Редакция таңдауы
Ұлттық ұлан ауыр халде жатқан сарбаз Ербаян Мұхтарға қатысты мәлімдеме жасады
Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал Қ. Үмбетов қазір ауыр халде жатқан жауынгер Ербаян Мұхтардың оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Тамыз, 2024
Биыл алғашқы қоңырау қай күні соғылады
Еліміздің барлық мектептерінде білім күніне арналған салтанатты іс-шаралар 1 қыркүйекте өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Тамыз, 2024
Екі ел Президенттері ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесін аралап көрді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмонға көрмеде көкөністер мен жемістер таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23 Тамыз, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Премьер-министрімен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзодамен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
23 Тамыз, 2024
Атырау облысында кейінгі жылдары денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын дамыту мақсатында бірнеше жоба қолға алынған. Осыған орай өңір орталығы мен аудандарда аталған саланың қызмет сапасын арттыру жоспарланып отыр.
23 Тамыз, 2024
Ораздың Жаркентке қандай жұмыспен бара жатқанын ешкім білмеді. Кеше ғана Қапал уезінен оралған болатын. Енді, міне бүгін Алатаудың қарлы шыңдарын асып бес жүз шақырымдай жерге салт атпен сапар шекпекші. Бір-екі күн Сарыөзек, Қоғалыға тоқтамақ... Кемел ТОҚАЕВ, «Соңғы соққы» кітабынан
23 Тамыз, 2024
Сот жүйесінің ашықтығын жетілдіру – уақыт талабы. Дамыған елдер тәжірибесінде бұл әлдеқашан қалыпқа түскен шаруа. Құқықтық сауаттылық қоғамды алға жетелейді десек, әділет орындары мен бұқара арасында туындаған мыңсан сауалға жүйелі жауап беру үшін төртінші билік өкілдеріне ауқымды міндет жүктеледі. Журналистер құқық тақырыбына қалам тербегенде қандай мәселеге назар аударғаны абзал? Сот үдерісіне қатысатын тілшілер кәсіби маман ретінде өздерін қалай ұстауы керек? Бұл сұрақтардың жауабы білікті заңгерлерді, судьялар мен медиа мамандарды бір алаңда тоғыстырған семинар-кеңесте сараланды.
23 Тамыз, 2024
Тәуекел картасындағы түйткілдер
Сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағандарға жаза күшейтілгеніне қарамастан бюджет қаржысынан қарпып қалуға тырысатындар қатары әлі де кездеседі. Қазынадан бөлінген қаржыны көргенде жемсауы бүлкілдеп тұратындарды анықтауға жемқорлыққа қарсы еріктілер атсалысып келеді.
23 Тамыз, 2024
Жылу орталығында жұмыс қарқынды
Өңірлердегі жылу орталықтары мен басқа да құрал-жабдықтардың 80 пайызы әбден тозғанын айтқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдіктерге ширақ қимылдап, қажетті шараларды дереу қолға алуды тапсырған болатын. Бұл орайда Үкіметке, ең алдымен, биыл апатты жағдайдағы 19 жылу орталығын жаңғырту жұмыстарын аяқтау жүктелді.
23 Тамыз, 2024
Бес адамға өмір сыйлаған донор
Донор тапшылығы – әлемдегі өзекті мәселенің бірі. Жыл сайын кезегін күтіп, донор жетіспеушілігінен қайтыс болатын науқастардың да қатары артпаса, кеміген емес. Көз алдында келместің кемесі таяп келе жатқанын жүрегімен сезінген сырқаттың ажалына араша түсуде донордың маңызы зор. Ал ғайыптың күшімен трансплантация жасалып, ағзасы ауысқан жандардың қалай кенен шаттыққа бөленетінін дәрігерлер қауымы түсінеді.
23 Тамыз, 2024
Инвестиция тартудағы іргелі іс
Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу мен инвестиция тарту жұмыстарына басымдық беріліп келеді. Өңірде жалпы аумағы 594 гектар болатын 10 индустриалды аймақ және «Turan» арнайы экономикалық аймағы бар. Бұл аймақтарда инвестициялық құны 190 млрд теңге болатын 95 кәсіпорын өз жобаларын жүзеге асырып жатыр.
23 Тамыз, 2024
«Қайқы желқалақ» – жел энергетикасының болашағы
Өткен шілде айында «Egemen Qazaqstan» газетінде «Энергия тапшылығы қалай шешіледі?», (13.08.2024) деген мақала жарық көрген еді. Бүгінде елімізде электр қуатының жетіспеушілігі айқын мәселе. Әсіресе оңтүстік өңірде энергия өндіріс пен әлеуметтік қолданыстың 40 пайызын қамтамасыз ете алмайды. Оны толықтыру үшін Екібастұздан Семей арқылы жоғарғы кернеулі желі тартылды, бірақ осы кезде 22-25 пайыз энергия босқа жоғалып жатыр.
23 Тамыз, 2024
Халқымыздың тарихында ел басқарған және билікке араласқан әйелдер аз болмағаны мәлім. Тұмар, Зарина патшайымдар, Айғаным ханша, Бопай ханым сияқты атақты арулардың іздерін басқан бүгінгі сіңлілері мемлекеттік қызметтің негізгі жүгін арқалап, нардай өрге тартып жүр.
23 Тамыз, 2024
Аймақтың түрленуіне АЭС қалай әсер етеді?
Бірқатар мемлекет атом энергетикасын мақсатты түрде дамытуды мықтап қолға алған. Сол қатарда Түркия да бар. Мерсин провинциясында «Аккую Нуклеар» атом электр стансасы салынып жатқанын бұған дейін жазғанбыз. Құрылысқа ең жақын қала – Силифке. Ауқымды жоба басталғанға дейін негізінен ауыл шаруашылығы және шағын кәсіпкерлікпен айналысқан өлке тұрғындарының өміріне АЭС өзгеше әсер етті. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны түлеп сала берді.
23 Тамыз, 2024
Сана тазармай, дала тазармайды
Жаһандану заманында БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі бағдарламасында көрсетілген табиғатты аялау, қоршаған ортаны бүлінуден сақтау туралы ұрандарының тиімділігі тіптен төмендеп кеткенге ұқсайды. Өйткені ауа қажет болса, ағаштарды сақтап, ауыз су қажет болса, су бассейндерін таза ұстау керектігін бұл әлем әлі күнге дейін түсіне қоймағанға ұқсайды. Табиғатқа қарсы жасалып жатқан тағылықтың бітетін түрі жоқ.
23 Тамыз, 2024
Ақордада ішкі саясат жөніндегі республикалық жиын өтті
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ақордада ішкі саясат және идеология жұмысы жөніндегі республикалық жиын өткізді. Басқосуға Президент Әкімшілігінің жауапты қызметкерлері мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Үкімет мүшелері, облыс және Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары, аймақтардағы қоғамдық даму басқармаларының жетекшілері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 Тамыз, 2024
Елімізде АЭС салу идеясын халықтың қанша пайызы қолдады
Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша 2024 жылғы 7-18 тамыз аралығында телефон арқылы сауалнама жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Тамыз, 2024
Пара спортшылар Парижге аттанды
Бүгін Парижде өтетін XVII жазғы Паралимпиадаға қатысатын ел спортшыларының алғашқы легі аттанды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
22 Тамыз, 2024
Жіпсіз байланып, жіксіз біріккен
Астындағы атында алты жасар баланың ақылы бар халықпыз. Оның үстіне бозбалалары үйірген асығын алшы қылған, үйір жылқы айдап, қабыланның құйрығын қамшы қылған қазақтың даласында «төбел бие сойдырып, төменгі елді, жорға бие сойдырып жоғарғы елді шақырған» ұлы дүбір тойдың басталуына да санаулы күн қалды. Той деп отырғанымыз – 8-14 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтетін V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары. Ондағы 21 ойын түрінің 10-ы қазақтың ұлттық спортына жатады екен.
22 Тамыз, 2024
Мердігерлер істі мандытпай тұр
Өнер өлкесі саналатын Кеген ауданынан талай саңлақ түлеп ұшты. Өңірдің мәдениет саласын өркендетуде өзіндік қолтаңбасы қалған өнер майталмандарын санамаласақ, саусақ жетпесі анық. Көш басынан көрінетін Кеген халық театры 1968 жылы құрылып, содан бері М.Әуезовтің «Қарагөз», «Еңлік-Кебек» драмаларын қойып, «халық театры» атағын алған, республикалық, халықаралық байқауларда талай мәрте топ жарған. Мәдениеттен мән кеткен сонау қиын-қыстау шақта штат санын сақтап қалған театр ұжымында осы күні 15 адам қызмет етеді. Оған қоса «Ереуіл» фольклорлық ансамблінің де шығармашалық шыңы биік.
22 Тамыз, 2024