Редакция таңдауы
Медицина саласы: мақсат пен меже
Денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржы жылдан-жылға көбейетін – табиғи үдеріс. МӘМС жүйесі енгізілгелі бері оның көлемі еселеп артты. Медициналық қызмет, жоғары технологиялық операциялар бұрынғыдан қолжетімді бола бастады. Дегенмен Президент Қ.Тоқаев Жолдауда атап өткендей, былтыр денсаулық сақтау саласына бюджеттен қаралған 3,3 трлн теңге қаржының нәтижесі соншалықты көрінбеді. Сол тұрғыда биыл кем-кетіктің орнын толтыратын шешімдер қабылдана ма?
17 Қаңтар, 2025
Мемлекет қаржысы майшелпек емес
Балаларға қосымша спорттық, шығармашылық білім беріп, олардың қарым-қабілетін ұштау мақсатында қолға алынған «Артспорт» бағдарламасының айналасындағы әңгіме таусылар емес. Былтыр Қызылорда облысында түрлі айламен мемлекет қаржысын қалтаға басқандардың қулығы әшкереленіп, біраз кәсіпкер алғанын қайтарып, жұмысын тоқтатқандары да болып еді. Бүгінде облыс прокурорының өкімімен құқық қорғау, жергілікті атқарушы, уәкілетті органдардың өкілдерінен құрылған жұмыс тобы бұл мәселені жіті қадағалап отыр.
17 Қаңтар, 2025
Бұралқы иттер туралы қоғамдағы пікір екіге жарылып тұр. «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға байланысты әрқилы көзқарас болғанымен, қисынға келетін пікірлер айтылғанымен, өзгеріс енгізілер емес.
17 Қаңтар, 2025
Тойымыз мазаққа айналмауы керек
Асыра айтқандық емес, қазір қазақта не көп, той көп. «Той – Құдайдың қазынасы» деп ата-бабаларымыз текке айтпай, алыс-жақын ағайынын, құда-жекжатын шақырып, думандатып қуанышын бөліскен. Бірақ соңғы уақытта ғасырлармен қанаттасып, заманамен жалғасып келе жатқан ұлттық салт-дәстүрмен сабақтасқан халқымыздың тойынан сән де, мән де кетіп барады.
17 Қаңтар, 2025
Жамбыл облысында 11 мектеп сынақтан өте алмаған
Білім саласына мемлекет тарапынан да, жергілікті атқарушы биліктен де айтарлықтай қолдау көрсетіліп жатқаны белгілі. Нәтижесінде, өткен жылы өңірде бірнеше «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді. Ұлттық жоба аясында ашылған жаңа білім ұяларына жасалған жағдайға көңіл толады.
17 Қаңтар, 2025
33 мыңнан аса жас жұмысқа орналасты
Былтыр ел жастары үшін берекелі жыл болды. Мәселен, Жастар практикасы бағдарламасына 34,7 мың азамат қатысып, олардың 33,3 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты. Бизнес ашуды көздеген 14 мыңнан аса жас кәсіпкерлік негіздері бойынша оқуды аяқтап, сертификаттар алды. «Жастармен бірге» ұлттық он күндік өтіп, бірқатар іс-шарада 1 млн отандасымыз бас қосты.
17 Қаңтар, 2025
Ертіс бойының халқы аңшылықпен ертеден бері айналысады. Бағзы дәуірде ол тіршілік кәсібі болса, бүгінде көңіл құштарын басатын әуесқойлық сипат алған. Өкінішке қарай, өңірдегі аңшылар кейінгі жылдары бірқатар кедергіге ұшырап отыр.
17 Қаңтар, 2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған медаль шығарылады
Биыл 1941-1945 жылдардағы екінші дүниежүзілік соғысындағы жеңіске 80 жыл толады. Осы мерейтойлық датаға орай ардагерлерге арнайы медаль табысталады, деп жазады Egemen.kz.
16 Қаңтар, 2025
Жұртшы жыл құсы болып таңдалды
Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы (АСБК) жыл сайын Қазақстандағы құстарды қорғау одағымен бірігіп, жыл құсы атауына лайық құстарды ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz ACBK-ға сілтеме жасап.
16 Қаңтар, 2025
Елордада соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден төленеді
Астана әкімдігінің бастамасымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне төленетін төлемақы мөлшері 2,5 есеге ұлғайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Қаңтар, 2025
Жалақыны көбейтудің жолы қандай?
Биыл 1 қаңтарда бастап елімізде салық шегерімдеріне қатысты жаңа өзгерістер күшіне енді. Енді отандастарымыз ипотекалық несие, медициналық қызмет және білім алу шығыны аясындағы салық шегерімдерін кеңінен пайдалана алады. Бұл жаңалық салық төлеушілердің қаржылық жүктемесін азайтып, халықтың әл-ауқатын жақсарта түседі.
16 Қаңтар, 2025
Инфляцияны икемге келтіре аламыз ба?
Жыл басталмай жатып-ақ теңге мен доллар қатынасы қайта ушықты. Қазақстан қор биржасында сауда-саттықтың қарқынды жүруі көп нәрсені аңғартса керек. Теңге құнсыздана түссе, бұл ішкі нарықтағы баға саясатына кері әсер етпек. Сонымен қатар Ресейге қарсы санкциялардың күшеюі салдарынан рубль әлсіреп, теңгеге қысым жасауы ықтимал.
16 Қаңтар, 2025
Осы аптаның басынан қаңтар айында өтетін ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталды, бұл 10 ақпанға дейін жалғасады. Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпаратына сүйенсек, 167 мыңға жуық адам ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді. Олардың 76,7%-ы қазақ тілінде, 23,2%-ы орыс тілінде, 142 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтуге ниет білдірді.
16 Қаңтар, 2025
Осы күні цифрлық технологиялар күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Жасанды интеллектінің мүмкіндігі молайып, барлық салада басымдық алғанына куә болып отырмыз. Сондықтан бұл заманды «Digital дәуірі» десек еш қателеспейміз. Алдағы уақытта да цифрлық даму қарқын алып, осы бағыттағы жұмыстар Үкіметтің басты назарында болмақ.
16 Қаңтар, 2025
Дәурен Кеңбеил: Жаңа заң ашықтық пен қолдауды арттырады
Биылдан бастап елімізде «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң күшіне енді. Құжатқа сәйкес, мемлекеттік сатып алу мерзімі қысқарып, тендер рәсімдері жеңілдейді. Реформа мемлекеттік қажеттіліктердің тиімділігін арттырып, тапсырыс берушілердің уақытын үнемдеу мен сатып алу үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етеді. «Egemen Qazaqtan» газетіне берген сұхбатында Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил заң туралы тарқата айтып берді.
16 Қаңтар, 2025
Көктөбеде Ұлттық пантеон жоспарланған
Ұлттық пантеон туралы көп айта бермейміз. Себебі оның елдік те, имандылық та, адами да жауапкершілігі бар.
16 Қаңтар, 2025
Италияның Турин қаласында өтіп жатқан дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарында ел қоржынына алғашқы медаль түсті. Ақ аламанның алтын медалін қанжығамызға әлем чемпионы Анастасия Городко байлады.
16 Қаңтар, 2025
Ғалам ғажаптары: ChatGPT-дің жаңа қабілеті
Сұрағаныңды лезде тауып беретін, мәтін жазудың қыр-сырын мейлінше меңгерген, тіпті жарамсыз деген шығарманың өзін бар қатесінен арылтып, мінсіз қалыпқа түсіре алатын ChatGPT жүйесі күн санап қарқынды дамып келеді.
16 Қаңтар, 2025
Тәуелсіздік жылдары ұлт руханияты үшін атқарылған зор істің бірі – «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 2013 жылы жарық көрген «Бабалар сөзі» жүзтомдығы. Осы кітаптың 96-томында «Ауызекі әңгімелер» топтастырылған. Онда дана Абайға қатысты оқиғалар бар екен.
16 Қаңтар, 2025
Президент Джорджа Мелониді Қазақстанға шақырды
Мемлекет басшысы «Абу Дабидің орнықты даму апталығы» алаңында Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 Қаңтар, 2025