Фото: Ашық дереккөз
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, түнгі мезгілде көшеде құқық бұзушылық дерегі тіркелмеген.
«Полиция қызметкерлері жаңа жыл түнінде тұрғындар тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күшейтілген режимде қызмет етуге шықты. Жаңа жыл түнінде отбасы шырқын бұзған 24 адам анықталып, полиция бөлімдеріне жеткізілді. Көшеде 28 ұсақ жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның салдарынан 5 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.