Редакция таңдауы
«Теңіз терең емес, адамның жаны терең» деген ұлы Мағжан әйел жанының қатпар-қатпарын қазбалай зерделеуші еді ғой өзінің «Шолпанның күнәсі» шығармасында. Расымен де әйел болмысының қыр-сырына бойлап, құпиясын ашу – тіршілік пайда болып, адам адам болғалы бері әлі де кілті табылмай келе жатқан жұмбақ әлем. Сондықтан болса керек, бұл тақырыпқа қалам тербемеген шабыт иесі жоқ. Күні кеше Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында тұсауы кесілген италиялық драматург Эдуардо де Фелиппоның «Әйел құпиясы» лирикалық драмасы да сол жұмбақтың шешімін табуға ұмтылған шығармалардың бірі.
15 Маусым, 2024
«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы аясында елорда мектептерінде «Экокүн» экологиялық фестивалі өтті.
15 Маусым, 2024
Алтын Орда тарихының соңғы кезеңі
Ұлттық сананы нығайту мен бірегейлікті қалыптастыруда тарихтың атқарар рөлі мен маңызына қазақ елінде тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан-ақ ерекше мән беріле бастады. 90-жылдардың соңында бір жыл ұлттық тарихқа арналса, 2000-жылдардың басында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұлттық тарихтың шетелдегі деректері әкелінді. Одан кейін мемлекеттік тарихымыздың биік көрінісі – Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесі 2015 жылы тойланды. Ал биыл елімізде Жошы Ұлысының 800 жылдығы кеңінен аталып жатыр.
15 Маусым, 2024
Алдағы қазан айында халқымыздың ардақты перзенті, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Оңдасыновтың туғанына 120 жыл толады. Айтулы тұлға саналы ғұмырында туған халқына қалтқысыз қызмет етті. Оның айшықты ізі жүріп өткен жолында ғана емес, ол түскен суретте де сақталған.
15 Маусым, 2024
Асыл тұқымды түлік: Аз ба, көп пе?
Агроөнеркәсіп кешені саласындағы басым бағыттың бірі – мал шаруашылығын дамыту. Жеке адам не шаруа қожалығы қолындағы малын асылдандыру арқылы одан мол өнім алуды көздесе, оған мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Былтыр асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыру үшін субсидиялауға 147 млрд теңге бөлінген. Биылғы қаражат кемшіндеу. Осы жылы 108 млрд теңге қарастырылыпты.
15 Маусым, 2024
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау Аллаға тән! Оның Пайғамбары Мұхаммедке салауаттар мен сәлемдер болсын!
15 Маусым, 2024
Төл табиғатымыздың тазалығы маңызды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев туризмді дамыту жөніндегі өткізілген кеңесте экология мәселесіне арнайы тоқталды. Мемлекет басшысы туризмді дамытамыз деп, табиғатқа зиян келтіруге болмайды деп қадап айтты.
15 Маусым, 2024
Біздің ел құрлықтан мұхитқа шығар төте жолы болмағандықтан, сыртқы елдермен арғы-бергі алыс-беріске, сауда-саттық қатынасқа қара жол мен әуе және темір жол тасымалын пайдаланады. Еуразияның жүрегіндегі ұлан-ғайыр даламыз кезінде Шығыс пен Батысты жалғаған Ұлы жібек жолының қай тармағына болса да жайлы әрі тиімді болған. Бүгінде экономикаға иек артқан еліміз кейінгі жылдары транспорт және логистика саласында да айтарлықтай жетістікке жетіп келеді. Әсіресе Ресей санкцияның қыспағына қалғалы солтүстік көршіден шығатын да, ол елге жеткізілетін де тауарлардың дені Ұлы дала арқылы кіріп-шығып жатыр.
15 Маусым, 2024
Сот жүйесін жетілдіру – уақыт талабы
Кеше Парламент Сенаты мен Мәжілісінің бірлескен отырысы өтіп, онда «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң жобасы бірінші оқылымда қаралып, мақұлданды.
15 Маусым, 2024
Көрнекті қоғам қайраткері, белгілі шығыстанушы, түркітанушы, мәдениеттанушы, эссеист, дипломат және филология ғылымдарының кандидаты, Мұрат Мұхтарұлы Әуезов өмірден өтті. Заңғар жазушының ұлы былтыр ғана 80 жылдық мерейтойын атап өткен еді, деп жазады Egemen.kz.
14 Маусым, 2024
Сенаторлар Трансфузиология орталығының қызметімен танысты
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Палатаның бір топ депутатымен бірге Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14 Маусым, 2024
Президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдады
Аталған агенттіктің төрағасы Асхат Жұмағали жемқорлыққа қарсы күресу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14 Маусым, 2024
Президент әлем чемпионы атанған шахматшы Қазыбек Нөгербекті құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Гандинагар қаласында өткен халықаралық жарыста әлем чемпионы атанған Қазыбек Нөгербекке құттықтау жеделхатын жолдады, деп жазады Egemen.kz.
14 Маусым, 2024
Оралдағы саяжай тұрғындарына 71 пәтер берілді
Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға тиісті көмек көрсетуді тапсырғаны мәлім. Осы орайда, Орал қаласында баспанасы жарамсыз деп танылған тағы 12 саяжай тұрғыны баспаналы болды. Жаңа пәтерлер демеушілер қаржысына сатып алынған, деп жазады Egemen.kz.
14 Маусым, 2024
Су тасқыны: Арқалықта 50 пәтерлік «ақылды» тұрғын үй салынады
Арқалық қаласында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін 50 пәтерлік «ақылды» тұрғын үй салынып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14 Маусым, 2024
Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Талапқали Ізмұхамбетов қайтыс болды
Бүгін 82 жасында 1987-1990 жылдары Қазақ КСР бұрын Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарған Талапқали Әбішұлы Ізмұхамбетов өмірден өтті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
14 Маусым, 2024
Құрбандыққа қандай малды шалмау керек?
Құрбандыққа таңдап алынған малдың сау, мінсіз болуы талап етіледі. Дін мамандары бұл пенденің Жаратушы Иесіне деген жоғары деңгейдегі әдептілік қарым-қатынасын көрсетеді. Сондықтан құрбандыққа шалынатын малдың сау әрі лас нәрселермен қоректенбеген болуы лазым, деп жазады Egemen.kz.
14 Маусым, 2024
Қазақстанның сот жүйесіне өзгерістер енгізіледі
Парламент палаталарының бірлескен отырысы аясында депутаттар сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы Конституциялық заң жобасын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Маусым, 2024
Эко-тренд: Жастар таза елді қолдайды
Әлемді қазірде табиғатты қорғау, сақтау мәселесі көбірек алаңдатады. Бұл үрей кейінгі кездері айтып келмейтін апаттардың жиілеуімен күшейді. Сәйкесінше, экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған кешенді шаралар бекітіліп, жүзеге асырылып жатыр. Елімізде де қолға алынған жоба, бағдарлама аз емес. Оның бірі – «3.2.1.Старт!» әлеуметтік жобасы. Жақында бастама «Жастар бірге – пластик бөлек» атты сегізінші маусымын қорытындылады.
14 Маусым, 2024
Қазақстанда әлі күнге дейін үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер бар. Дәл осы мәселені шешу үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Жоба бойынша 2025 жылдың соңына дейін 401 жайлы мектеп салынып, пайдалануға берілуге тиіс. Бұған бюджеттен тиесілі қаражат, дәлірек айтқанда, 2,6 трлн теңге қарастырылған. Жобаның жүргізілу барысы қалай? Орын тапшылығы шынымен толық жойыла ма? «Жайлы мектеп» қай тілде оқытады? Жауап іздеп көрдік.
14 Маусым, 2024