Редакция таңдауы
Талдықорғанда тұрмыстық химия өндіретін шағын зауыт іске қосылды. Тәулігіне 10 тонна өнім шығару мүмкіндігі бар цех қаланы күнделікті тұрмысқа қажет сұйық ұнтақтармен толық қамтамасыз етуге қауқарлы. Кәсіпкер бұл бизнесіне 50 млн теңге инвестиция салған. Қазір шағын кәсіпорынның жұмысын Қытай мамандарымен бірлесе жандандырып жатыр. Ендігі мақсаты – өнімдерді үлкен нарыққа шығару.
19 Ақпан, 2024
Арманы – Google-ге қызметке тұру
Елімізде цифрлық даму үдерісі өріс алып келеді. Әсіресе осы салаға бет бұрған жастардың қарасы көп. Цифрлық технологияны жетік меңгеріп, IT-дің қыр-сырын білетін өрендер бар. Соның бірі – Әмір Сятов. Ол 14 жасында-ақ ай сайын цифрлық сала арқылы 400 мың теңге тауып отыр.
19 Ақпан, 2024
Алыс ауылдардағы, қаладағы мұқтаждарға, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға дәрі-дәрмекті енді дрон тасымақ. Оның ерекшелігі жедел жеткізетінінде болып тұр. Мұндай жағдайға ғылымның жаңалығы, отандық ғалымдарымыздың жетістігі жеткізбек.
19 Ақпан, 2024
Арқада ақпанның ақтүтегі азынап тұрған осы күндерде Көкше жерінен жеткен суық хабар арқаға аяздай батты – айтулы аудармашы, қоғам қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ғосман Төлеғұл жасы жетпістің төртеуінен жаңа аса бергенде өмірден өтіпті.
19 Ақпан, 2024
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, хабарлайды Egemen.kz.
19 Ақпан, 2024
«Майқайыңалтын» кен орны жұмысын тоқтатты
Бүгіннен, яғни 19 ақпаннан бастап «Майқайыңалтын» кен байыту фабрикасы жұмысын тоқтатты. Бұған қордағы алтын рудасының таусылғаны себеп болды, деп хабарлайды Egemen.kz Qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап.
19 Ақпан, 2024
Колледж студенттерінің шәкіртақысы өседі
2023 жылдың қыркүйегінде 250 мың колледж студентінің шәкіртақысы 50%-ға өсті. Биыл қатары 300 мыңға жуықтаған студенттің стипендиясы тағы 50 пайызға артады, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 Ақпан, 2024
Үлбі өзенін ластаған ірі компания 50 млн теңге айыппұл арқалады
Үлбі өзенінің ластануына байланысты тергеу ісі аяқталды. Тексеру нәтижесінде «Қазцинк» ЖШС Риддер тау-кен байыту кешеніне 50 млн теңге айыппұл салынды, деп жазады Egemen.kz.
19 Ақпан, 2024
«Отау» бағдарламасы іске қосылады
Елімізде 1 наурыздан бастап жаңа ипотекалық бағдарлама басталады. Бұрын көпшілікке 9-20-25 деген атаумен таныс бағдарлама енді «Отау» атауымен жүзеге асырылмақ. 1 наурыздан бастап 30 сәуірге дейін азаматтар Баспана маркет (otbasybank.kz) порталында бағдарламаға қатысуға өтінішін жолдай алады.
19 Ақпан, 2024
Елдегі ескі көлік иелері алаңдап отыр. Экологтер полицейлермен бірлесіп рейд жүргізбек. Мақсат – түрлі көліктерден бөлінетін газ мөлшерін тексеру. Егер ауаны бүлдіру көрсеткіші нормадан асса, пайдалану құқы шектеледі. Мемлекеттік нөмірі қоса алынады.
19 Ақпан, 2024
Колледж студенті «Umit» чат-ботын жасады. Чат-бот қала тұрғындарын әлеуметтік жағынан қолдау бағытында қолға алынған. Көмекші құралдың қолданылу аясын кеңейтіп, болашақта ел көлемінде нарыққа шығару жоспарланып отыр.
19 Ақпан, 2024
Қайбір жылдары білім ошақтарына мыңдаған мұғалім жетіспейді деген ақпарат жиі тарап жататын. Енді, міне, білім ордасын басқаратын директор табу мұңға айнала бастаған секілді. Жамбыл облысында елуден аса мектеп басшысыз отыр.
19 Ақпан, 2024
Ауғанстан мәселесі: Бірлескен жұмыс қажет
Бішкекте Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының, ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілерінің Ауғанстан мәселесі бойынша алтыншы өңірлік диалогі өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты.
18 Ақпан, 2024
Басың ауырып, балтырың сыздаса, ем-дом іздеп баратының кім? Жаның шырқырап, кеудең қысып, ұйқың қашып, ақылың адасқанда аласұрып тағы да іздейтінің кім еді? Әрине, дәрігер. Дәрігерліктің бастауы – тамырыңды ұстайтын, жүрек қағысыңды бірінші болып тыңдайтын терапевт.
18 Ақпан, 2024
Алматы облысындағы колледждерге тиесілі жатақханалардың көпшілігінің сапасы сын көтермейді. Бірінде интернет қосылмаса, енді бірінде студенттердің ескірген көрпе-жастық жастанып жатқаны жанға батады.
18 Ақпан, 2024
Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай Астана медицина университетінде интернационалдық борышын өтеу барысында қаза тапқан отандастарымызды еске алуға арналған кеш өтті.
18 Ақпан, 2024
Ұлт руханиятының елеулі ұстындары болады. Сол ұстындардың бірі – сан ғасырлық тарихы бар қасиетті қазақ әдебиеті. Ал қазақ әдебиетінің алтын діңгектері – Абай, Жамбыл, Махамбет. Бірнеше мыңжылдықтардан тамыр тартатын ұлттық поэзиямызды, яғни түркілік поэзияны халық ауыз әдебиетін, фольклорды, ұлан-ғайыр жыраулық мұрамызды аттап өтіп әңгіме ету мүмкін емес...
18 Ақпан, 2024
Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі Мәдина Файзиеваның «Астана опера» театрындағы өнер сапары басталды. Классик композитор С.Рахманиновтың 150 жылдық мерейтойына арналған концерттік бағдарламасын музыкант өткен аптада фортепианолық музыкаға арналған жеке шығармашылығынан бастаса, ал 20 ақпан күні өтетін «Романспен кездесу» вокалдық музыка кешінде өзбекстандық мейман елімізге танымал отандық опера әншілері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, «Астана операның» жетекші солисі Бибігүл Жанұзақ және танымал баритон Азамат Жылтыркөзовпен бірге өнер көрсетеді.
18 Ақпан, 2024
Боранда жолда қалғандар құтқарылды
Абай облысының Жарма және Көкпекті аудандарының аралығындағы әйгілі Байбура асуында 100 шамалы көлік ауа райының қолайсыздығынан жолда қалғанын Egemen.kz бұған дейін де хабарлаған еді.
18 Ақпан, 2024
Абай облысында төтенше жағдай жарияланды
Абай облысында биіктігі 80 см-ге жететіндей қалың қар жауып, облыстың бір өңірінде табиғи төтенше жағдай режимі енгізілді. Республикалық маңызы бар жолдарда қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Ақпан, 2024