің өміріне, ғылыми ізденістері мен инженерлік мұрасына арналған «Leonardo da Vinci: Genius of the Renaissance» халықаралық көрмесінің таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.