Жәдігер • 10 Сәуір, 2024

Ең үлкен Құран

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемдегі ең үлкен Құран Кәрім нұсқасының бірін Үндістандағы құсни хатшы Мәулана Жәміл Ахмад дайындап шықты. Ұзындығы 3,2 метр, ені 2,3 метр кітаптың көшірмесін жасауға шебер екі жыл уақытын жұмсаған екен.

Ең үлкен Құран

Шебердің айтуынша, бұл ой оған елге деген махаббаттан келген. «Ең үлкен Құран Кәрім нұсқасын дайындау арқылы мен 200 млн мұсылман тұра­тын Отанымыздың тұғырын биік­тетуді мақсат тұттым», дейді ол.

Иә, нақышкерлікке асқан ыждағат, толайым төзім керек. Қасиетті кітапты осындай үлкен көлемде жасап шығу шебердің отанпәруар көңілінен туып отырғаны белгілі. Осы орайда хакімдер қалдырған мына хикметтің ойға оралып отырғаны: «Жаратушының адам­затқа жіберген екі Құраны бар. Бірі – хатқа түскен кәдімгі Құран. Ал екіншісі – табиғаттың сыры мен құпиясы. Анығында ең үлкен Құран – осы».