Редакция таңдауы
«Астана-Алматы» пойызында интернет іске қосылады
Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қаңтар, 2025
Елімізде жаңа мереке күндері пайда болды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Кәсіби мерекелердің тізбесін бекіту туралы» бұйрыққа өзгерістер енгізуді мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қаңтар, 2025
Қазақстанда 85 203 соғыс ардагері тұрады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елімізде Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қанша ардагер тұратынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қаңтар, 2025
«Қазгидромет» арктикалық суық ағындары Қазақстан аумағына енуіне байланысты аяздың беті алдағы екі күнде қайтпайтынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
24 Қаңтар, 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бұқаралық сипат алып, елдік іс-шараға айналды.
24 Қаңтар, 2025
Азық-түлік түрлері түгел дерлік сырттан тасымалданатын Маңғыстауда бағаның аяқасты аспандап кетуі таң емес. Сондықтан әкімдік өзіміздің кәсіпкерлер арқылы сөредегі жергілікті өнім үлесін арттыруға күш салмақ. Облыс басшылығы шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесу өткізді. Жиын барысында жергілікті өнім өндіруші, сауда желісі және әкімдік арасындағы үшжақты меморандумға қол қойылды.
24 Қаңтар, 2025
Шетелдегі ғылыми тағылымдама: нәтижесі қандай?
Еліміздің білім брендіне айналған «Болашақ» бағдарламасының «500 ғалым» жобасымен жыл сайын көптеген ізденуші шетелдің маңдай алды оқу орындарында білім алып, ғылыми тағылымдамадан өтіп жатыр. Олардың шетелдегі білім сапары қалай болғаны, не үйреніп, нелерді түйгені және алған білімін елге қайтып келген соң, өз саласында қалай пайдаланатыны талайды қызықтыратыны сөзсіз. Осыған орай АҚШ-тың Джордж Вашингтон университетінде білім алып жатқан Айнұр Сләмғажы, Ұлыбританияның «King’s College»-інде ғылыми тағылымдамадан өткен Бейімбет Дәрібаев, Калифорния университетінде оқыған Шырын Қадылқызы, Бэйлор университетінде оқыған Достілек Дәуітбекті сөзге тартқан едік.
24 Қаңтар, 2025
Халқымыздың өмір сүру салтында салбурын (салбұрын) атты аңшылық-жауынгерлік дәстүр бар. Бұл туралы 2014 жылы жарық көрген «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атаулардың дәстүрлі жүйесі» атты көптомдықтың бесінші томында: «Салбурын – саят адам аяғы жетпейтін алыс қиырға топтанып, ұзақ уақытқа аң аулауға шығу», деген анықтама беріліпті.
24 Қаңтар, 2025
Моңғолияның таулы табиғаты мен жергілікті халқының тарихына қызығушылық танытсаңыз, әлеуметтік желіде үнемі алдыңыздан шығатын ерекше бір халық бар. Олар – Тайгада тіршілік ететін түркітектес духа жұрты. «Духа» сөзі «тухамен» қатар тарихта «туга», «тува», «тыва», «тофа», «туба» деп те кездеседі. Сондықтан оларды «моңғол тывалары» немесе «тубалары» деп те атайды. Ал моңғолдар духаларға «цаатандар» деген ат берген. Моңғол ғалымдарының еңбектерінде «цаатан» сөзінің мағынасы «ақ затқа ие болу», яғни «ақ бұғы бағушылар» дегенге саяды.
24 Қаңтар, 2025
Отандық анимация: балаларды қалай қызықтырамыз?
Қазақ мультипликациясының атасы Әмен Қайдаровтың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» туындысының түсірілгеніне биыл тура 58 жыл толады екен. Бірақ неге екен, әлі күнге дейін ұлттық балалар анимациясы десе, айналып келіп осы фильмге орала береміз. Сонда алғашқы қазақ мультфильмі таспаланғаннан бергі арадағы алпыс жылда ел аузынан түспейтін, талай буынды тәрбиелеген айтулы туындыға татитын қазақ балалар анимациясы түсірілмеген бе?
24 Қаңтар, 2025
«Ақмарал» – қайсар рухты әйел туралы шығарма
Жақында «Regal House Publishing» баспасынан америкалық жазушы Джудит Линбергтің «Ақмарал» атты романы жарыққа шықты. Ежелгі Орталық Азия алқабында өмір сүрген көшпелі тайпадан шыққан жауынгер әйелдің тағдыры суреттелген туынды қазір АҚШ-тың кітап дүкендерінде сатылып жатыр. Оқиғалары өзгеше, тақырыбы тың болғандықтан, аталған шығарма мұхитттың ар жағындағы әдеби сыншылардың да назарын аударыпты. Елдің ерекше ықыласына бөленген шығарма авторымен «Ақмарал» романы хақында еркін сұхбаттасқан едік.
24 Қаңтар, 2025
Теңге қымбаттап, доллар арзандады
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықта ұлттық валюта бағамы нығайып, доллар күрт арзандап кетті. 22 қаңтардағы сауда қорытындысы бойынша USD/KZT жұбының орташа бағамы 1 АҚШ доллары үшін 520,88 теңгені құрады. Ал бүгінгі баға 1 доллар үшін 519-524 теңге, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Қаңтар, 2025
Астанада аяз себебінен аспанда ерекше құбылыс байқалды
Бүгін таңертең Астана аспанында ерекше құбылыс байқалды, деп жазады Egemen.kz.
23 Қаңтар, 2025
Алдағы үш күнде аяз күшейе түседі
Қазгидрометтің мәлімдеуінше, арктикалық суық ауа ағындары Қазақстан аумағына еніп, алдағы үш күнде температураның одан әрі төмендеуі күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz
23 Қаңтар, 2025
«КАSЕ мен AIX біріге ме?» деген былтырдан бері жалғасып келе жатқан сауалдың жауабы белгілі болды. Қазақстан қор биржасының (KASE) басқарма төрағасы Алина Алдамбергеннің айтуынша, қос биржаның әлеуетін біріктіру мүмкіндігі туралы келіссөздер басталған жоқ.
23 Қаңтар, 2025
Публицистика ма, әлде... Негізі, «фольклор бұрын туған ба, әлде ақпарат арқылы қоғамдық санаға қозғау салу өнері алғаш пайда болған ба?» деген сұрақ төңірегінде ойланған артық емес. Фольклор әу баста ауызша туып, ауызша тарап, сана мен сезім сүзгісінен өтеді. Уақыт жаңғырса да, халық өмірімен тығыз байланыста өмір сүре беретінін фольклорист ғалымдар анықтаған. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпараттар да алуан пішінде, түрлі жанрда ұсынылып, әлеумет санасына қозғау салады.
23 Қаңтар, 2025
Ұлттық тасымалдаушы ауа райының қолайсыздығына байланысты 500-ден астам жолаушыны қосымша тасымалдайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Қаңтар, 2025
Ұлттық қордан қаржы алу заңмен шектелуі мүмкін
Ұлттық банктің «Қазақстан сыртқы секторының тұрақтылығын бағалау тәсілдері» зерттеуінің авторлары Қазақстанның халықаралық резевтерінің жеткілікті шегі 2020 жылдан бері төмендеп келе жатқанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
22 Қаңтар, 2025
Өзбекстан ғарышқа спутник ұшырмақ
2026 жылы Өзбекстан Түркі Мемлекеттері Ұйымына мүше елдермен бірлесіп, ғарышқа жер серігін ұшырмақ. Бұл туралы «Өзбекғарыштың» аэроғарыштық қызмет және ғарыш мониторингі жүйелерін дамыту бөлімінің бастығы Мухиддин Ибрагимов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Қаңтар, 2025
«Алтын ғасыр» қандай жаңалықтармен басталды?
Дональд Трамп АҚШ-тың 47-президенті болып таққа қайта отырды. Ұлықтау рәсімінде сөз алған Трамп бірден іске кірісетінін және Американың «алтын ғасыры» басталғанын мәлімдеді. Ең бастысы, ол өзін бітімгер ретінде көретінін айтып, әлемдегі қақтығыстарды тоқтатуға ықпал ететініне сенімді. Уәде еткендей, ұлықтаудан кейін ол бірқатар жарлыққа қол қойды.
22 Қаңтар, 2025