Редакция таңдауы
Су жаңа жылдың тұңғыш әрі бірегей жаңалығы – «Келешек» жобасының іске қосылуы. Мұны Мемлекет басшысының өзі «Келешек» мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» заңға қол қойып, растады. Жүйеге 5-18 жас аралығындағы балалар қатысады.
15 Қаңтар, 2025
Бизнес берекесі қайтсе артады?
«Инвестициялық үй IVM» кәсіпорны – еліміздегі маңдайалды компаниялардың сұранысын өтеп отырған, қазір нарықтағы өз орнын тапқан іргелі ұйым. 25 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан өндіріс орнының бағыты алғашқы күннен бастап ішкі нарыққа бағдарланыпты. Құрылтайшы Бахтияр Аршидиновтың айтуынша, 2010 жылдарға дейін Ресей, Қытай, Қырғызстаннан импортпен жеткен тауарларды қазір отандық сапалы өнімдер алмастыра бастады.
15 Қаңтар, 2025
Жұрт пікірін екіге жарған су мәселесі
Халықты ширек ғасырдан аса уақыт бойы үздіксіз ауызсумен қамтамасыз етіп келе жатқан «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС мен жергілікті әкімдік арасында талас-тартыс басылмай тұр. Қала әкімдігі аталған кәсіпорынды стратегиялық нысан ретінде мемлекет меншігіне қайтаруды көздесе, серіктестік басшылығы оны заңсыз деп тауып, өз қарсылығын білдіріп жатыр.
15 Қаңтар, 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың былтыр Атырауда өткен үшінші отырысында ұлттың жаңа келбетін айқындайтын негізгі құндылықтарға тоқтала келіп: «Халқымыздың қанына сіңген жанашырлық, қамқорлық, бауырмалдық сияқты асыл қасиеттер біздің ұлттық ерекшелігіміз болып қала береді», деген еді. Осы мәселеге Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Экономикалық зерттеулер институты жыл сайын әзірлейтін «Өңірлік әл-ауқат индексі» зерттеуінде ерекше мән беріліп келеді.
15 Қаңтар, 2025
Әр жаңа жыл кірген сайын елді ең бірінші толғандыратын мәселе – әлеуметтік саладағы өзгерістер. Инфляция мен бағаның шарықтауымен қатар, биыл жалақы, жәрдемақы, зейнетақы да біршама өскені байқалады. Біз бұл жазбамызда биыл өсетін жалақы жағдайына аз-кем шолу жасамақпыз.
15 Қаңтар, 2025
Жүгенсіз жүргізуші – қоғамға қауіп
Жолдағы жауапсыздықтың салдарынан жыл сайын мыңдаған адам қазаға ұшырайды. Жол-көлік апаты елімізде жиі болатыны, оның салдарынан өлім-жітім де көп екені үнемі айтылып, оқыс оқиғалардың алдын алуға бағытталған түрлі іс-қимылдар қолға алынғанымен, қаралы статистиканың азаяр түрі жоқ.
15 Қаңтар, 2025
Атырауда қайырымдылық ұйымы тыйым салынған діни кітаптарды таратқан
Атырау қаласының прокуратурасы қайырымдылық ұйымдарының бірі арқылы діни араздықты насихаттайтын әдебиеттің таратылуын тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Қаңтар, 2025
Бектенов қазақ спортына қатысты маңызды тапсырмалар берді
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында олимпиадалық стандарттарға бағдарланған тиімді дайындық бағдарламаларын құру бойынша қарқынды жұмыс қажет екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14 Қаңтар, 2025
Калифорниядағы өрт сейілмей тұр
Лос-Анджелестегі өрттен қаза тапқандар саны 24 адамға жетті. Калифорнияның Төтенше жағдайлар қызметі осы аптада жел күшейіп, орман өртінің тез таралуына ықпал етуі мүмкін деп ескертті. Қатты өрт негізінен Пасифик-Палисейдс аймағындағы Брентвуд пен Бель-Эйр елді мекеніне қауіп төндіріп тұр. Бұл – көптеген америкалық жұлдыздың сарайлары орналасқан аймақ.
14 Қаңтар, 2025
Тегінде Мемлекет басшысының жыл басы немесе тағы басқа жаңа оқиғалар, кезеңдер тұсында халыққа қаратып арнау сөз жариялауы үйреншікті жағдай дегенімізбен, оның қандай құрал арқылы жеткізілуі де дәл осы жолы ерекше маңызға ие болып тұр. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы «Ana tili» газетіне берген сұхбатында өзінің кең ауқымды, мазмұнды әңгімесін: «Бұл сұхбатты елге терең ой салу және биылғы жұмысымызға тың серпін беру үшін отандастарыма жолдаған арнайы үндеуім деуге болады», деп аяқтағаны әрбіріміздің санамызға ой салары да хақ.
14 Қаңтар, 2025
Жазушы Ілияс Есенберлиннің талайлы тағдыры ғана емес, шығармашылық қиял қарымы мен ғибратты ғұмырындағы игерген тақырып ауқымы һәм сол мақсатын орындаудағы табанды еңбекқорлығы, рас, қай кезде де оқырманы үшін феномен. «Көшпенділер» мен «Алтын Ордадай» тарихи тақырыптағы теңдессіз трилогияларды өмірге әкелген қаламгердің жүрек қылын шертіп, жан дүниені әлемтапырық күйге түсіретін «Ғашықтардай» ғаламат шығарма тудыруы – шынымен таңғажайып таланттың жемісі.
14 Қаңтар, 2025
«Қолымды далада жоғалтып алдым» немесе құжаттары құпия деп танылған 106-кавалерия дивизиясы хақында
Ауылда мектепте оқып жүрген кезім. Көктемгі демалыста Көкшетау облысына (қазіргі Солтүстік Қазақстан) қарасты Сырымбет селосынан Дәуқара ауылына келдім. Бақтар күлімдеп көз тартып, ағаштар жамырап, құстар ұя салып, әндетіп тұрған күндер еді. Бір күні Құрманғали ағатайым мені шақырып алып: «Балам, өзіңмен сөйлесетін әңгімем бар» деді.
14 Қаңтар, 2025
Махаббат болмаса, ғадауат та жоқ шығар, кім біліпті. Демек махаббат туған күні ол да бірге келе ме, әлде әуелде махаббаттың жаңғырығы мен жарқын сәулесінен шошып оянып, әдетіне басты ма екен? Ой еңбегін былай қойғанда, жан еңбегі, сана-сезім, рух биігіне құлаш ұрушы ақын-жазушының шиырлаған тақырыбының бір парасы осыған саяды.
14 Қаңтар, 2025
Бүгін Италияның Турин қаласында студенттердің дүниежүзілік қысқы универсиадасы басталды. Өскеменнің өжет қызы Аяулым Әміренова универсиада ойындарында еліміздің көк туын шайбалы хоккей шебері Абылайхан Сүлейменовпен бірге ұстап шығады.
14 Қаңтар, 2025
Ғалам ғажаптары: Бір түндік данышпан
Әлемге әйгілі «Марсельезаның» ғажайып музыкасын француз армиясының қатардағы капитаны Руже де Лиль бір түн ішінде жазып бітірген.
14 Қаңтар, 2025
Орта ғасырда қазақ даласын көктей өтіп, шығысқа саяхат жасаған италиялық жиһангер Марко Поло көшпелілер арасында өткен мергендер сайысында 335 құлаш жердегі нысанаға сынға түсушілердің бәрі дәл тигізгенін жазады.
14 Қаңтар, 2025
Екі құрдас Мөрхан тұрғыластарының алпыс жылдық мерейтойынан қайтып келеді... Аздап қызулары бар.
14 Қаңтар, 2025
Биыл балаларды сауықтыруға арналған 23 кешен салынады
Биыл ел өңірлерінде балаларды сауықтыруға арналған 23 орталық ашу және қосымша білім беру үшін 22 заманауи нысан салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
13 Қаңтар, 2025
Енді туу туралы куәлікті ХҚКО-ға бармай-ақ алуға болады
Әділет министрлігі 2025 жылы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп «Kaspi Bank» АҚ постаматтары арқылы азаматтарға туу туралы куәлікті жеткізу бойынша пилоттық жобаны іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13 Қаңтар, 2025
«Маңғыстаумұнайгазға» 32 миллиард теңге айыппұл салынды
Маңғыстау облысының прокуратурасы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның жұмыс барысын тексеру барысында экологиялық талаптарды бұзудың бірнеше фактісін анықтады, деп жазады Egemen.kz.
13 Қаңтар, 2025