Редакция таңдауы
Мемлекет басшысы: Шетелдік спортшыларды ел атынан додаға қосуды доғару керек
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті. Жиында Президент спорт резервін әзірлеу ісінде Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептері негізгі рөл атқаратынына назар аударып, олардың жұмысын жүйелеу жөнінде мәселе қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
27 Тамыз, 2024
Қазақстанда қандай мемлекеттік наградалар бар
Қазақстан Республикасының азаматтары жемiстi мемлекеттiк, қоғамдық, шығармашылық қызметi, еңбектегi және жауынгерлiк ерлiктерi үшiн олардың Республикаға сiңiрген еңбегiнiң танылуының белгiсi ретiнде мемлекеттiк наградалармен марапатталады. Осы орайда республика бойынша жалпы қандай атақ-даңқтардың бар екені және олардың кімдерге берілетінін оқырман назарына ұсынамыз.
27 Тамыз, 2024
Павлодар: Көгілдір отын мәселесі қашан шешіледі?
Ертіс-Баян өңірін газдандыру мәселесі алдағы бес жылда шешіліп қалады деп күтіліп отыр. Арнайы жұмыс комиссиясының есебінше, жергілікті тұтынушылар көгілдір отынға 2030 жылы қосыла бастауы керек.
27 Тамыз, 2024
Бұқар бабамыздың кесенесі тозып тұр
Жуықта жол түсіп, Бұқар жырау Қалқаманұлының кесенесіне бардық. Баянауланың оңтүстік-батыс бөлігіне қарай, Далба тауының етегінде мәңгілікке дамылдаған бабамызға қол жайып, дұға жасай отырып, қазаққа ұлт бірлігі ауадай қажет екенін насихаттап өткен жырларын еске түсірдік.
27 Тамыз, 2024
Бақыт Алтынбасов: Оқу орны мен өнеркәсіп байланысының тиімділігі жоғары
Еліміздегі бірқатар ұлттық және мемлекеттік университеттер коммерциялық емес акционерлік қоғам нысанына ауысқаны белгілі. Осы тұста университеттің басқару моделін халықаралық тәжірибе негізінде қалыптастырудың тиімділігі байқалады. Студенттердің сапалы біліміне бірден-бір әсер ететін жоғары оқу орындарының қаржылық тәуелсіздік мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ. Сарапшылар университеттің басқару органдарына өнеркәсіп компаниялары мен бизнес өкілдерін тарту моделін енгізуді ұсынады. Аталған мәселені дүние жүзіндегі озық жоғары оқу орындары қалай шешіп отыр? Университет пен өнеркәсіп арасындағы ынтымақтастықтың жүзеге асырылу тәртібі қандай? Бұл туралы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританиядағы Бристоль университеті докторантурасының түлегі, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Бақыт Алтынбасовтан сұрап білдік.
27 Тамыз, 2024
Мәншүк! Осы бір есім қазақ үшін қандай қастерлі болса, қаһарман қыз туралы түсірілген көркем туындылар да дәл солай қымбат, құнды. Майдан даласында қыршыннан қиылған жауқазын-тағдырға өнер тілінде қойылған сондай ұлы ескерткіштің бірі де, бірегейі – Мәжит Бегалиннің «Мәншүк туралы дастан» фильмі десек, артық айтпағанымыз.
27 Тамыз, 2024
Бұрынғы заманда аталарымыз ел қорғаудың қамы үшін әрқилы жауынгерлік жаттығулар жасайтын болған. Соның бірі сарбаздардың – мергендік өнерін шыңдау тәсілі. Мысалы, көрнекті жазушы Iлияс Есенберлин «Көшпенділер» тарихи трилогиясында: «Мергендер жамбы атып, керілген тері атып сайысқа түсті» деп жазады.
27 Тамыз, 2024
Бүгінде кез келген көзі ашық адам медициналық мекемелердің дертті дер кезінде анықтап, емдеу мақсатында тұрғындарды жасына қарай жоспарлы тексеруден өткізіп, скрининг жүргізіп жататынын біледі. Бастапқыда тосындау естілсе де, бұл терминдерге жұрттың құлағы үйрене бастады. Алайда мұндай жоспарлы шара туралы жұрттың бәрі хабардар дей алмаймыз. Ақиқатына келгенде, бұл – емдеу мекемелерінің насихат жұмысын қаншалықты ықыласпен, ал халықтың өз денсаулығына қаншалықты ыждағатты қарайтынына байланысты. Бірақ нәтижесі де жоқ емес.
27 Тамыз, 2024
Әділетті Қазақстан құру жолында аяққа оралғы болған кедергілердің бірі әрі бастысы – сыбайлас жемқорлық. Қоғамға зардабы көп кеселмен күрес кейінгі уақытта қарқын ала бастады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлыққа қарсы күресте барынша қатаң да батыл болуымыз керек екенін, өйткені қазіргідей күрделі кезеңде азаматтар дәл осындай қадамды күтіп отырғанын айтты. «Халықтың әл-ауқатын арттырып, тұрмысын жақсарту үшін нақты нәтижеге қол жеткізуіміз керек. Сондықтан жемқорлыққа қарсы қызметтің барлық бағытын түбегейлі қайта қарау қажет», деді Мемлекет басшысы. Қазіргі таңда бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды қолға алынған. Нәтижесінде, парақорлық қылмысын жасаған «шабақтар» ғана емес, «шортандар» да құрыққа түсіп жатыр.
27 Тамыз, 2024
Дүбірлі дода «Ұлы дала жорығынан» басталады
Астана қаласында 8-13 қыркүйек аралығында V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары өтетіні белгілі. Этноспорт аламаны марафон-бәйгеге сайысымен басталады.
27 Тамыз, 2024
АЭС-ке қажетті уран қалай өндіріледі?
Атом электр стансасын салу мәселесі елімізде қызу талқыланып жатыр. Азаматтар мен кәсіби сарапшылар ауқымды жобаның артықшылығы мен пайдасын әрі қауіпсіздігін саралайды. Негізі, АЭС салудағы маңызды тетік – энергетикалық әлеуетті қамтамасыз ету. Өйткені мемлекетте қазірдің өзінде электр қуатының тапшылығы сезіліп отыр. Қажеттілік жылдан-жылға арта түспек. Сондықтан салада озық тәжірибеге сүйенген стратегиялық нысан керек. Ал салынған жағдайда, отын ретінде уран пайдаланылады. Маңызды металды өндіру үдерісімен тереңірек таныспаққа Астанадан шамамен 320 шақырым қашықтағы кен орнына барып қайтқан едік.
27 Тамыз, 2024
Сүт тағамын шығаратын бірегей зауыт
Алатаудың етегіндегі Шымбұлақ ауылында орналасқан Қазақ тағамтану академиясына қарасты «Амиран» сүт зауытының жұмыс істеп келе жатқанына 15 жылға жуықтады. Алты айлық сәбиден бастап, егде жастағы тұтынушыларға арнап сүт өнімдерін шығаратын өндіріс ошағының жұмысы мажар технологиясына негізделген. Осы уақыт аралығында «Амиран» сүт зауытының өнімдеріне сұраныс артпаса, кеміген емес. Басты себебі – өнімдерінің еш қоспасыз әзірленетін табиғи тазалығында.
27 Тамыз, 2024
Елімізде 2,7 млн тоннаға жуық астық бастырылды
Еліміздің барлық өңірінде егін жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жаппай егін жинау науқаны шамамен тамыздың үшінші онкүндігінде басталады, деп хабарлайды Egemen.kz Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
26 Тамыз, 2024
Қазақстандағы мектептердің 89 пайызы интернетпен қамтылған
Оқу-ағарту министрлігі жаңа оқу жылы қарсаңында білім ұяларын жоғары жылдамдықты интернетпен қамту көрсеткішін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
26 Тамыз, 2024
Қазақстанда ақылы жолдар саны артады
Көлік министрлігі елдегі бірнеше республикалық жолдарды ақылы негізге ауыстыру бойынша ұсыныс жобасын «Ашық НҚА» порталына енгізгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
26 Тамыз, 2024
Ұлттық банк жаңа монеталарды айналымға шығарады
Ұлттық банк Рақымжан Қошқарбаев пен Кемал Ақышевтың 100 жылдығына арналған коллекциялық монеталарды айналымға шығарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Тамыз, 2024
Қапшағай су қоймасы соңғы 10 жылда алғаш рет 100%-ға толды
Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасы соңғы 10 жылда алғаш рет 18 млрд текше метрден артық су жинап, 100%-ға толды, деп хабарлайды Egemen.kz Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
26 Тамыз, 2024
Таиландта туристер мінген ұшақ апатқа ұшырады
Таиландта туристер мінген ұшақ апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ апатынан аман қалғандар жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Тамыз, 2024
Бокстан Қазақстан жастар құрамасы халықаралық турнирге аттанды
26-31 тамыз аралығында Ресейдің Чита қаласында «Еуразия кубогі» халықаралық турнирі жалауын түреді. Былғары қолғап шеберлері бақ сынайтын бәсекеге еліміздің жастар құрамасы да қатысады, деп жазады Egemen.kz.
26 Тамыз, 2024
Күрес түрлерінен Йордания астанасы Амманда өтіп жатқан жастар арасындағы (U-17) әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп жатыр. Жарыстың алғашқы күні өрендеріміз қос күміс медальға қол жеткізді.
23 Тамыз, 2024