Облыс
Үкімет • 03 Желтоқсан, 2025
Бегалы ауылында қайтарылған активтер есебінен медициналық пункт салынды
Мемлекет басшысының әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бегалы ауылында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында медициналық пункт салынды. Нысанның жалпы құны – 132 млн теңге, оның 65 млн теңгесін Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан бөлді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 02 Желтоқсан, 2025
Атырау облысында 1920 оқушы онлайн оқуға жіберілді
Атырау облысында 13 мектептегі 92 сыныптың оқушылары қашықтан оқу режиміне көшірілді. Білім ордасындағы педагогтер мен оқушыларға медициналық маска кию ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2025
Қытай инвесторлары Атырау облысында бірнеше өндіріс ашуы мүмкін
Атырау облысында Қытайдан инвесторларды тартуға басымдық беріліп отыр. Облыс әкімі Серік Шәпкеновтің дерегіне сүйенсек, осы мақсатта арнайы индустриялық аймақ құрылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2025
Астық жинау көрсеткіші бойынша Ақмола облысы көш бастады
Үкіметтің баспасөз қызметі биылғы орақ науқаны нәтижелі аяқталғанын мәлімдеді. Өңірлер арасында астықтың жалпы жиналымы бойынша Ақмола облысы алға шықты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 02 Желтоқсан, 2025
Павлодар облысының әкімі әпкесінің қамауға алынуына қатысты пікір білдірді
Әлеуметтік желіде Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың туған әпкесі мас күйінде көлік жүргізгені үшін қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады. Облыс басшысы бұл жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Желтоқсан, 2025
Мектептің бас есепшісі 52 млн теңге жымқырған
Қызылорда облысына қарасты Байқоңыр қаласының прокуратурасы мемлекет бюджетін жымқыру фактісін анықтаған. Жемқорлық әрекеті білім беру ұйымдарының 2022-2024 жылдары аралығында бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығына жүргізілген талдау нәтижесінде белгілі болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2025
Бала өлімінен кейін бас дәрігер қызметінен қуылды
Жамбыл облысына қарасты Т.Рысқұлов ауданының орталық аудандық ауруханасында қазан айында болған 6 жасар баланың өлімінен кейін облыс әкімдігі арнайы жұмыс тобын құрып, жоспардан тыс тексеріс жүргізген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2025
Павлодар облысында екі көлік соқтығысып, жеті адам зардап шекті
Павлодар облысында жол-көлік оқиғасынан жеті адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2025
Тексеріс жүріп жатыр: Жамбыл облысының әкімі перзентханадағы дауға қатысты пікір білдірді
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Орталық коммуникациялар қызметінің брифинг алаңында аймақтағы ана мен бала өліміне қатысты сауалға жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 01 Желтоқсан, 2025
Биыл Алматы облысына барған туристер саны 2,2 миллион адамға жеткен
Президент Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады, деп жазады Ақорда.
Оқиға • 01 Желтоқсан, 2025
Жетісу облысында ер адамды жүк пойызы қағып кетті
Жетісу облысында жүк пойызы адамды қағып кетті. Оқиға салдарынан ер адам аяғынан жарақат алып, шұғыл түрде Сарыөзек станциясының ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 30 Қараша, 2025
Талдықорғанда тергеу изоляторында заманауи дәрігерлік амбулатория ашылды
Талдықорғандағы ҚАЖК №71 мекемесінде жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды. Бұл орталық тергеудегі азаматтарға сапалы медициналық көмекті бір жерде, жедел көрсетуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Қараша, 2025
Павлодарда үш апта бұрын жоғалған ер адам әлі іздестіріліп жатыр
Павлодар облысында 3 аптадан астам уақыт бұрын – 2025 жылдың 5 қарашасынан бастап із-түссіз жоғалған ер адамды құтқарушылар мен полиция үздіксіз іздеп жатыр. Жоғалған адам 1968 жылы туған, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 30 Қараша, 2025
Талдықорғанда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
Жетісу облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Талдықорғанда ерекше форматтағы акция ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 30 Қараша, 2025
Атырауда бес күнде борышкерлерден 20 млн теңге айыппұл өндірілді
Атырау облысында әкімшілік айыппұлын төлемей жүргендерді анықтау мақсатында бірлескен рейд өтті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 30 Қараша, 2025
«Атырау» футбол клубы бас бапкермен келісімшартты ұзартты
Жергілікті футбол клубының директоры Қуандық Жақиялиев бас бапкер Виталий Жкуовскиймен келіссөз жүргізді, деп жазады Egemen.kz.
Жемқорлық • 30 Қараша, 2025
Түркістан облысында шенеунік 191 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
ҰҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдарының бірқатар басшысының үстінен сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 30 Қараша, 2025
Жыл басынан бері Шиелі ауданында қоғамдық орындарда мас күйде жүрген 120 адам анықталып, барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп жазады Egemen.kz.
Отбасы • 30 Қараша, 2025
Атырауда тұрмыстық зомбылықтан 4 әйел көз жұмды
Атырау облысында 10 айда тұрмыстық зорлық-зомбылықпен байланысты 4 720 дерек тіркелді, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 29 Қараша, 2025
Атырау облысында 13 мыңнан аса адам қант диабетіне шалдыққан
Атырау облысында қант диабетімен ауыратын 13 мың 720 адам тіркеуде тұр, деп жазады Egemen.kz.
Әйел әлемі • 29 Қараша, 2025
Түркістан облысындағы кәсіпкерлердің 42 пайызы әйелдер
Еліміздегі демографиялық өсімі ең жоғары өңір Түркістан облысында 185 мыңнан аса көпбалалы ана бар. Әйелдердің өңір экономикасы мен мемлекеттік басқарудағы үлесі де айтарлықтай. Қазіргі таңда, 212 мыңнан астам кәсіпкердің 42 пайызы әйелдер. Мемлекеттік қызметте еңбек етіп жүрген 5 611 маманның 1572-сі нәзікжандылар, оның ішінде 233-і басшылық қызметтерді атқаруда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Қостанайда зейнеткерлер 3 млн теңгесін алаяқтарға аударып жібермек болған
Қостанайда банк кассирі мен полиция қызметкерлері 3 миллион теңгесін алаяқтарға аударып жібермек болған зейнеткерлерді дер кезінде тоқтатып, ірі қаржы шығынынан құтқарды. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Қараша, 2025
Кәсіпкерлер Абай ауылындағы мектептің едені мен терезесін жаңартып берді
Қарқаралы ауданының Абай ауылында туып-өскен кәсіпкерлер «Туған жерге тағзым» жобасы аясында туған өлкесін қолдауды жүйелі түрде жалғастырып келеді. Natige компаниясының басшысы Ерлан Әшім мен Toi Grand мейрамханасының иесі Ербол Қайса ауылына жыл сайын көмек береді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қараша, 2025
Қарағандыда жүрекке инновациялық ота жасала бастады
Қарағандының №2 көпсалалы ауруханасында жүрекішілік ультрадыбыстық датчик қолдану бойынша шеберлік сабағы өтті. Бұған дейін мұндай оталар кезінде дәрігерлер рентген-навигацияны қолдануға мәжбүр болатын, соның салдарынан мамандар да, емделушілер де айтарлықтай сәулеленуге шалдығатын, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 28 Қараша, 2025
Ақмола облысында сталкинг бабы бойынша алғашқы қылмыстық іс қозғалды
Бұл бап шілде айында қолданысқа енгізіліп, азаматтарды еркінен тыс қудалау, мазалау, үнемі байланыс орнатуға тырысу, бақылау және өзге де психологиялық қысым көрсететін әрекеттерден қорғауға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Қараша, 2025
Талғарда ер адам өз қызын пышақтап өлтірді
Алматы облысы, Талғар ауданында өз қызын 16 жерден пышақтап өлтірген ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 28 Қараша, 2025
«Киімде – шежіре, сәнде – тарих»
Дінмұхамед Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйытқы болуымен қазақтың ұлттық киімін насихаттау мақсатында «Киімде – шежіре, сәнде – тарих» атты этносағат өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 28 Қараша, 2025
Қостанай облысына жылу желілерін жөндеуге 2,2 млрд теңге бөлінді
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қостанай облысындағы жылу желілерін реконструкциялауды аяқтауға Үкімет резервінен шамамен 2,2 млрд теңге бөлінді. Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыс • 27 Қараша, 2025
Айзат Жұманованың өліміне қатысты сот: прокурор айыптау актісін жариялады
Талдықорғанда Айзат Жұманованың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдалымы өтті. Алғашқы отырыста прокурор Нұрлан Билібеков айыптау актісін жариялап, сотқа тергеу материалдарын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Қараша, 2025
Ақмола облысында жасырын түрде алтын өндірілген
Ақмола облысының Степногорск қаласында алтын мен бағалы металдарды заңсыз өндірді деген күдікпен екі жасырын цех анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.