Редакция таңдауы
Президент Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығын аралап көрді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласындағы Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының жаңа корпусымен танысты. Жаңа ғимарат Emergency халықаралық стандартына сай салынған әрі триаж жүйесіне сәйкес тәулігіне 500-ден аса науқасты қабылдай алады. Орталықта 26 төсек орынға есептелген реанимация және қарқынды терапия бөлімі, диагностика бөлімі және 4 операция блогы бар, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
01 Маусым, 2024
Жаңа дүниені тануға деген құштарлық, кіршіксіз қиял бала күнге тән. Сол қызығушылықты дамытып, талантын шыңдау – ата-ананың қолында. Бұл туралы Мұхтар Шаханов «Бала жүрегі – кішкентай күйсандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады» десе, Жүсіпбек Аймауытұлы «Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын бір шарт – жас күнде көрген өнеге», дейді. Елімізде осыны түсінетін ата-ана да, бала да көп. Биікке ұмтылатын балдырғандарымыз бала арманымызды жоғалтпауға көмектеседі.
01 Маусым, 2024
Демалыстың қауіпсіздігін ескерген жөн
Жарқырап жаз жетті. Бұл – балалар асыға күтетін мерекедей мезгіл. Алайда ата-аналар мен балалардың жазғы демалысын ұйымдастырушылар үшін қызығымен қатар шыжығы мол, асқан сақтық пен қауіпсіздікті бірінші орынға қоятын кез. Өйткені бар байлығымыз – бала, ал оның өмірі мен денсаулығын сақтау бәрінен де маңызды.
01 Маусым, 2024
Елдегі жол саласын жемқорлық жайлаған - Мемлекет басшысы
Мемлекет басшысы Алматыда отандық ғалымдармен кездесу өткізді. Жиын барысында Президент Ұлттық құрылтайдың Атыраудағы отырысында жол салу және жөндеу бойынша ауқымды жұмыстарды бастауды жүктегенін еске салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Мамыр, 2024
Қазақстан Еуразиядағы ең ірі цифрлық хабтардың біріне айналуға тиіс - Мемлекет басшысы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ғалымдармен кездесуінде қоғамдағы барлық үдерістер мен салаларды одан әрі цифрландыруға ерекше назар аудару керек екенін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
31 Мамыр, 2024
Отандық ғылым саласына озық технологиялар мен идеяларды енгіземіз - Президент
Қазақстанда отандық ғылымға бөлінетін қаржы ұдайы артып келеді. Ал білікті кадрлар әзірлеуге арналған грант саны соңғы жылдары бір жарым есе көбейді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдармен кездесуінде айтты, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
31 Мамыр, 2024
Қазақстан садақшысы әлем чемпионы атанды
Дәстүрлі садақ атудан ұлттық құрама спортшысы елордалық Айкөркем Батихан Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен «Fetih Kupası» турнирінде әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Мамыр, 2024
Тарихымызды түгендеу үздіксіз жалғаса береді - Мәулен Әшімбаев
ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай желіде жазба қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
31 Мамыр, 2024
ҰБТ-2024: Үш талапкер 137 балл жинады
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі негізгі ҰБТ-ның бірінші кезеңінің аралық қорытындысын жариялады. Ең жоғары балл 137 болды, деп хабарлайды Egemen.kz
31 Мамыр, 2024
Қазақстанда әлемдегі ең үлкен жылыжай салынады
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов «ЭКО-мәдениет» Агроөнеркәсіптік холдингінің президенті Александр Рудаковпен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты талқылады. Күн тәртібінде аграрлық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірлескен жобалардың бар екені айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
31 Мамыр, 2024
Елімізде 35 градусқа дейін ыстық болады
Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Мамыр, 2024
Сталиндік қуғын-сүргін жылдары ГУЛАГ лагерьлерінде «халық жауы», «контрреволюционер», «тыңшы», «отанын сатқан» деген жалған айыппен түрлі ұлттың бетке ұстар қаймақтары – ақын-жазушылар, ғалымдар, саясаткерлер «жазасын» өтегені мәлім. Қазақ жерінде де талай жазықсыз отбасын қан қақсатқан «Қарлаг», «Степлаг», «Камышлаг», «Кеңгір» секілді 11 лагерь жұмыс істеді. Соның бірі – «Қарлагтың» арнайы бөлімшесі, контингенті әйелдерден ғана тұрған «26-нүкте».
31 Мамыр, 2024
Бүгін – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
Осы аталған күнге орай жыл сайынғы үндеулерінің бірінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бүгін біз ұжымдастыру жылдарында аштыққа ұшырағандарды, сондай-ақ туған жерінен кетуге мәжбүр болғандарды да еске аламыз. Сол жылдардағы орасан зор адам шығыны мен тағдыр тауқыметі әрбір азаматтың жүрегіне жара салды. Тоталитаризмнен зардап шеккен көптеген ұлт өкілдері үшін қазақ жері құтты мекенге айналды. Ата-бабаларымыздан дарыған қайсарлық пен төзімділіктің арқасында қатаң сыннан абыроймен өтіп, біртұтас ұлт ретінде бірігуге мүмкіндік алдық», деп атап өткен еді. Аталған жылдарды еске алып, тарихымызға тәу етіп, бүгінгі арқалаған аманат пен ертеңгі келешектің мән-маңызын ұғыну әрбір отандасымыздың басты міндеті.
31 Мамыр, 2024
«Соль артельден» басталған соқпақ
Сыр бойындағы өндіріс орындарының басында тарихымен де, табысымен де «Аралтұз» кәсіпорны тұр. Келер жылы көл түбіндегі шөгіндіні қажетке жаратудан басталған кәсіпке тура 100 жыл толады. Еліміздегі ең ірі Жақсықылыш тұз кенін игергендер кеңес заманы кезінде жылына 650 мың тоннаға дейін өнім шығарыпты. Қазір оның көлемі артып, «Аралтұз» өнімі әлемнің біраз еліне экспортқа шығарылып отыр.
31 Мамыр, 2024
Еурохаттаманың ерекшелігі неде?
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтандырудың міндетті сыныптары бойынша азаматтар сақтандыру төлемін алуға онлайн жүгінуге құқылы. Сақтандыру ұйымдары құрған цифрлық сервистер тұтынушыға сақтандыру ұйымының кеңсесіне баруға уақыт жұмсамай, құжаттардың ең аз топтамасын ұсына отырып, өзі көрсеткен банктік шотқа сақтандыру төлемін қашықтан алуға мүмкіндік береді.
31 Мамыр, 2024
Еңбек адамына арналған баспана бағдарламасы
Рудный қаласында «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігінің» жұмысшылары мен «Отбасы банк» өкілдері қатысқан үлкен форум өтті. Алқалы жиыннан кейін Қостанай облысының әкімдігі, «Отбасы банк» және Еуразиялық топ (ERG) өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісімшарт аясында «ERG» металлургтері, кеншілер мен жөндеу қызметінің мамандары арасынан 100 отбасы жеңілдетілген шартпен «Отбасы банк» арқылы баспаналы болады.
31 Мамыр, 2024
Көне жәдігерлердің көшпелі көрмесі
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында Павлодар облыстық Бұқар жырау атындағы Әдебиет және өнер музейі «Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде көне жәдігерлердің «Алаш аманаты» атты көшпелі көрмесін өткізді. Көрмеге Ертіс-Баян өңірінен шыққан алашордалықтарға қатысты тың деректер мен жәдігерлер қойылған.
31 Мамыр, 2024
Биомедицинаның болашағы баянды
Қазір әлемде биомедицинаның маңызы артып келеді. Біздің елімізде бұл сала енді даму үстінде. Отандық ғалымдардың осы саладағы тың ізденісі көңіл қуантады. Сондай ғалымның бірі – NU Инженерия және цифрлық ғалымдар мектебінің ассистент профессоры Гүлсім Құлшарова.
31 Мамыр, 2024
Аралбек Берікұлы: Ауыл мектебінің тағдыры бәрімізді алаңдатады
Қазір жастардың көбі шетелде білім алуды қалайды. Сол шетелдік білімі, дипломы арқылы еліміздің ірі қалаларындағы беделді ұйымдарда, тіпті шетелдің атақты компанияларында еңбек етуді көздейді. Осындай ойдағы замандастарының арасында Аралбек Берікұлы секілді басқаша көзқарастағы жандар да бар. Ол – математика пәнінің мұғалімі, Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданындағы Құлынжон ауылдық орта мектебінің директоры, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, 3 кітаптың авторы. Ұлыбританияда білім алған Аралбектің шетел асуына болушы еді, бірақ кейіпкеріміз: «Бәріміз елден кете берсек, мұнда кім қалып қызмет етеді?» деп, сөзін ісімен ұштастырыпты.
31 Мамыр, 2024
Түлектерге арналған жұмыс жәрмеңкесі
Жуырда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде оқу орнының бітіруші түлектеріне арналған «Жас маман-2024» бос орындар жәрмеңкесі өтті. Оған Шымкент қаласы мен Түркістан облысынан екіжақты келісімшарт негізінде өндірістік кешендер, ірі кәсіпорындар, спорт, мәдениет, білім беру секілді жалпы саны 150-ден аса мекеме қатысты.
31 Мамыр, 2024