ANTIKOR • 30 Қаңтар, 2026

Қылмыстық қудалауға тартылған мемлекеттік қызметшілердің үлесі 0,3%-ға қысқарды

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде адалдық идеологиясын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілетудің жаңа тәсілдері талқыланды, деп жазады Egemen.kz.

Қылмыстық қудалауға тартылған мемлекеттік қызметшілердің үлесі 0,3%-ға қысқарды

Фото: Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Іс-шараға азаматтық қоғам өкілдерімен қатар Парламент депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, академиялық қауымдастық және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Агенттік төрағасы Дархан Жазықбай баяндама барысында Мемлекет басшысы «Turkistan» газетіне берген сұхбатында айқындаған сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және адалдық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған саясат аясында іске асырылып жатқан превентивтік шаралардың басымдығын атап өтті. Ол сондай-ақ «Заң мен тәртіп», «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» және «Адал азамат» қағидаттарын Әділетті Қазақстанды қалыптастырудың институционалдық негізі ретінде жүйелі түрде нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Осы тұрғыда «Қоғамдық пікір» институты жүргізген әлеуметтік сауалнама нәтижелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстың азаматтардың құқықтық санасының артуына ықпал етіп, қоғамдық бағалауларда оң өзгерістерге әкелетінін көрсетіп отыр.

Атап айтқанда, халық арасындағы жемқорлықты қабылдау деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 32,9%-дан 31,9%-ға дейін төмендесе, қылмыстық қудалауға тартылған мемлекеттік қызметшілердің үлесі 2023-2024 жылдардағы 0,4%-дан 2025 жылдың қорытындысы бойынша 0,3%-ға дейін қысқарды.

Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалардың нәтижелері қандай?

«Бұл мәселеде ақпараттық-ағарту жұмысы мен азаматтық қоғамның парасаттылықты, моральдық-әдеп бағдарларды, сондай-ақ рухани құндылықтарды ілгерілетуге қатысу дәрежесі маңызды рөл атқарады. Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылар жемқорлыққа қарсы тұрақты мәдениетті қалыптастыру мектеп ортасынан бастап, отбасылық және қоғамдық кеңістікті дәйекті түрде қамтитын жүйелі және ұзақ мерзімді сипатта болуы тиіс деген тұжырым жасады», делінген агенттік таратқан хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар – әділетті қоғамға бастайтын жол

Соңғы жаңалықтар