ыс
Жастар • 22 Мамыр, 2025
Қостанайда «Студент көктемі» фестивалі басталды
Қостанайда студент жастардың дәстүрлі мерекесі – «Студент көктемі - 2025» фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Қостанай, Арқалық, Рудный қалаларынан келген ЖОО студенттерінің басын қосқан іс-шара аясында өнер, білім, спорт жарыстары ұйымдастырылады.
Қоғам • 21 Мамыр, 2025
Қонаевта халық саны азайғаны рас па?
Күні кеше түрлі БАҚ-тарда, әлеуметтік желілерде Қонаев қаласының тұрғындарының саны соңғы бір жылда 8,2%-ға азайып, 65900-ге түсіп кеткені жайында ақпарат тарады. Data Hub тілшілері бұл құбылыстың нақты себебін түсіндіре алмаған.
Мәдениет • 21 Мамыр, 2025
Қарашөкеев мәдениет қызметкерлеріне құрмет көрсетті
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, құрмет көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 21 Мамыр, 2025
Университет кітапханасы жаңғыртылды
Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде кітапхана қызметін жаңғырту бағытында бірнеше жоба жүзеге асырылды.
Балалар • 21 Мамыр, 2025
Атырау облысында балалардың жазғы демалысына 619,5 млн теңге бөлінді
Биыл Атырау облысында 134 мың 812 оқушыны демалыспен қамту жоспарланып отыр. Бұл – оқушылардың жалпы санының 93 пайызы.
Төтенше жағдай • 21 Мамыр, 2025
Павлодарда бес жасар қыз бала ашық тұрған терезеден құлады
Жеткіншек көпқабаттың үйдің екінші қабатынан құлаған. Дәрігерлер зардап шегушіні облыстық балалар ауруханасының травматология бөлімшесіне жатқызды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Мамыр, 2025
Депутат Түркістан облысында төтенше жағдай жариялауды ұсынды
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ұласбек Сәдібеков Түркістан облысындағы ауыл шаруашылығы саласында қордаланған мәселелер мен шаруаларды қысқан қуаңшылық туралы сөз қозғады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 21 Мамыр, 2025
Жыл соңына дейін 112 жайлы мектеп пайдалануға беріледі
Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Екі жыл ішінде ұлттық жоба аясында 460 мың оқушы орнына арналған 217 заманауи мектеп салу жоспарланған, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 21 Мамыр, 2025
Жыл басынан бері мал ұрлаған 188 адам ұсталды
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, кейінгі 5 жылда мал ұрлығы 64 пайызға азайған. Жыл басынан бері 188 адам мал ұрлығы фактісі бойынша ұсталып, 41 қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды. Ұрланған 1134 мал басы заңды иелеріне қайтарылған, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 21 Мамыр, 2025
Ауыл мектебінің түлегі 36 шетелдік университеттен шақырту алды
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданына қарасты Қапланбек ауылдық округіндегі Қанағат ауылында орналасқан №7 Төле би атындағы жалпы орта мектептің 11-сынып оқушысы Ақжүніс Атахан шетелдің 36 беделді жоғары оқу орнынан шақырту алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 21 Мамыр, 2025
Көлік саласын дамыту жоспары бекітілді
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының көлік-логистика саласын дамыту жөніндегі міндеттерін жүзеге асыру бойынша берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы тыңдады. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр инфрақұрылымды жаңғырту және теміржол, теңіз, әуе және автомобиль көліктерін дамыту, сондай-ақ саланы цифрландыру бағытындағы Президент тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жемқорлық • 21 Мамыр, 2025
Салық төлеуден жалтарған мұнай компаниясының директоры сотталды
Маңғыстау облысында «Кезби» мұнай сервистік компаниясының директоры Ержан Кезбаев аса ірі көлемде қаржы жымқырғаны және салықтан жалтарғаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Мамыр, 2025
Ел азаматтары маусым айында неше күн демалады
Биыл Құрбан айт мерекесі 6 маусымға сәйкес келеді. Алайда діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескеру қажет, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сайлау • 21 Мамыр, 2025
Ақтөбе облысында он үш әкім сайланды
Ақтөбе облысының Алға, Әйтеке би, Қобда, Мұғалжар, Ойыл, Ырғыз, аудандарында екі шағын қала, он бір ауылдық округ әкімдері сайланды.
Қоғам • 20 Мамыр, 2025
«Азамат» пікірсайысында ауыл мен қала арасындағы білім беру теңсіздігі талқыланды
«Азамат» интеллектуалды бағдарламасының жаңа шығарылымында еліміздегі өзекті тақырыптардың бірі – ауыл мен қала арасындағы білім беру сапасындағы теңсіздік талқыланды. Пікірсайыс алаңында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттері өз көзқарастарын ұсынып, нақты шешу жолдарын ортаға салды.
Мәдениет • 20 Мамыр, 2025
Ешекеев ән байқауы мәресіне жетті
Абай облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Бородулиха ауданында Қазақстанның халық әртісі, әйгілі әнші Мәдениет Ешекеевтің құрметіне арналған «Қазақтың дара дарыны» атты І республикалық дәстүрлі әншілер байқауы өтті.
Аймақтар • 20 Мамыр, 2025
Жамбыл облысында индустрияландыру картасы аясында жаңа жобалар жүзеге асырылуда
Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Равиль Төлебаевтың қатысуымен брифинг өтті.
Қылмыс • 20 Мамыр, 2025
Қызылордада пробация есебіндегі азаматтар құқық бұзған
Пробация қызметінің бақылауында тұрған азаматтардың жүріс-тұрысын қадағалауға мүмкіндік беретін электронды білезіктер тиімділігін көрсетіп отыр.
Қаржы • 20 Мамыр, 2025
Банктер 2025 жылдың қаңтарынан сәуіріне дейін триллион теңгеге жуық табыс тапты
2025 жылдың төрт айының қорытындысы бойынша Қазақстанның екінші деңгейлі банктері (ЕДБ) 904,5 млрд теңге таза пайда тапты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,5% артық, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 20 Мамыр, 2025
Қазақ жылқысы – ұлттың коды, өркениет жады
Абай елінде I Халықаралық жылқы шаруашылығы жөніндегі ғылыми-тәжірибелік конгресс өтті.
Оқиға • 20 Мамыр, 2025
Абай облысында сарбаз қаза тапты
Абай облысында мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбаз бактериалды менингиттен көз жұмды. Бұл туралы ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 20 Мамыр, 2025
Олжас Бектенов PepsiCo компаниясының өңірдегі басшысымен кездесті
Олжас Бектенов PepsiCo компаниясының Ресей, Беларусь, Кавказ және Орталық Азия өңірі бойынша президенті Давид Манзинимен Алматы облысында зауыт салу мәселесін талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 20 Мамыр, 2025
«Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасы әзірленіп жатыр
Президенттің тапсырмасы бойынша «Қазақстан балалары» ұлттық бағдарламасы жаңа оқу жылы басталғанға дейін дайын болмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 20 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы Румыния Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Никушор Данды Румыния Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жастар • 20 Мамыр, 2025
Оқушылар жаз айларында қайда жұмысқа кіре алады
Қазақстанда жазғы демалыс кезінде мектеп оқушыларының жұмыспен қамтылуы жолға қойылып келеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова 20 мамырда өткен Үкімет отырысында бұл бағытта қандай нақты шаралар қабылданып жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экспорт • 20 Мамыр, 2025
Еліміз күнбағыс майын экспорттаушылардың үздік ондығына енді
Қазақстан майлы дақылдар нарығында өз позициясын мол қарқынмен нығайтып келеді. Соңғы үш жылда күнбағыс майын өндіру 2,5 есе артып, экспорт көлемі 4,8 есе ұлғайды, ал оралған майдың импорты 11%-ға қысқарды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша еліміз алғаш рет әлемдегі ең ірі күнбағыс майын экспорттаушы10 елдің қатарына кірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 20 Мамыр, 2025
Оқушылар жазда мұражайлар мен театрларға тегін кіре алады
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 20 Мамыр, 2025
Нұрлан Ұранхаев жаңа қызметке тағайындалды
Абай облысының бұрынғы әкімі Нұрлан Ұранхаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Мамыр, 2025
Қостанай облысындағы жол апатынан 6 адам қаза тапты
Бүгін, 20 мамыр күні таңертең «Алматы — Екатеринбург» тас жолының бойында, «Қайрақ» шекаралық бақылау бекетінен шамамен екі шақырым жерде жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Мамыр, 2025
Қызылорда облысында 15 мың гектардан астам егістік жер қалпына келтірілді
Жалағаш ауданында Сырдария өзені бассейніндегі ирригациялық және дренаждық жүйелерді қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, осы жұмыстар шеңберінде 1362,2 шақырым канал қайта жаңғыртылған, деп жазады Egemen.kz.