МҚ
Қоғам • 23 Сәуір, 2026
230 мың доллар жымқырған бухгалтер Грекиядан экстрадицияланды
Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген азаматша Грекиядан экстрадицияланды. Операцияны Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Қазақстанның Грекиядағы елшілігінің қолдауымен жүзеге асырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 23 Сәуір, 2026
Қостанай облысында пара алған үш полицей ұсталды
Қостанай облысында Рудный қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің үш қызметкері пара алу күдігімен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 23 Сәуір, 2026
Абай облысында шаруа қожалығы басшысы 211 млн теңге жымқырған
Абай облысында шаруа қожалығының басшысы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен сотқа тартылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Қызылорда облысында мемлекеттік мекеме қызметкерлері ұйымдастырған бюджет қаражатын көп жыл бойы жымқыру схемасы әшкереленді. Іс Бас прокуратураның бақылауына алынып, сот шешіміне өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2026
Петропавлда мемлекетке 2 млрд теңге залал келтірген лауазымды тұлға қамауға алынды
Петропавл қаласында автожол өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мемлекетке келтірілген шығын 2 млрд теңгеден асты. Іс бойынша күдікті қамауға алынып, тергеу жалғасып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Сәуір, 2026
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істердің саны кеми бастады. Бас прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, биылғы жылдың алғашқы үш айында 407 іс тіркелген. Ал 2025 жылы жалпы саны 976 жемқорлық ісі тіркеліп, бұл көрсеткіш алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда 9,6 пайызға төмендеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 16 Сәуір, 2026
Шымкентте агроөнеркәсіпті қолдауға бөлінген қаражат талан-таражға түскен
Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті интенсивті алма бақтарын құру және дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп жазады Egemen.kz.
Жемқорлық • 15 Сәуір, 2026
Павлодарда түзеу мекемесінің қызметкері пара алғаны үшін сотталды
Павлодар қаласында лудоманияға шалдыққан түзеу мекемесінің қызметкері пара алу дерегі бойынша сот үкімімен кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 14 Сәуір, 2026
«ҚазТемірТранстың» бұрынғы вице-президенті 5,2 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Қаржылық мониторинг агенттігі «ҚазТемірТранс» АҚ-ның бұрынғы вице-президенті А.А. Капеновке қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Іс қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану және қаржы жымқыру күдігі бойынша қаралуда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 10 Сәуір, 2026
Елорда тұрғыны отбасылық жағдайын сылтауратып, ақша жымқырған
Астана қаласы Байқоңыр ауданының прокуратурасы алаяқтық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 10 Сәуір, 2026
Халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды
Қазақстан азаматы аса ірі мөлшерде қаражат жымқырды деген күдікпен Грузиядан елге экстрадицияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Сәуір, 2026
Заң күшейді: Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар көбейді
Мемлекеттік қызметке кір келтіретін қылықтардың тізбесі заң жүзінде кеңейтілді. Қабылданған заң мемлекеттік қызметшілердің құқықтық кепілдіктерін жетілдіреді. Оның ішінде жауапкершілікті жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды қоса алғанда, тәртіптік жауапкершіліктің икемді тәсілдері мен негіздері белгіленеді, жауапкершілікті болдырмайтын мән-жайлар бекітіледі, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 02 Сәуір, 2026
Ақтауда бухгалтер жүкті әйелдер арқылы 146 млн теңгені жымқырған
Ақтау қаласында жүкті әйелдерді жалған жұмысқа орналастыруға байланысты алаяқтық ісі бойынша сот үкімі шықты. Қаржылық мониторингі агенттігінің (ҚМА) мәліметінше, бухгалтер кәсіби білімін пайдаланып, жүкті әйелдерді қолдауға арналған мемлекеттік әлеуметтік төлемдерді заңсыз алу схемасын ұйымдастырған, деп жазады Egemen.kz.
Жемқорлық • 30 Наурыз, 2026
Қостанайда құрылыс компаниясының басшысы үлескерлердің қомақты қаражатын қалтасына басқан
Қостанай облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті «Bolashak Construction Company KZ» ЖШС басшысына қатысты алаяқтық дерегі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 30 Наурыз, 2026
Ұлытау облысында бәс тіккен шенеуніктер жұмысынан босатылды
Ұлытау облысының прокуратурасы мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылғанын анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Жемқорлық • 27 Наурыз, 2026
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат: Қазақстан тәжірибесі Францияда таныстырылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықпен күресті мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі ретінде айқындап келеді. 2026 жылғы 26 наурызда Францияның Страсбург қаласында өткен Еуропа Кеңесінің GRECO (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобы) 102-ші пленарлық отырысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың іске асу барысын таныстырды. Еуропа Кеңесімен құрылған GRECO ұйымына 51 мемлекет мүшелік етеді, ал Қазақстан Республикасы аталған ұйымның толыққанды мүшесі болып саналады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 26 Наурыз, 2026
Әділдік бар жерде жемқорлыққа орын жоқ
Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Әлем бойынша әрбір мемлекет өзіндік экономикалық, территориалды, әлеуметтік ерекшелігіне байланысты сыбайлас жемқорлықпен күреседі. Себебі жемқорлықтың зардабы мемлекеттің тұтастығына, бірлігіне үлкен зиянын келтіреді.
Жемқорлық • 06 Наурыз, 2026
«Қазтеміртранс» филиалының директоры ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді
Бұқаралық ақпарат құралдарында Алматы қаласында шамамен 540 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен «Қазтеміртранс» АҚ филиалының директоры Ақылбек Базенов ұсталды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 03 Наурыз, 2026
Жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен 81 мектеп салынды
Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып отыр. Аталған қаржы жаңа білім беру нысандарын салуға, қолданыстағы мектептерді жаңғыртуға және қосымша ғимараттар тұрғызуға жұмсалып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Наурыз, 2026
Астанада мектеп директоры мен есепшісі 600 млн теңгеге жуық қаражатты жымқырған
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты мектеп директоры С. мен бас есепші А.-ға қатысты үкім шығарды. Олар бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде иемденіп, қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланды және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырды деп танылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 25 Ақпан, 2026
Оқушыларды жалған тіркеу: 2 966 мектепте заңбұзушылық анықталды
Мемлекет басшысының білім және ғылым саласында ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аталған саланың, соның ішінде оның қаржыландыру аспектілерінің сыртқы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Ақпан, 2026
Батыс Қазақстанда жол жөндеуге бөлінген 56,5 млн теңге жымқырылған
Қаржылық мониторинг агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады. Құқық қорғау органдары жол құрылысы саласындағы қаржы бұзушылықтарын анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 24 Ақпан, 2026
152 млн теңге залал: Көкшетауда қазынаға қол салған кәсіпкерлердің мүлкі мемлекетке қайтарылды
Көкшетауда сүт және оны қайта өңдеу өнімдерінің өзіндік құнын арзандатуға арналған мемлекеттік субсидияларды заңсыз иемдену дерегі бойынша сот үкімі жарияланды. Айыпталушыларға 152 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 21 Ақпан, 2026
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әділетті қоғам кепілі
Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін ең қауіпті әлеуметтік дерттердің бірі. Ол қоғамдағы әділдік қағидаларын бұзып, заң үстемдігіне нұқсан келтіреді, халықтың билікке деген сенімін төмендетеді. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2026
583 млн теңгеден астам залал: Түркістанда мектеп қаржысын жымқырған 14 адам сотталды
Түркістан облысында Бәйдібек аудандық білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жүйелі түрде жымқыру фактісі бойынша сот үкімі шықты, деп жазады Egemen.kz.
Жемқорлық • 18 Ақпан, 2026
Ақтөбеде прокурор ұсталды: Шенеунік 10 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді
17 ақпанда Ақтөбе облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері прокуратура қызметкерін ұстады. Ұстау фактісін өңірлік прокуратура растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Ақпан, 2026
600 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру: Өңір медицинасындағы былықтың беті ашылды
Маңғыстау облысының прокуратурасы өңірдің денсаулық сақтау саласында миллиондаған бюджет қаражатын жымқыру схемасын анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 03 Ақпан, 2026
Жемқорлықпен күрес: Бюджетке 100 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды
Жыл басынан бері елде 126 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, оның 110-ы сыбайлас жемқорлық деректеріне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 30 Қаңтар, 2026
Шығыс Қазақстанда екі ведомствоның лауазымды тұлғалары жемқорлықпен ұсталды
ҰҚК Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы пара алды және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ANTIKOR • 30 Қаңтар, 2026
Қылмыстық қудалауға тартылған мемлекеттік қызметшілердің үлесі 0,3%-ға қысқарды
Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде адалдық идеологиясын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілетудің жаңа тәсілдері талқыланды, деп жазады Egemen.kz.