Қоғам • 14 Маусым, 2024

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Талапқали Ізмұхамбетов қайтыс болды

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін 82 жасында 1987-1990 жылдары Қазақ КСР бұрын Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарған Талапқали Әбішұлы Ізмұхамбетов өмірден өтті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Талапқали Ізмұхамбетов қайтыс болды

Фото: gov.kz

Талапқали Әбішұлы кәсіби қызметін хирург дәрігерден бастады, содан кейін аудандық орталық аурухананың бас дәрігері, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстық денсаулық сақтау бөлімдері меңгерушісінің орынбасары және меңгерушісі болып жұмыс істеді.

«Медициналық қоғамдастықтың, көптеген студенттердің, әріптестердің есінде ол жарқын ерекше тұлға, өз ісінің үлкен энтузиасты болып қала береді, ол ұлтты сауықтыру бойынша бірқатар ірі бастамалардың авторы болды.

Денсаулық сақтау министрлігі Ұлы дәрігердің барлық жақындары мен туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Талапқали Әбішұлының баға жетпес еңбектері, ауқымды идеялары қазақстандықтардың көптеген ұрпақтарының денсаулығы үшін қызмет ететін болады», делінген министрлік жазбасында.