Тағайындау • 30 Желтоқсан, 2025

Ерболат Омаров Атырау облысының басқармасына екінші рет басшы болды

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысы әкімінің өкімімен табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы лауазымына Ерболат Омаров кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ерболат Омаров Атырау облысының басқармасына екінші рет басшы болды

Облыс әкімінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа қарағанда, Ерболат Болатжанұлы 1982 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы сот органдарында және мемлекеттік қызметте заңгер болып бастаған. Әр жылдары облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары, басшысы, Мақат ауданының әкімі лауазымын атқарған.

Кейін Солтүстік Қазақстан облыстық экология департаментінің басшысы, Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған.

Соңғы жаңалықтар