Редакция таңдауы
Президент «тарихшысымақтар» деп кімдерді айтты?
Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген кең көлемді сұхбатында тарихи деректерді бұрмалап, халықты адастыратын топты қатаң сынға алды, деп жазады Egemen.kz.
05 Қаңтар, 2026
БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Венесуэладағы жағдайға байланысты шұғыл отырыс өткізеді
Біріккен ұлттар ұйымының кауіпсіздік кеңесі АҚШ-тың Венесуэлаға қарсы жүргізген операциясына байланысты шұғыл отырыс өткізеді, деп жазады Egemen.kz.
04 Қаңтар, 2026
2026 жылы Қазақстанда 11 мың шақырымнан астам жол салынады
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде елімізде өңірлер арасындағы көлік байланысын нығайтуға, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған автожол инфрақұрылымын жүйелі дамыту жұмыстары жалғасуда. 2026 жылға арналған жоспарлар туралы Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Қаңтар, 2026
Фаббинг деген не және ол не үшін зиян?
Фаббинг – әңгімелесіп отырған адамды елемей, телефонға үңілу әдеті. Қарапайым көрінгенімен, бұл құбылыс тірі қарым-қатынасты әлсіретіп, психологиялық мәселелерге әкелуі мүмкін, деп жазады Egemen.kz.
04 Қаңтар, 2026
2025 жылы Қазақстанда қанша көлік шықты?
2025 жыл отандық автомобиль жасау саласы үшін шынымен де тарихи жыл болды. Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, елде 311,1 млрд теңгеге 22 580 дана техника шығарылды, бұл өткен жылдағы ең жақсы айлық көрсеткіш, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Қаңтар, 2026
Президент Қылмыстық-процестік кодекске толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды
Қылмыстық кодекске және Қылмыстық-процестік кодекске толықтырулар енгізіледі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
03 Қаңтар, 2026
«Қазақтелеком» интернеттің нашарлау себебін түсіндірді
«Қазақтелеком» абоненттері интернет жылдамдығының төмендеп кеткеніне наразы. Пайдаланушылардың айтуынша, әсіресе YouTube платформасындағы видеолар өте баяу жүктеліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Қаңтар, 2026
Зейнетақы төлемдері салықтан босатылып, көпбалалы отбасыларға шегерімдер енгізілді
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салық салу тәртібі мен 2026 жылдан бастап күшіне енетін жеке табыс салығы (ЖТС) бойынша негізгі өзгерістер туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Қаңтар, 2026
Қазақстанда балағат сөздер мен қоқыс тастағаны үшін салынатын айыппұл мөлшері өсті
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін қолданылатын ақшалай санкциялар көлемі ұлғайды. Бұл айыппұлдар мөлшері айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өсуімен байланысты болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Қаңтар, 2026
88 млрд теңге инвестиция: Алматы облысында үй жануарларына арналған ірі азық зауыты салынады
Мемлекет басшысының өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында Алматы облысында халықаралық деңгейдегі жаңа зауыт бой көтереді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Қаңтар, 2026
Ресей үш жылда Украина аумағының қанша бөлігін басып алды?
Украинадағы соғыс басталғалы бері Ресей жалпы аумақтың шамамен 19,25 %-ын басып алған. Алайда 2025 жылы майдан шебіндегі қиян-кескі шайқастарға қарамастан, басқыншы әскердің алға жылжу қарқыны Украина аумағының 1%-ына да жетпеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Қаңтар, 2026
Медиа саласының бірегей болмысы
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында өткен жылды қорытындылап, саладағы елеулі жаңалықтарды атап өтті.
01 Қаңтар, 2026
Классикалық мәдениет тұлғалары
Ұлт мәдениетінің биігін әлемге танытқан дара тұлғалар уақыт өткен сайын биіктей түседі. Қазақ өнерінің қос алыбы – ән әлемінің хас шебері Ермек Серкебаев пен кино кеңістігінің классигі Абдолла Қарсақбаевтың туғанына 100 жыл толуының ЮНЕСКО аясында атап өтілуі – соның айқын дәлелі.
01 Қаңтар, 2026
Жаңа жыл алдында ақшаны қалай жоспарлаған дұрыс?
Желтоқсан айы – жылдың ең шығынды кезеңі. Сыйлық, мерекелік дастархан, басқосулар, жол жүру мен демалыс отбасы бюджетіне салмақ түсіреді. Дәл осы уақытта адамдар ойланбай ақша жұмсап, қажетсіз несие алып немесе алаяқтардың құрбаны болады. Сондықтан бюджеттік берекені сақтай отырып, мерекені лайық деңгейде атап өтуге қажет чек-листті дайындап көрдік.
31 Желтоқсан, 2025
Әділеттілік тегеурінді заңға сүйенеді
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2025 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының барысы талқыланды. Сондай-ақ келер жылы Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына дайындық мәселесі де күн тәртібіне қойылды.
31 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысының бастамасымен биыл Жұмысшы мамандықтары жылы деп аталып, еңбек адамының қоғамдағы рөлі айшықталды. Әрине, мықты маман бір күнде қалыптаспайды. Өндіріс талабына сай кадр даярлау ұзақ та жүйелі еңбекті талап етеді. Ал сол жұмысшы мамандықтарының алғашқы «ұстаханасы» – колледждер екені белгілі. Бір жыл ішінде техникалық және кәсіптік білім ұйымдары қандай нәтиже көрсетті? Қоғамның еңбек адамына көзқарасы шынымен өзгерді ме, студенттердің жұмысшы маман болуға ықыласы артты ма? Осы сауалдардың жауабын саралап көрдік.
31 Желтоқсан, 2025
Парламенттік реформа жайы талқыланды
Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының үшінші отырысы өтті.
31 Желтоқсан, 2025
Қазір үндістандық жазушы Аравинд Адиганың «Ақ жолбарыс» атты романын оқып жүрмін. Атақты «New York Times» бұл кітапты ең өтімді кітап деп әлемге таныстырыпты. Сөйтетін де жөні бар. Шығарма өзіне қызықтырады. Ара-тұра езу тартатын тұстары да жоқ емес. Тіпті автор өз көзімен көргендерін философияға айналдырып жібергендей. Оқыңызшы, бүй дейді: «Мұсылмандардың бір құдайы бар, християндардың үш құдайы бар. Ал үнділердің 36 миллион құдайы бар», дейді бірде. Осы сөйлемді оқып, терең ойланасыз. Әр түрі дін, ағым мен көзқарас, тіршіліктің тауқыметі қоғамды ала-құла ойлауға, шөпті де шөңгені де өлең деуге мәжбүр етеді екен. Автор меніңше, соны айтып тұр.
31 Желтоқсан, 2025
Бізде көбіміз баса мән бере бермейтін бір сала бар. Бұл – мектепке дейінгі оқыту сатысы. Мұның маңызы – барлық білім жүйесінің іргетасы саналатынында. Бала оқу ошағына барамын дегенше дайындығы дұрыс болса, ол соғұрлым мектепте, одан кейін университетте қиналмайтыны кәдік. Сол себепті де ата-аналар балаларын балабақшаға неғұрлым тезірек орналастыруды қалайды. Дәл осы мәселе бізде толық шешімін тапты ма, биылға жүктелген міндет түпкілікті орындалды ма?
31 Желтоқсан, 2025
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада көрнекті ақын, жазушы, драматург, жыршы-жырау Баянғали Әлімжановтың «Айкөлдің жолы» кітабының таныстырылымы өтті.
31 Желтоқсан, 2025