Редакция таңдауы
Тауар таңбалау ісін жолға қоюдың арқасында кейінгі бес жылда Еуразиялық экономикалық одақ елдері (ЕАЭО) арасындағы контрабандалық тауар айналымы 30%-ға төмендеген. Мамандар міндетті таңбалау енгізілгеннен кейін көлеңкелі айналымның үлесі азайғандығын, өндірушілер мен импорттаушылар үшін бірнеше млрд теңге қаражатында қосымша өткізу нарығын құруға мүмкіндік бар екенін айтады.
29 Ақпан, 2024
Қолымызда – «Shosa» ЖШС шығарған жиһаз тіреу өнімі. Бір қарағанда, қарапайым көрінген осы бұйым Қазақстан асып, Ресейдің көптеген қаласына тарайды. Әуелде бұған сенбегеніміз рас. Бара көрмекке бекіндік. Қала сыртына жақын өндіріс алаңында орналасқан цех жұмысымен танысқанымызда, алғашқы күмәнді ойдан арылдық.
29 Ақпан, 2024
Осыдан 20 жыл бұрынғы жағдаймен салыстырғанда қазіргі медицина әлдеқайда алға басты. Осы күні облыс, аудан орталықтарынан бөлек ауылдарда да жаңа емханалар салынып, халықтың саулығын сақтаудың аясы кеңейді. Әрине, бұрынғы мен бүгінгіні салыстырғанда әуелгі әңгіме маманнан басталатыны даусыз.
29 Ақпан, 2024
Білім саласын үйлестіретін заң
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру және балалардың қауіпсіздігі мәселелері туралы заңға қол қойды. Құжаттағы негізгі жаңашылдық қандай, бұл салада енді не өзгереді?
29 Ақпан, 2024
Utebayev university ғалымдары «Техникалық күкірт негізінде тұтастырғыш материал алу» жобасын қолға алды. Соның нәтижесінде Атырау мұнай өңдеу зауытынан шыққан техникалық қалдық күкірттен экономикалық және экологиялық тұрғыда тиімді күкіртті цемент алынады.
29 Ақпан, 2024
Қызылорда қаласына қарасты Ақсуат ауылдық округінің тұрғыны Сәрсенкүл Аралбаева былтыр шұлық шығаратын шағын цех ашуға бекініп, биыл сол жоспарын іске асырыпты. Кәсіп иесі сұраныс артып, іс алға басса, өндіріс көлемін кеңейтуге ниеттеніп отыр.
28 Ақпан, 2024
Сол жолы тоғыз жасар балаға осы бір ұзын-шұбақ теміржол таусылмайтындай, бар өмірі осы эшелонда өтетіндей көрінген еді. Қайда табан тірері, алда не күтіп тұрғаны беймәлім, ара-тұра шет-шегі жоқ далаға қарап көз талдырып келе жатқандарына әлденеше күн болған.
28 Ақпан, 2024
Облыс әкімдігі мен Президент Іс Басқармасының Медициналық орталығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Астанадан арнайы келген білікті мамандар үш күн бойы жергілікті дәрігерлерге шеберлік сабақтары мен семинарлар өткізеді. Бұған қоса қарағандылық дәрігерлермен бірге 20 шақты жоғары технологиялық операция жасауды жоспарлап отыр.
28 Ақпан, 2024
Отандық ғалымның елеулі жаңалығы
Отандық ғалым астықты тыңайтқышсыз 50 пайызға арттырудың тәсілін тапты. Бұл ғылыми жаңалық қазір әлемнің 12 елінде сынақтан өтіп жатыр.
28 Ақпан, 2024
Енді тұрмыстағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейеді
Бүгін, 28 ақпанда Мәжіліс депутаттары тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтетін заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Құжат Сенаттың қарауына жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Ақпан, 2024
Президент теміржол саласының ардагерлерімен жүздесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының инновациялық бастамаларымен танысқаннан кейін, теміржол саласының ардагерлерімен жүздесті. Олардың қатарында Қалтай Сәмбетов, Борис Есенаманов, Марат Хамзин, Болатбек Дүйсемәлиев, Қуаныш Котырев, Ескендір Рахметжанов, Оразғали Ахметбаев сияқты құрметті теміржолшылар болды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
28 Ақпан, 2024
Рамазан айын пайдалы өткізудің 5 амалы
Алдағы наурызда мұсылман қауымы асыға күтетін, ораза ұстаған жанға Алланың сауабы төгілетін, қасиетті Рамазан айы басталады. Айлардың сұлтанына баланған бұл Рамазанға алдын ала рухани және физикалық дайындалудың маңызы зор. Жүйелі жасалған қам-қарекет Оразаны пайдалы, қиындықсыз өткізуге септеседі. Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлдан ораза ұстау мен ауызашар беру әдебін сұрадық, деп жазады Egemen.kz.
28 Ақпан, 2024
Ғалымдардың жалақысына қосымша үстемеақы төленеді
Жоғары оқу орындарында ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысатын оқытушылардың, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін ғалымдардың негізгі жалақысына қосымша ақы төленетін болады. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Ақпан, 2024
Қазақстанда 1 наурыздан бастап не өзгереді?
Биылғы наурыз айы тарихи оқиға мен бірқатар экономикалық өзгеріске толы болмақ. Қазақ халқы үшін ежелден жаңару, жыл бастауы болған айға осы жылы Рамазан уақыты да тұспа-тұс келіп тұр, деп жазады Egemen.kz.
28 Ақпан, 2024
Отандық өндірушіні қолдау күшейеді
Кеше Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды. Сондай-ақ Үкімет Астана агломерациясын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті.
28 Ақпан, 2024
Заманауи мектеп – жаңашыл қоғамның баспалдағы
Кеше Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен «Ұлттық мүдде» диалог алаңының «Заманауи ұлттық мектеп – жаңа қоғам қалыптастыру жолы» тақырыбына арналған отырысы өтті. Іс-шара барысында білім беру, мәдениет, өнер саласының мамандары, сарапшылар, ғалымдар және сенаторлар ұлттық білім беру жүйесінің даму үрдісін талқылап, осы бағытты реформалау жөнінде ұсыныстарын білдірді.
28 Ақпан, 2024
Құмар ойынға қарсы кешенді жоспар әзірленіп жатыр. Құжатқа барлық министрлік ұсыныстарын тапсыруы қажет. Кейін ұсыныстар іріктеліп, біріктіріліп, жүйеленіп, Үкімет деңгейіндегі құжат жасақталады. Бұл туралы кеше Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен өткен Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің кезекті отырысында айтылды.
28 Ақпан, 2024
Агроөнеркәсіп және азық-түлік қауіпсіздігі
Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің агроөнеркәсіп саласына және су ресурстарына қатысты нақты тапсырмалар беріліп, анық межелер белгіленді. Аграрлық сектордың даму деңгейі – қоғамның экономикалық және әлеуметтік-саяси тұрақтылығын анықтайтын фактордың бірі. Ел тұрғындарының 40%-на жуығының қызметі мен тіршілік көзі – ауылдық жер, олардың көпшілігі үшін жер – негізгі өндіріс құралы.
28 Ақпан, 2024
Мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында банк секторындағы негізгі мәселелердің бірі жоғары шоғырлану екенін атап өткен еді. «Сондықтан осы саладағы бәсекелестікті арттыру мақсатында шетелдік сенімді үш банкті елге тарту керек» деді. Содан бері 5 ай өтті.
28 Ақпан, 2024
Жұмыспен қамтудың жауапкершілігі
Былтыр елдегі жастар саны 2 миллионға көбейді. Тәуелсіздік алған жылдардан бері туу көрсеткіші де айтарлықтай өскен. Германияның «Фредрих Эберт» қорының мамандары әлеуметтік зерттеу жүргізіп, Қазақстан халқының басым бөлігі жастар деген пікір білдірді. Мұны Ұлттық статистика бюросы ұсынған дерек те растайды. Яғни республикада 14-35 жас аралығындағы азаматтар халықтың шамамен 30 пайызын құрайды. Ал ел ертеңіне бағытталған саясат қалай жүзеге асырылып жатыр? Сындарлы көзқарас қалыптасқан ба?
28 Ақпан, 2024