Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, тіркелген құқық бұзушылықтардың басым бөлігі пара алу, алаяқтық және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілерін қамтиды. Анықталған заңсыз әрекеттерге байланысты 89 адамның қызметі тоқтатылған.
Президент: Жемқорлыққа бейім адам ешқашан патриот бола алмайды
Құқық қорғау органдары 129 қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтап, оның 121-ін сот қарауына жолдады. Тергеу нәтижесінде келтірілген залал көлемі 18 млрд теңгені құрады. Аталған істер бойынша бюджетке 100 млн теңгеден астам қаржы қайтарылған.
Қару-жарақ пен валюта: Шекарада заңсыз жүк тасымалының жолы кесілді