Редакция таңдауы
Көпбалалы отбасыларды қамтитын жаңа бағдарлама іске қосылады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова «Отбасы банкте» жаңа бағдарламалар іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Қараша, 2024
Желтоқсан айында Қазақстан халқы қанша күн демалады
2024 жылдың аяқталуына аз уақыт қалды. Желтоқсанда отандастарымыз мерекеге орай бірнеше күн демалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Қараша, 2024
Инклюзивті білімнің мүмкіндігін кеңейту маңызды
Сенатта Инклюзия жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда депутаттар, мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар ерекше қажеттілігі бар азаматтардың сапалы білім алу мүмкіндігін кеңейту, іске асыру жолдарын талқылады. Отырысқа бірқатар министрлік пен халықаралық ұйымдардың басшылары қатысты.
02 Қараша, 2024
Жазушының шығармашылық зертханасы
Мұндай ғажап та тарихи сәтті қолына қалам ұстаған кез келген қаламгер армандайтын шығар. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен бір аптаға созылған суреткер шығармашылығын зерделеуге арналған мазмұнды шараның барлығы да жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Франц Кафка медалінің иегері, профессор Роза Мұқанованың 60 жас мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.
02 Қараша, 2024
95 жылдық мерейтойын атап өткелі отырған Шымкент қалалық Ж.Шанин атындағы академиялық Қазақ драма театры еліміздегі ең алғашқы «кәсіби мамандар театры» есебінде тарих бетіне алтын әріппен жазылып қала бермек. Кәсіби маман сөзі бүгінде қалыпты саналғанымен, өткен ғасыр басында оны алып шығу екінің біріне бұйырмаған бақыт болатын. Жұмат Шанин – қазақ театрының негізін қалаған реформаторы болса, Халел Шәженов – Ресейдің мойындалған әйгілі оқу орнынан режиссер атанып шыққан тұңғыш қазақ.
02 Қараша, 2024
Қазақ әйелдері арасында алғаш роман жазған Сара Мыңжасарованың туғанына 100 жыл толуына орай биыл «Оқитын өлке» акциясы аясында Ақтөбе облысында жазушы шығармалары таңдалып, қаңтар айынан бастап кітапхана, мектептерде небір маңызды іс-шаралар өтті. Шалқар аудандық орталық кітапханасының коворкинг залында «Өз дәуірінің тамыршысы» атты әдеби кеште ақтөбелік өлкетанушы Жұмабай Асарбаев осыдан қырық жыл бұрын Алматы қаласында Сара Мыңжасаровамен дәмдес болғанын, сол отырыста Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова сынды қазақ әдебиетінің белгілі өкілдері мен журналист Мәриям Қарақонақова жазушы апамызға керемет құрмет көрсеткенін жеткізіпті.
02 Қараша, 2024
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Жошы ұлысының 800 жылдығына арналған «Қазақ мемлекеттілігі: бастаулары, тарихи сабақтастығы және эволюция» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Мазмұнды іс-шара тарих ғылымдарының докторы, профессор Сатай Сыздықовтың 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.
02 Қараша, 2024
Нұрқожа Қайпанов – әлем чемпионы!
Албанияның астанасы Тиранада күрес түрлерінен Олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша әлем чемпионаты мәресіне жетті. Аталған жарыста еліміздің 12 балуаны өнер көрсетіп, солардың үшеуі елге олжалы оралды. Байрақты бәсекеде Ержет Жарылқасын мен Жәмила Бақбергенова күміс алса, Нұрқожа Қайпанов бас жүлдені олжалады.
02 Қараша, 2024
Ғалам ғажаптары: Мұрасын итке қалдырған
86 жасында қайтыс болған үндістандық кәсіпкер 91 миллион фунт стерлингке бағаланған байлығын итіне, сондай-ақ қызметкерлеріне өсиет етті.
02 Қараша, 2024
Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Астана Операда» әлемге әйгілі скрипкашы әрі дирижер, Қазақстанның ізгілік елшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Марат Бисенғалиевтің симфониялық концерті өтті.
02 Қараша, 2024
Мәжіліс спикері Қырғызстан Президентімен кездесті
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бүгін Қырғызстанға ресми сапарының екінші күнінде Президент Садыр Жапаровпен кездесіп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізі мен ізгі тілегін жеткізді. Сондай-ақ Садыр Жапаровтың бауырлас халықтар арасындағы достық пен одақтастық қатынастарды нығайтуға қосқан зор үлесін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
01 Қараша, 2024
Бірнеше өңірде электр қуатының тарифі өседі
1 қарашадан бастап бірнеше өңірде электр қуатының тариф өседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Қараша, 2024
Жанкүйерлер Жәмила Бақбергенованы қошеметпен қарсы алды
Еркін күрестен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Жәмила Бақбергенова күрес түрлерінен олимпиадалық емес салмақта өткен әлем біріншілінің күміс медалін жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
01 Қараша, 2024
Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен әлем чемпионы атанды
Албания астанасы Тиранада олимпиадалық емес салмақтарда өтіп жатқан әлем чемпионатында Нұрқожа Қайпанов алтын жүлде еншіледі, деп жазады Egemen.kz.
01 Қараша, 2024
Жеке тұлғаларға берілген несие мөлшерлемесі 21,6%-ға өсті. Орташа мөлшерлеме қыркүйектің аяғына дейін 20,2% болған. Бұл туралы Ұлттық банктің «Қазақстанның банк секторы мен екінші деңгейдегі банктердің экономиканы кредиттеуі» туралы дерегінде жазылған.
01 Қараша, 2024
Президент жазушыны мерейтойымен құттықтады
Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрында еліміздің еңбек сіңірген қайраткері, белгілі жазушы-драматург Роза Мұқанованың мерейтойына арналған салтанатты кеш өтті. Іс-шараға қатысқан Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.
01 Қараша, 2024
Табиғи құбылыс адамға әрдайым пайда әкеле бермейді. Айтып келмеген апат материалдық құндылықтарды қиратып қана қоймай, халықтың қалыпты өмірін бұзады. Бүгінде климаттың өзгеруімен, қарқынды урбандалумен, индустрияландырумен ушыға түскен апаттар ауқымы қоғамның тұрақтылығын арттыру міндетін өзекті етіп отыр.
01 Қараша, 2024
Атыраудан Астраханға апаратын жол құрылысы тәмамдалуға таяу. Құрылысы ұзаққа созылып, жөндеу баяу жүрген бұл жол көпшілікті әбден сарсаңға салды. Енді бұл жол жөндеуден соң үшінші санаттан екінші санатқа ауыстырылмақ. Сол кезде көлік ағыны да көбейетін көрінеді.
01 Қараша, 2024
Монополиядан арылудың амалы қандай?
«The Diplomat» басылымы Қазақстан экономикасының ірі секторлары толығымен мемлекеттің, шетелдік компаниялар мен бизнес-элитаның бақылауында екенін, өзгелеріне артықшылығы аз секторларда ғана орын бар екенін, ішкі жалпы өнімнің 76%-ы солардың уысында шоғырланғанын жазады. Қазіргі уақытта өндіру және өңдеу саласының (мұнай, газ және металдарды қоса алғанда) 29%-ы, сауда саласының 16%-ы, банк ісі және жылжымайтын мүлік саласының 12%-ы, байланыс саласының 11%-ы, құрылыс саласының 6%-ы, энергия саласының 2%-ы монополистердің қолында.
01 Қараша, 2024
Экожүйенің күшеюі экономиканы жақсартады
Халық тарапынан онлайн қаржылық қызметтерге сұраныс артып жатқандықтан, банктер цифрлық платформаларға инвестиция салуға мәжбүр. Сарапшылардың айтуынша, алдағы үш жылда отандық банктердің IT-ге жұмсайтын ақшасы қазіргі 8-10%-дан 15-17%-ға дейін көбеймек. Бұл туралы «Standard & Poor's» (S&P) агенттігінің Орталық Азия мен Кавказдағы бөлшек банкингтің цифрландырылуына қатысты шолуында жазылған.
01 Қараша, 2024